15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тренинг сабақ , тақырыбы "Жақсы көңіл - күй жан азығы"
«
Ақыл
ойы дамуында кемістігі бар балаларға
арналған арнайы мектеп – интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тренинг
9 сынып
Психолог: Айтбанова Б.К.
Тренинг: «Жақсы көңіл күй жан азығы»
Мақсаты: Оқушыларға эмоция және сезім адамның айналасындағы өмір шындығына тигізер әсері туралы түсінік беру және эмоциямен сезімдерді қалай басқаруға болатынын үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі.
«Интонациямен бір – бірімен амандасу» сәлемдесу.
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек
Көңілді болып жүрейік, - өлең жолдарынан нені аңғаруға болады? Не туралы айтылған? (Көңіл күй, күлкі яғни эмоция жайында екен балалар).
Оқушылар дөңгеленіп отырғызылады, есімдерін кім қойғанын, сені еркелеткенде қалай атайды? Еркелеткен есім саған ұнайма? (балалардың жауаптары толық алынады).
Бүгінгі тренингтен не күтесің?
Ашықтық,
Қуаныш
Әртүрлі ақпараттар алу.
(жеке-жеке сұрау)
Оқушыларды тренинг ережесімен таныстыру.
Бірі-бірін тыңдау
Уақытты үнемдеу
Белсенділік таныту
Достық қарым –қатынас
Жағымды эмоция тудыру
«Еске түсіру».
Қазір сендердің тек еркін отыруларыңды сұраймын.Енді көзімізді жұмып, музыканың ырғағымен өздеріңнің көңіл күйлеріңе әсер еткен ең соңғы оқиғаларыңның бірін еске түсіріп көріңдер. Енді көзімізді жайлап ашып, егер қуанышты сәттерді есімізге түсірсек алдымыздағы қызыл шаршыны көрсетеміз, егерде нашар сәттерді есімізге түсірсек көк шаршыны көрсетеміз. Еске түскен сәттерімізбен ортаға салып бөлісуге болады.
Негізгі бөлім
Балалар бүгінгі тренингіміз эмоцияға байланысты болғандықтан «Эмоция» жаттығуын бірге жасап көрейік және эмоциямызды көрсете отырайық.
«Эмоция» жаттығуы
Шаршадым «Ух» дедім.
Ренжідім «Тууух» дедім.
Қорықтым «Ой» дедім
Өкіндім «Ах» дедім
Шарасыз «Ех» дедім
Таңырқап «О» дедім.
Кейідім «И» дедім
Біліп ап «Е» дедім.
Қуанып «ха-ха-ха» дедім.
Ауырғанда «ааа» дедім.
Жарайсыңдар балалар, осындай жақсы көңіл күймен бүгінгі тренингімізді бастайық.
Бүгінгі көңіл күйіміз қандай екен?
(Балалардың жауаптары)
Олай болса балалар сендердің көңіл күйлеріңді білу мақсатында мен сендерге 1. «Ауа райы» тапсырма. Тапсырманы бірге орындайық. Ауа райында қандай құбылыстар болады?
Ашық, бұлтты күн, жауыннан кейінгі ашылып келе жатқан күн. Қазір партаға отырып музыканың ырғағымен өз көңіл күйімізді ауа райының суретін салу арқылы білдіреміз және ол туралы әңгімелеп береміз.
Балалар сендер білесіңдер ме біз әр түрліміз көзіміз,шаш үлгіміз бірдей, бірақ бір жағдайда бәріміз бірдейміз, көңілді болғанда күлеміз, көңілсіз болғанда жылаймыз, ол адамдардың жан дүниесін бейнелейді екен.
Балалар эмоцияның екі түрі болады: жағымды эмоция жағымсыз эмоция. Олай болса болса балалар жағымды эмоцияны атап өтейікші: қуану, күлу, келісу, жылы сөйлеу.
Жағымсыз эмоцияларды атап өтейік: ренжу, ұрсысу, өкпелету, қайғыру және т.б. Жарайсыңдар балалар.
2. «Менің эмоцияларым» жаттығуы.
Мақсаты: Өз эмоцияларын орындап, дәл жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
Керекті құралдар: адамның эмоциялары жазылған карточкалар «қайғы-бет, қуаныш-ерін, кербездік-оң қол,мақтаншақ-арқа, үрей-аяқ, таңдану-қас».
Ендеше мен сендерге қазір эмоциялар бейнеленген суреттер көрсетемін. Сендер оның жағымды жағымсыз екенін айтып оны өзің жасап көрсетуің керек. Мысалы: қуанып тұрған бала, сен сол балаға ұқсап қуанған сәтіңді көрсетші, кәне! Жаттығу осылай жалғасады.
Керемет балалар.
Талдау:Эмоция дегенді қалай түсінесің?
Адам өміріндегі эмоцияның рөлі қандай?
3. «Себебі» тапсырмасы.
Енді балалар, аспанда ілініп тұрған бұлттарда жазылған мәтінді оқып, ары қарай өз ойларыңмен айтуларың керек.
Мен күн сияқты нұрымды шашып жүргенді ұнатамын. Себебі....
Мен аспан сияқты ашық болып жүргенді ұнатамын. Себебі...
Мен достарымның ортасында көңілді болып жүремін. Себебі...
Мен көңілді әңгімелер айтқанды ұнатамын. Себебі...
Мен үлкен кісілердің көңіліне қарап сөйлеймін. Себебі.....
Мен әрқашан ешкімді ренжіткім келмейді. Себебі....
Балалардан толық жауап алынады.
4. «Сыйлық» жаттығу
Пантомимика арқылы бір-бірімізге сыйлық жасауымыз керек. Дыбысымызды шығармаймыз, тек іс-қимылымызбен қасымыздағы досымызға керемет сыйлық жасауымыз керек. Қарсы тұрған оқушы оның не сыйлағанын айтуы керек. Ойын осылай жалғаса береді. Сонымен қорыта келгенде балалар, бүгінгі тренингіміз не туралы болды?
Әрине көңіл күй.
Балалар біз ашуланғанда не істеуіміз керек? Ендеше мен сендерге мынадай кеңестер айтар едім.
Оқушыларға арналған кеңестер айтылады.
Ішіңнен бірден онға дейін сана.
Жақсы нәрсе туралы ойла.
Достарыңмен бөлісе біл.
Өз көңіл күйіңді суретке түсір.
Қызықты кітап оқы.
Сүйікті ісіңмен айналыс.
Балалар бүгінгі тренингке қатысқандарыңа рахмет. Сау болыңыздар.
Тараз қаласы.
Ақыл ойының дамуындағы кемістігі бар арнайы мектеп-интернаты.
Айтбанова Б.К.
Педагог-психолог

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген