400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг-сабақ. Ата-аналармен жұмыс. Отбасы-жылылық ұясы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг- сабақ.

Ата-аналармен жұмыс.


Тақырыбы: Отбасы-жылылық ұясы

Мақсаты: Бүгінгі таңдағы баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-аналарының ықпалын жетілдіре отырып, жақсы қарым-қатынас орнату.

Міндеттері:  Мектеппен, мұғаліммен ата-аналардың тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының мүмкіндігінше жоғарылауына ықпал ету.

Ресурстар:  Үлестірме қағаздар, ватман,лента,отбасы тақырыбындағы суреттер, маркерлер, слайд және т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық тест.

БАРЫСЫ:

Жүргізуші : Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Отбасы-жылылық ұясы» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі жетістіктері

Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана,сіздерсіздер. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Мектебімізде «Өзін-өзі тану»онкүндігі өткізілуде

Осыған орай ұйымдастырылып отырған шараға қатысқалы отырған ата-аналарымызға ризашылығымызды білдіреміз

1.«Танысу» жаттығуы

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің отбасы туралы қысқаша таныстырып өтеді.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

Топқа бөлу: «Үлгілі»отбасы «Мейірімді» отбасы

Ата-аналар сол тұрған күйлерінде лентаны таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.


3.Психологиялық тест. Стикерлерге 1 -7 саны жапсырылады.

Өздері таңдап алады




  1. Салфеткамен жұмыс.

Столға әдемілеп қою. Енді топ мүшелері композиция жасау.

(Балаларға да өз қолдарынан бұйымдар жасауға бағыт беріп отыру.)



4.Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді. Екі топқа беріледі.

  1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

  2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?

  3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

  4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

  5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

  6. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

  7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

  8. Биыл сіздіңі балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?

5.Постермен жұмыс

«Үлгілі»отбасы «Мейірімді» отбасы

6.Мәтінмен жұмыс.



7.Қорытынды

ӘН: Сенің анаң алтын

Сөзі мен әнін жазған К.Жүсіп

Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді.

Балаларымыздан күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі керек: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.

7. Рефлексия













































I-топ

1.Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар туралы не айтуға болады?








II-топ. 

1.Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай

байланыс болу керек.





  1. «Танысу»жаттығуы

  2. «Лента »арқылы топқа бөлу. «Үлгілі»отбасы «Мейірімді»отбасы

  3. Мәтінмен жұмыс

4.Ой жинақтау

5.Рефлексия;

6.Қорытынды











Тапсырма

1.Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?


2.Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?


3.Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?


4.Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?






















Тапсырма

1.Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?


2.Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?


3.Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?


4.Биыл сіздіңі балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.02.2019
947
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі