Тренинг сабақ Ата-анамен жұмыс бастауыш сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг сабақ Ата-анамен жұмыс бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата - анамен жұмыс жасауды үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Үлгерімі жақсы немесе тәртібі нашар оқушылардың ата-аналарымен жұмыс

Мақсаты:

    Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру; 

Түрі:  топтастыру

Көрнекілігі: карточка,дөңгелектер, нақыл сөздер,«кірпіш тапсырмасы ; қағаз, қалам.

 Жоспар

1.  Тренинг: шаттық шеңбері

2.  Кіріспе сөз: Ата- ананың басты қуанышы бала

3. Үлгерімі жақсы немесе тәртібі нашар оқушылардың ата-аналарымен балаларының сабағы және тәртібі туралы айтып өту.

4.  Қорытынды.

 

 

Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр.

Тренинг: Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бүгінгі кездесуден не күтетінін айтады. Содан кейін ата-аналар топқа бөлінеді.

Ата- ананың басты қуанышы- бала.

Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан –жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым - қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата –ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

 

 2. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

 

Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата-ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

 

 3. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

 

Ал енді қазір сіздермен «Отбасылық махаббат үйі »атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

    Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй  жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңызкерек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгіқасиеттерімен саламыз.Олар: мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу.

Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсыздар, артында тапсырмалар жазылады, соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір-екі минут беріледі.

         

Ойын тапсырмалары;

1.       «Парасатты» кірпіші

Қағазды екі қатарға бөліп ата-аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.

2.      «Достық» кірпіші

    «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?

Мысалы: менің қорғанысым,күтетін жер, отбасылық ұйытқысы

3.       «Махаббат» кірпіші

 Мимика жест арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізесіз

4.  «Тапқырлық» кірпіші

Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

5«Түсінушілік»

 Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі –жақсы көңіл-күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл-күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.

Менің ойымша отбасы - бұл махаббат үйі, ал бала – бақыт.

 Сондықтан ата-ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады.


4. Үлгерімі жақсы немесе тәртібі нашар оқушылардың ата-аналарымен балаларының сабағы және тәртібі туралы айтып өту.


Әрбір ата-ана үйде өз баласының сабағын күнделікті қадағалап отыруы тиіс.

Халқымыз «Ұяда не көрсең, сонны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Сондықтан да өз балаларыңа үлгі-өнеге көрсетіп, оларды жақсы оқып, сапалы білім алуға тырысайық. Өйткені, біздің болашағымыз, еліміздің болашағы перзенттеріміздің қолында.

 Қорытынды: Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуі не берекеліотбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
1240
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі