Материалдар / Тренинг сабақ "Бәріміз бірге!" 4 сынып

Тренинг сабақ "Бәріміз бірге!" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектептің педагог- психологтарына қажет. Достыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. ОСЖБ тапсыратын оқушыларға сенімділік сезімін оятады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2017
2523
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысыҚарақия ауданы"Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі"КММ

















Тақырыбы: "Бәріміз бірге"





Өткізетін: Садақбай Н.А. Сыныбы: 4 "А","Ә","Б" Күні: 25.10.2017ж































2017-2018 оқу жылыТақырыбы: «Бәріміз біргеміз!»Мақсаты: «Дос», «достық» адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.Міндеті:Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру.Айнала қоршаған адамдарғатілеулес, ізгң ниеттерін дамыту.— Мейірімділікке, жауапкершілікке, сезімталдылыққа тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдері: Әңгіме айту, талдау, сұрақ-жауап ойыны.Құрал-жабдықтар: Түрлі-түсті қағаз, ақ қағаз, үнтаспа, слайд, сөздер жазылған плакаттар.Амандасу рәсімі.Олар бір- біріне жүректен шыққан жылы сөздерін арнайды. Балалар шеңберге дөңгеленіп отырып, бір-бірінің қолдарынан ұстап «Мен қандаймын?» сұрағына жауап беріп, жүректі келесі оқушыға жалғастырады. Жануарлар ойыныМақсаты: оқушылардың мәнерлік мінез- құлықтың дамуына әсер етеді, жаттығуға қатысушылардыңбасқалардың әрекетіне зейін салуына, байқағыштыққа сонымен қатар басқаларға түсінікті болатын әрекет жасау жолын іздеуге жетелейді.Ойын шарты: қатысушыларға жануарлардың аты жазылған текшелер беріледі. Барлығы шеңбер бойына жиналып, қолдарындағы жануарлардың бір ғана қимылын салу қажет. Әрқайсысының міндеттері әуен тоқтағанда өз сыңарларын табу қажет. «Кім ең мейірімді?» ойыны (Ситуациялық сұрақ)Сен аулада кішкентай баланың жылаған даусың естідің. Не істер едің?Көшеде қолында ауыр дорбасы әжей келе жатыр. Сенің әрекетің...Досың нашар баға алып қалды. Не істейсің?Аяғы жараланған итті көрдің. Не істер едің?Ата- анаңның қалай еркелеткені ұнайды?«Мейірімділік» ұғымын қалай түсінесің?Досыңның туған күні еді, бірақ оған әкең жібермей қалды. Не істер едің?Досың сабаққа келе алмай үйде ауырып қалды. Сен қайырымды болсаң не істер едің?Сенің мамаң жұмыстан шаршап келді. Қайырымды болсаң не істер едің?Даладан қанаты сынған құс көрдің. Мейірімді болсаң не істер едің?«Жүрек» ойыны(Жүрек бірнеше пішіндерге қиылып бөлінген)Әрбір ойынға қатысушы бала сиқырлы қоржыннан адманың қасиеттерін анықтайтын сөзде жазылған түрлі пішіндер алады. Қайырымды, мейірімді, сабырлы, кешірімді. Соңынан осы пішіндерден үлкен бір бүтін жүрек құрастырылады.Ұлағатты сөздерАдамның ұяты бетінде,Адамгершілігі ниетінде.Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар. (Аристотель)Көңіліңе қарай - дос таңда, күшіңе қарай - жүк таңда. (Жүсіп Баласағұн)Кімнің досы жақсы болады, өзі де жақсы болады. (Ахмет Игүнеки)«Мен жақсы көремін» ойыны.Ойын шарты:Дөнгеленіп тұрған қатысушылар бір-біріне доп лақтырады.Доп кімнің қолына түссе,сол қатысушы кімді жақсы көретінін айтады. Мысалы,мен анамды жақсы көремін.Өйткені,ол менің ең жақын адамым немесе мен Бануды жақсы көремін,өйткені ол ақылды, ,сыпайы т.б.Ойының соңында доп жүргізушінің қолына тиеді.  Топпен ән айту«Дос болайық бәріміз»1.Әрқашан дос, біргеміз,Ажырамас іргеміз.Ілгері жүріңдер,Достық жырын біліңдер.Ту ғып ұстап бірлікті,Еңбектікті сүйіңдер!Қайырмасы:Дос болайық бәріміз,Жарасып тұр әніміз.Тыныштықты сақтаймыз,Атсын күліп таңымыз.2.Қайраттанып қарышта Озып шыққан жарыстаБатыл бас, жас ұлан!Озып шыққан жарыстаЖұлдыздарға, ғарышқа, Бойда күш тасыған.Қайырмасы:Дос болайық бәріміз,Жарасып тұр әніміз.Тыныштықты сақтаймыз,Атсын күліп таңымыз.РефлексияБүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін тақтада үш смайлик берілген, осы смаликтердің ұнағанының қасына стикерді жабыстырамыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ