Материалдар / Тренинг сабақ "Ғажайып қой-бұл өмір !"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг сабақ "Ғажайып қой-бұл өмір !"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ғажайып қой-бұл өмір!" атты тренинг сабақ. Бұл сабақ мектеп психологтарына өте қолайлы. Оқушылардың өмірге деген қызығушылықтарын арттырып, оң көз қарас қалыптастыру мақсатында жасалған сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2018
1532
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғажайып қой- бұл өмір!


Мақсаты: Оқушыларға берілген тақырып бойынша жалпы түсінік беру

Балалардың танымдық процестерін дамыту, әр оқушыны өзін еркін ұстауға баулу. Оқушыларда кездескен проблемаларды дұрыс түсіне білуге, әр оқушы өз-өзіне психологиялық саулықты тілей отырып, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тренинг-сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: пікір алмасу, ой бөлісу

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, бейнеролик, слайд-шоу

Сабақтың болжамдаған нәтижесі: Өмірді бағалай білетін, өз ойын ашық айтатын, ой өрісі кең, иманды, адамгершілігі мол оқушы қалыптастыру.

Сыныбы: 8

Сабақтың барысы


I. Қызығушылықты ояту

Оқушылармен сәлемдесіп, тақырыппен таныстырып, шеңбер бойына тұрып сергіту сәтін жасау.

Кіріспе сөз:

Өмір қатал, көтермейді ойынды,

Ұқпайды да кейде ізгі ойыңды.

Тағдыр жолың жіңішкелеу өмірде,

Жаман аттан аулақ ұста бойыңды.

Күрес, еркем, жамандықпен жасымай,

Күндей нұрлы болу үшін ертеңің,

Төтеп берсін дауылдарға желкенің.

Балалар осы ғажайып өмірдің қадіріне жетіп, бағалай білейік. Өзімізді жақсы қырларымыздан көрсетейік. Өмір дегеніміз – арнасы кең өзен. Сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу – басты міндет. Өмірдің әрбәр сәтін мәнді де, сәнді өткізу керек.

II. Мағынаны ажырату.

1. Ой толғау

Әр топқа: Өмір дегеніміз не? Өмір несімен қымбат? деген сұрақ қойылады. Әр топ сурет арқылы сұрақты қорғап шығады.

2. Мақал- мәтелдерді жалғастыру.

1. Өмірде із қалдыру балалықтан басталады......(Талабы бар еңбекке бас ұрады)

2. Өмірде көп шәкірттің біреуі сіз......(Бірліксіз өсе алмайсыз бір өзіңіз)

3. Өмірін өткізсе үйреніп сабақ......(Ұстазы да, шәкіртіде қуанбақ)

4. Өмір береде біледі.........(ала да біледі)

5. Өмір ойыншықтай арзан емес........(Жаққанын сатып алатын)

6. Өміріңнің өткеніне өкінесің .........(Келеріне бекінесің)


3. Бейнебаян

Бейнебаян арқылы балалар қиындықтың тек бар екендігін ғана емес, оны шешуге болатындығын түсінеді, өз беттерінше дұрыс ой қорытындыларын жасайды.

  1. Бес жолды өлең.

Әр топ «Ғажайып қой-бұл өмір» тақырыбына бір шумақ өлең құрасырады.

5. «Көңіліңді реніш басса, поэзия болсын ақылшың»

Өмір адамдарға қара тасты қасақана тастайды. Оларды жеңу арқылы адамдар атаққа

ілініп, байлыққа кенеледі.

Жемісті күндерің кенет сәтсіздікке душар болғанда, сол сәтте Сен сағыңды сындырып алма, еңсе көтер!


Айтып келмес қиындық әр адамның басына,

Басқа түссе ауыр іс, жарқырай түс жасыма.


Өмір деген тұрады: таң мен кештен,

Ғұмырлы екі араны жанмен кештен.

Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге,

Адамдар Арман келіп, Армен көшкен.

Өмір деген екі өзен: Мұң-қуаныш,

Толқыны:

Шындық-Жалған, Күлкі-Намыс.

Бір таяздап өмірде, бір тереңдеп,

Бір лайланып, өмірде бір тұнамыз.

Күн десең де, тірлікті түн десең де,

Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,

Жолында жолығатын қос тағдыр бар:

Жусан-жантақ, гүл-тікен, гүл мен шеңгел.

Өмір дәмі, екі дәм: ащы-тәтті,

Таңдайыңа тиеді: жұмсақ-қатты.

Жолында жолығатын екі тағдыр,

Күтеді Адам үшін сын сағатты.

Өмір дәмі-екі дәм: улы-усыз,

Тірлік татып жатады шулы-шусыз.

Кез келіп тағдырына келеді Адам,

Жұмыр жер құрлығында сулы-сусыз.

Қолға түспес дүние жұрт таласқан,

Кітап-Өмір парағын құнттап ашқан.

Сезінер жүрегімен, жаныменен,

Өмір әр кез ашық күн, бұлт та басқан.

Оқушылар арасында да өмір жайлы өлең оқитындар болса сұрау.


III. Ой толғаныс

Өмір- арман,

Сол арманға жете біл.

Өмір – жұмбақ,

Сол жұмбақты шеше біл.

Өмір – дауыл,

Сол дауылға қарсы тұр.

Өмір – бақыт,

Қажетпе бақыт өзің біл...

Сені өмірде биік асу күтіп тұр.

«Жылы лебіздер»

Тренингке қатысушылар шеңбер бойына тұрып, шынжыр әдісімен бір-біріне жылы лебіздерін айтып шығады.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!