Материалдар / Тренинг сабақ. Жақсы көңіл-күй – жан азығы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тренинг сабақ. Жақсы көңіл-күй – жан азығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұжымдастық, сыйластық, бір-біріне сенім арту, қарым-қатынасты нығайту,жағымсыз көңіл-күйден арылу,бірлесіп жұмыс жасауға баулу,өзін еркін сезінуге комектесу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2021
739
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жақсы көңіл-күй – жан азығы.

Мақсаты: Ұжымдастық, сыйластық, бір-біріне сенім арту, қарым-қатынасты нығайту,жағымсыз көңіл-күйден арылу,бірлесіп жұмыс жасауға баулу,өзін еркін сезінуге комектесу.

Тренингтің міндеттері:

Білімділік: Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу.

Дамытушылық: Тұлғаның өзін ортада көрсете білуі,өзін бағалай алуға түрлі психологиялық жағдайлардан шығу және өз пікірін ашық айтуға ықпал жасау.

Тәрбиелік: жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып, адамгершілік,сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық, құндылықтарын ұғынуға көмектеседі.

Қатысушылар: Ұстаздар.

Жұмыс түрі: Топтық жұмыс.

Өтілу барысы:

1.«Бір-бірімізбен амандасайық». Көңіл-күйімізді сұрасайық.

2. Молкула жаттығуы

3. Жақсы көңіл-күйдің суретін саламыз.

4. Сілкіну жаттығуы

5. Тренингті қорытындылау, бағалау.

Тренингтің ережелері:

1.Әр қатысушы ойын ашық айтуы керек.

2.Өзгелердің пікірін құрметтеуі керек.

3.Белсенді әрекет ету қажет.

4.Шынайылық.

5.Топтасып жұмыс жасау.







Кіріспе сөз.

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар! Бүгінгі «Жақсы көңіл-күй жан азығы» атты тренингіме қош келдіңіздер. Жақсы көңіл-күй жан азығы демекші жақсы , көңілді жүретін адамдарды жұпар иісті гүлге теңегім келеді. Айналасына жұпар иісін шашып, қасындағы адамдардың да көңіл-күйін көтеруге,қуанышқа, шаттыққа бөлеуге тырысады. Бүгінгі тренингіміздің мақсаты: ортада жағымды ақуал қалыптастыру, көңіл-күйімізді көтеру.

Амандасу жаттығуы.

Жаттығу барысы: Ең алдымен оң жақтағы сосын сол жақтағы көршімізбен құшақтасамыз,амандасамыз. Қарама-қарсы отырған көршімізге бір көзімізді қысып, қалған қатысушыларға бір жымиып қоямыз. Көршіңізден көңіл-күйінің қандай екенін сұрап қойыңыз.

Молекула жаттығуы.

Қатысушылар - атомдар олар үздіксіз әретте болады. Жүргізуші сандар айтып тұрады, атомдар сол сан бойынша топталады. Мысалы: үш дегенде 3 атонан тұратын молекула құралады. Жұпсыз қалған ойыншылар шығарылып отырады.



Керемет көңіл-күйдің суретін саламыз.

Қатысушылар топтарға бөлініп, берілген ақ қағаздарға қалаған суреттерін ақылдаса отырып салады. Салған суреттерін қорғайды. Әр адамның өз ойы-пікірі болады. Біреу үшін жақсы көңіл-күй жарқырап тұрған күн шығар, біреуге өсіп түрған гүл шығар, сол сияқты қатысушылар өз ойларын қағазға түсіреді.

Қажетті заттар: қағаз, желім, түрлі-түсті қағаздар, түрлі-түсті қаламдар.

Сілкіну жаттығуы

Екі алақанымыздан бастап, сіли бастаймыз. Бойымыздағы ашу- ыза, өкпе-реніш, жаман ойлар, жаман энергетикадан, жаман көңіл-күйден арыламыз. Екі қолымызды,иығымызды үстімізді, аяғымызды сілкиміз.



Тренингті қорытындылау, бағалау.

Міне, құрметті әріптестер, « Жақсы көңіл-күй жан шуағы» атты тренингіміз аяқталды. Бұл тренингтен алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер болады. Тенингке өз уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңызға үлкен рахмет!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!