400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг сабақ "Жас мамандарды дарынды балалармен жұмыс жасауға баулу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек көрсету және дарынды оқушылармен тығыз байланыста жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек», - деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай елімізде дарынды балаларды анықтау,оларды демеп ,қолдау көрсету. Еңбектеріңіз жана берсін!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жас мамандарды дарынды балалармен жұмыс жасауға үйрету»

Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және дарынды оқушылармен тығыз байланыста жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

«Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек», - Н.Ә.Назарбаев.

Сабақ тақырыбы: Сыныптағы талантты және дарынды оқушыларды анықтап, жұмыс жүргізу жолдары

Жалпы мақсат:Талантты және дарынды оқушылар жайлы заманауи түсінік беру. Сынып ішінен ерекше қасиетке ие оқушыларды анықтап, олармен жұмыс жүргізудің жолдары жайлы айту.

Сілтеме:Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 51-57-б

Оқу нәтижесі:Талантты және дарынды балалар жайындағы заманауи түсінікті кеңейту. Олардың қажеттілігін анықтауда жағдай туғызу керектігін түсіндіру.

Түйінді идеялар:Талантты және дарынды балалардың мінез – құлқының пайдалы тізімін жасап ұсындық. Видео ролик арқылы мұғалімдерге талантты және дарынды балаларды анықтауына ықпал етеміз.

Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары, видео

Оқыту әдістері:ОүБ және оқуды бағалау

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

1. Диалог 2. Жеке жұмыс 3. Топтық жұмыс

Дерек көздері:Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары

Тапсырмалар:Топтық тапсырмалар, постер қорғау, жеке жұмысқа тапсырмалар, стикер арқылы формативті бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау, рефлексия

Оқуға арналған тапсырма:Мұғалімге арналған нұсқаулық. 51-57-б

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу.

(2 мин) «Жүректен жүрекке»

Мұғалімдер бір-бірінің қолдарын ұстап тұрып, бүгінгі күндері сәтті өту үшін тілек арнайды. Біреуінің айтқанын, екіншісі қайталамауы керек.

2.Топтық жұмыс (5 мин)

Сандар арқылы бөлу. Өздері таңдаған сандар бойынша топтарға бөлінеді.

3.Мұғалімдерге талантты және дарынды балаларды анықтау үшін іс әрекет ұйымдастыру

«Қағазды умаждау»

А- 4 парағын оң қолға ұстап умаждайды, содан кейін сол қолымен оны ашып түзетеді. (Мақсатымыз: сол қолымен қағазды түзету қандай қиын болса, баланың бойындағы дарындылықты ашу сондай қиын екенін түсіну.)

4.«Мінсіз оқушы» сипаттамасын жазу.Талантты және дарынды оқушының бойындағы қасиеттерін аша білу.

«Мінсіз оқушы» сипаттамасын топтастырып жазады. (10 мин)

5.Видео ролик арқылы талантты және дарынды балалардың өнерін көрсетіп, мұғалімдерге бағыт–бағдар береміз.

Дарынды”, “талантты” ұғымдарына қандай түсінік бере аласыз?

«Венн диаграммасын құру» арқылы жүзеге асады.Әр топ өз пікірін дәлелдейді.

Талантты және дарынды балаларды анықтай отырып, олардың ұқсастықтарын, айырмашылықтарын білу

6.Сергіту сәті «Ескі сағаттың сыры» (3 мин) логикалық тапсырма (Сағаттың бетін 6 - бөлікке бөліп,екі санды қосқанда бірдей бір сан шығуы керек)

7.Топтық жұмыс: (20 мин)Топ мүшелері талантты және дарынды балаларды анықтайды. «Ой шақыру» «Дарынды және талантты балалар мен жұмыс кезіндегі кедергінің шығу жолдары» Постер қорғау. Әр топ постерлерін қорғайды.

8.Дарынды және талантты балалар мен жұмыс кезінде кездесетін кедергілер.

1.Сіздің дарынды немесе көшбасшы оқушыңыз мұғаліммен ерегісіп қалды делік, сіз бұл жағдаяттан қалай шығасыз?

3.Дарынды оқушыңыз облыс олимпиадасынан 1- орынға лайықты,бірақ бұл орынды басқа оқушыға бұйырды. Оқушының сіздің пәніңізге деген қызығушылығын жоғалтып алмау үшін сіз не істер едіңіз? Жеке жауаптар тыңдалады.

9.Сауалнама жүргізу. Сауалнаманы толтырады.

Кері байланыс (3 мин )

«Хаттар ұяшығы»

Стикер қағаздар таратылады. Оған сабақтың әр бөлімінің ұнаған, ұнамаған тұстарын жазып, хаттар ұяшығына салу.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі