400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг-сабақ: "Келісіп пішкен тон келте болмас" 9-11-сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тренинг мемлекеттік емтиханға, ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындауға арналған. Бұл тренинг аудандық семинарда өткізілген. Тренинг ата-аналар мен оқушыларды біріктіріп өткізілді. Сондай-ақ қатысып отырған қонақтар да тренингке тартылады. Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңіне қажетті оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын, сенімділігін арттыруын,баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнатуын, баланың ҰБТ-ға дайындығына ата-ана тарапынан болатын көмекті жан-жақты талқылай отырып, ата-анаға психологиялық көмек беруін қамтамасыз етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балғын орта мектебі» КММ

Мектеп психологы: Айнагуль Насимоллиновна Садыкова

Қиындыққа дайын бол,

Жақсылықтан үміттен!

Н. Ә. Назарбаев.



Тренинг сабақ:

Келісіп пішкен тон келте болмас...

Мақсаты: Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңіне қажетті оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын, сенімділігін арттыру. Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Баланың ҰБТ-ге дайындығына ата-ана тарапынан болатын көмекті жан-жақты талқылай отырып, ата-анаға психологиялық көмек беру.

Әдістер: тренинг-сабақ, ойын әдістері, топтық пікірталас.

Міндеттер:

  1. Стресске қарсы тұруын арттыру.

  2. Сенімділік мінез-құлық дағдысын арттыру.

  3. Эмоциялық ерік-сферасын дамыту.

  4. Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенім білдіру.

  5. Ішкі резервтерін тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.

Жоспар:

  1. Сәлемдесу «Қанеки, амандасайық» ( 3мин)

  2. «Жақсы адам бейнесі» жаттығуы (5мин)

  3. «Суреттегі ой» жаттығуы (8 мин)

  4. «Менің пікірім» жағдаяттарды шешу (8 мин)

  5. «Ауаға толған шар » жаттығуы (3 мин)

  6. «Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы 10мин

  7. Ата-аналарға«Еңбек ағашы» , оқушыларға «Сатылар» жаттығулары (3мин)

  8. «Біздің сыныптың жүрегі» (5 мин)

  1. «Қанеки, амандасайық»

Мақсаты: өзара қарым-қатынастың жайлылық жағдайын құру. Сонымен бірге бүгінгі семинарымыз ата-аналармен жұмыс болғандықтан ата-аналар мен мұғалімдердің арасында да пайдалануға болады.
Шарты: Қатысушылар психологтың дабылы бойынша бөлмеде шашырап жүреді. Жүрген кезде бір-бірімен амандасады. Психологтың шапалағы білдіреді: бір рет-бастарың изеумен; екі рет-қолды ұстап; үш рет- иықтарымен; төрт рет –арқаларымен.

  1. «Жақсы адам бейнесі» жаттығуы

Шарты: Сандықша ішінде ең жақсы, ашық, білімді, өз мамандығының шебері, оқу озаты болған, белсенді адамның суреті бар. Ол кімнің суреті деп ойлайсыңдар? Көрмес бұрын барлықтарыңыз көздеріңізді жұмасыздар.Сандықшаны алған адам ғана көзін ашады. Көргенін ешкімге айтпайды. Сандықшаның ішінде айна бар, қараған адам өз бейнесін көреді.

Талдау: Көргенімен келіспейтін адам бар ма? Өз бейнелеріңізді көргенде қандай сезімде болдыңыздар?

  1. «Суреттегі ой» жаттығуы

Шарты: Екі топқа екі- екіден сурет салынған үлестірме беріледі.

Ата-аналар тобына: ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан және жарқын шуағын төккен күн астында әр ұлттың үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.

Оқушылар тобына: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ және Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.

  1. «Менің пікірім» жаттығуы

Шарты: Әр топ жағдаяттар шешеді. Ата-аналар тобы оқушылар рөлінде, оқушылар тобы ата-аналар рөлінде болады. «Оқушылар» «ата-аналарға» әр түрлі оқушы өміріндегі жағдаяттарды шешуге ұсынады. «Ата-аналар» шешімін табу керек.



  1. «Ауаға толған шар » жаттығуы



Мақсаты: қобалжуды тоқтату техникасымен таныстыру. Өзіңнің қорыққаныңды, қобалжығаныңды сезген кезде осы жаттығуды үш-төрт рет қайталап істесең жеңілдеп қаласың.

Шарты: Ыңғайланып отырып көздерін жұмады. Бірқалыпты және терең дем алады. «Біз қазір дем алу арқылы қобалжудан құтылу жолын үйренеміз. Енді ақырын, терең ішке ауа жұтамыз. Ішімізде шар бар деп ойлайық та оны әбден жел толғанша үрлейік.Үрленгенін сезінеміз. Дем алысымызды тоқтатамыз да, ішімізден беске дейін асықпай санап шығамыз. Бәрінен соң ақырын, салмақпен желді шығарамыз. Осылай бес- аты рет қайталап істейміз де, көзімізді ақырын ашып,1-2 мин тыныштықта отырамыз.»

  1. «Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы

Шарты: Қатысушыларға «Менің отбасым қазір және болашақта» тақырыбына екі жоба жасау ұсынылады.

2 топ та осы тақырыпқа ватман қағазға сурет салу құралдарымен жоба жасайды. Жоба жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстарымен топтағыларды таныстырып,оны қорғайды.

Қонақтарға: «ҰБТ–ға дайындық кезіндегі психологтың рөлі » жобасын жасауға беріліп, қорғалады.

  1. Ата-аналарға«Еңбек ағашы», оқушыларға «Сатылар» жаттығулары

«Еңбек ағашы». Қазір сіздерге (ата-аналарға) үш түрлі қағаз қиындылары таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларыңызды жазып , әрқайсысын өз орнына ілесіздер.

  • Бұтақтарға - Ата-ана қандай болу керек?

  • Жапырақтарға- Ата-ананың түпкі мақсат- мұраты.

  • Гүлдер – Мұғалім еңбегінің нәтижесі

  • Жемістер- шәкірт қандай болуы керек?

«Сатылар» оқушыларға үлестірме қағаздар таратылып беріледі.

Оқушылар үлестірме қағаздағы тапсырмаларды орындап, оны оқып береді.

  • Ертеңгі күнгі алға қойған мақсатың

  • Үш күннен кейінгі мақсатың

  • Бір айдан кейінгі мақсатың

  • Үш айдан кейінгі мақсатың

  • Бір жылдан кейінгі мақсатың

  • Екі жылдан кейінгі мақсатың



Қонақтарға:

«Еңбек ағашы».

  • Бұтақтарға - Психолог қандай болу керек?

  • Жапырақтарға- Психологтың түпкі мақсат- мұраты.

  • Гүлдер – Психолог еңбегінің нәтижесі

  • Жемістер- шәкірт қандай болуы керек?



  1. «Біздің сыныптың жүрегі» жаттығуы

 Мына ілініп тұрған ақ жүрек. Кеңпейіл, ақкөңіл адамды біз ақ жүрек екен дейміз. Осы жүрекке өмір берейік.Тілекті кімге арнайсың, атын жаз, әрі тілегің қысқа болсын.

Ата-аналар мен қонақтарға да осындай тапсырма.

Қорытынды:

Міне , балалар, біз бүгін ҰБТ- ға психологиялық тұрғыдан дайындық жайлы айттық. Елбасы «Қазақстанның болашағы білімді ұрпағында» десе, Мағжан ақын «Мен жастарға сенемін» депті. Ендеше алдағы үлкен сынақтан әрқайсыңа сүрінбей өтуге , пәк жүректі, ақ ниетті ата-анаңның сенім артар азаматы мен азаматшасы болады деп мен де сенім білдіремін. Ал, құрметті қонақтар, ата-аналар, бүгінгі тренинг-сабағымыз осымен аяқталды. Сіздерге алғысымды білдіре отырып, жолдарыңыз ылғи да ашық, осы қиын да қызықты бала тәрбиесі ісінде жетістік тілеймін.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.05.2018
944
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі