Қарақия
ауданы
«Мұнайшы
ауылының №5 орта
мектебі»КММ
Тренинг
Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың,
еңбегі де жемісті»
Өткізетін: Абуова
А.А.
Күні:
09.01.2018ж.
Қатысушылар:
мұғалімдер
2018-2019 оқу
жылы
Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың,
еңбегі де жемісті»
Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық
көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу,
өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната
білу.
Тренинг сабақ
құрылымы:
«Жылулық құшағы»
жаттығуы
Әдістеме «Менің
мінезім»
«Мен-үйде» және
«Мен-жұмыста» жаттығуы
«Ыстық картоп»
жаттығуы
Релаксациялық жаттығу
«Сарқырама»
«Балалық шақтан қызықты
оқиға» жаттығуы
«Жұбыңды тап»
жаттығуы
«Сиқырлы қобдиша»
жаттығуы
Қорытынды «Алма жемісі»
жаттығуы
Тренинг барысы:
Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық
тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық
көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық
қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға,
бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке
ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Топтағы қағида:
1.
Белсенділікті арттыру
2.
Бірігіп жұмыс істеу
3.
Бір-біріне кедергі келтірмеу
4.
Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
5.
Өзіңе пайдалы нәрсені алу
6.
Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу
7.
Өзін еркін ұстауға үйрену
«Жылулық
құшағы» жаттығуы
Мақсаты: әріптестерге жылулық
сыйлау, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп
жұмыс жасауға оң бағытталу.
Әдістеме: «Менің мінезім»
Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға
деген қабілеттерін анықтау.
Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны
төртке бөледі.
Әр
бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып
шығады.
Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық,
Қаз, Аққу, Қарлығаш,
Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл,
Қоян, Тауешкі, Тасбақа,
Жылан, Балық.
Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының
арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған
жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен
танысады.
Жауабы:
1.
Түйе- шыдамды
2.
Жылқы- тектілік
3.
Сиыр- өкпелегіш
4.
Қой- жайдарлылық
5.
Ешкі- ұйымдастырушылық
6.
Ит- адалдық
7.
Мысық- биөрісі басым адамдар
8.
Тауық- шығармашыл
9.
Қаз- тазалық
10.
Аққу- сезімтал
11.
Қарлығаш- бауырмал
12.
Үйрек- ұқыптылық
13.
Бұлбұл- әнді жақсы көретін
14.
Арыстан- қайратты
15.
Қасқыр- жігерлі
16.
Түлкі- бейімделгіш
17.
Маймыл- әртістік қабілеті бар
18.
Қоян- елгезек
19.
Тауешкі- талғамы жоғары
20.
Тасбақа- мейірімді
21.
Жылан- салқынқанды
22.
Балық- еркіндікті қалайды
Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу
қиын болды ма?
«Мен – үйде» және «Мен – жұмыста»
жаттығуы (10
минут)
Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер.
Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста»
деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен
жүріс -тұрыстарыңызды жазыңыздар.
Талқылау:
1.
Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың
ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды
жасаңыз.
2.
Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу
болды?
3.
Не себепті айырмашылықтар болады?
4.
Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек пе?
Неге?
«Ыстық картоп» ойыны
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін
көтеру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала
дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап,
ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар
ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде
ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып,
жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс.
Сұрақтар:
Бүгінгі көңіл-күйіңіз
қандай?
Сіздің
сүйікті тағамыңыз?
Сіздің
хоббиіңіз?
Спорттың қай түрін
ұнатасыз?
Қандай киім үлгісін
ұнатасыз?
Жылдың қай мезгілін
ұнатасыз?
Не үшін?
Қай
түсті ұнатасыз?
Жылдың ең қысқа айы?
Кактус гүліне ұқсайтын жәндік?
Сүйікті әніңіз?
«А»
дыбысынан басталатын бес затты атаңыз?
Сізге
ұнайтын кино?
Сүйікті әншіңіз?
«Сарқырама»
жаттығуы (музыка)
Мақсаты: қатысушылардың
өздерін сергек сезінуіне көмектеседі.
«Жайланып отырыңыз және
көзіңізді жұмыңыз. 2 – 3 рет деміңізді шығарыңыз, дем алыңыз.
Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл
басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама. Судың орнына бұл
сарқырамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы
сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан
сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз...
Сіздің маңдайыңыз, аузыңыз, бетіңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ
ұлпа жарықты сезініңіз... Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан
ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы , сергек сезінуіңізге
көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің арқаңыздағы
ауыртпалықты алып кеткендей болады... Сонымен қатар жарық сіздің
қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып
жатыр.Сіз өзіңіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі
сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз бен
өкшеңізден ағып кетіп жатқанын сезіндіңіз. Бұл жарық сіздің
денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ
әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз
жағымды күштер мен қуаттарға баюда.»
«Балалық шақтан қызықты
оқиға»
Мақсаты:эмпатияны
дамыту.
Нұсқаулық:«Сіздердің алдыңызда
қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде
«Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол
мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын
айтып береді.
Талдау:
Өздеріңізді қалай
сезінудесіз?
«Жұбыңды тап»
жаттығуы: Қағазға жасырылған нәрсені
мимика арқылы түсіндіріп, жұбын табу.
Қатысушылар 2 топ болып
бөлінеді. Тапсырмалар: жігіт пен қыз, ине мен жіп, қолшатыр мен
жаңбыр, ана мен бала, нан мен май т.б.
«Сиқырлы қобдиша»
жаттығуы: Қобдишаны бір-біріңіздің
қолдарыңызға кезектесіп бересіздер, қобдишаны алған адам оны ашып
ішіне қарайды. Оның ішінде сіздерге арналған сиқырлы сөйлем бар.
/Қобдишаға жазылған сөйлем «Сіз – ғажап
адамсыз»
Талдау:
- Сиқырлы сөйлемді оқығаннан
кейінгі әсеріңіз?
- Қобдишаның ішінен қандай
құпия күттіңіз?
- Демек, біз, сіз, әрбір адам
өз алдына керемет ғажап жандар екен.
Психолог:
Қиындықтан сірәда біз
қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты
ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан
құстаймыз.
Шегінбейміз жеңістерге
бастаймыз – дей отырып, мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг
сабақты аяқтауға рұқсат етіңіздер. Мұғалімдер бүгінгі тренингтерден
алған әсерлерімен бөліседі.