Материалдар / тренинг сабақ "Мамандық-өмір таңдауы" 10 сынып

тренинг сабақ "Мамандық-өмір таңдауы" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру. Жаңа мамандықтар туралы ақпараттар тарату.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ақтөбе қаласы «№74 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-сі






























Тренинг сабақ








Өткізген: әлеуметтік педагог Ж.А.Елекеева









2025 жыл, қаңтар

«МАМАНДЫҚ-ӨМІР ТАҢДАУЫ» тренинг сабақ

10 сынып


Тақырыбы: МАМАНДЫҚ – ӨМІР ТАҢДАУЫ

Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Әдісі: тренингтер, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс


І. Кіріспе.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.

(мұғалім өзін таныстырады)

(бүгінгі тренинг сабағымызды бастамас бұрын сіздермен танысып алайын)

1. Тренинг. «Сенің ерекше қабілетің»

Сіздермен танысу және жақсы көңіл-күй қалыптастыру үшін сіздерге доп лақтырамын, қағып алған оқушы өзінің атын және бір бойындағы қабілетін айтады. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі.


ІІ. Негізгі бөлім

Жүргізуші: Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі. Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен.  

Мамандық дегеніміз не?

Мамандықты меңгеру үшін не қажет?

Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

Қандай жаңа мамандық түрлерін білесіңдер?

Жойылып кету қауіпі бар қандай мамандықтар бар?

Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

 

«Жаңа мамандықтармен танысу» (экранға жаңа мамандық атауы беріледі оқушылар сол мамандыққа сәйкес анықтамасын табу қажет)

КОУЧЕР – коучинг төңірегінде дау көп. Біреу мұны тек ақша қулығы деп есептесе, енді біреу коучинг болашақтың кәсібі екеніне сенімді. Кімдікі дұрыс? Оны анықтап көрейік. Коучер – бұл клиенттерге шынайы мақсаттарды табуға, оларға тезірек және тиімдірек қол жеткізуге және әртүрлі салаларда өмір сапасын жақсартуға көмектесетін маман. Коуч бизнес-кеңесші немесе тәлімгер сияқты дайын кеңес бермейді, психолог сияқты адамның өткеніне үңілмейді. Оның міндеті – клиентке оның сұранысын оңтайлы шешетін жолдарды табуға көмектесу, оның ішкі әлеуетін ашу және сонымен бірге жетістікке жетуге мотивация беру.

ЛОГИСТИК - жүк тасымалын қадағалайтын маман; Логистиканың міндеттері: Жеткізу жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру Жүкті жеткізуге барлық мүмкін болатын шығындарды қысқарту Тауарды жеткізу, тиеу және түсіру, жолаушыларды тасымалдау маршруттарын құру Процесті басқару және экспедиторларды, жүргізушілерді, тиегіштерді бақылау Қызметкерлердің табелін жүргізу, есептер құрастыру, көліктік құжаттамаларды рәсімдеу Қызметкерлерді қабылдау немесе жұмыстан шығару Жеткізушілермен, клиенттермен және қызметкерлермен байланыс

ПРОМОУТЕР - компанияның өнімді сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкілі; Промоутер-тауарды (промоушенді), жеке тұлғаның немесе нақты фирманың (тауар белгісінің) қызметтерін нарыққа жылжыту мақсатында мақсатты жарнамамен (промоушенмен) айналысатын жеке тұлға немесе тұлғалар тобы.

МЭППИНГ-РЕЖИССЕР (mapping-режиссер) – лазерлік шоудың «сиқыршысы». Компьютерлік бағдарламалар, жабдықтар мен 3D mapping (мэппинг) технологиясының көмегімен бұл маман барлық лазерлік шоуларды жасай отырып, кез-келген бетке (автомобильдер, ғимараттар, интерьер заттары немесе жасанды түрде жасалған көлемді құрылымдар) бейне мазмұнын жобалайды.

ВЕБ-МАСТЕР - сайт жасаумен шұғылданатын маман; Вебмастер (ағылш. webmaster)-веб-сайттар мен вебқосымшаларды әзірлеумен айналысады. Бір маман бағдарламашы, әкімші, дизайнер, мазмұн менеджері, оптимизатор сияқты мамандардың білімін біріктіреді.

СТРИНГЕР - ол белгілі бір БАҚ-ның штаттан тыс видео, фотооператоры. Қауіпті аумақтарға барып, қажетті сурет, видеоларды түсіріп, редакцияға жібереді. Бір қызығы бұл қызметпен кез келген адам айналыса алады екен. Стрингерлер қарапайым журналистердің кіруге құқығы жоқ жерді түсіреді, олар барлық кедергілерді жеңе алады, олардың жұмысы ештеңемен шектелмейді. Стрингер - бұл кәсіптің ресми атауы емес, кәсіби жаргон. Жұмыс көлемін штаттан тыс журналистер өздері таңдайды. Олардың жалақысы тұрақсыз және бірнеше факторларға байланысты: материалдың бірегейлігі, есептің ұзақтығы, қауіптілік деңгейі, қамтылған оқиғаның маңыздылығы

ЖЕЛІЛІК ДӘРІГЕР – ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жетік меңгерген, онлайн түрде диагноз қоя алатын жоғары деңгейлі диагнозшы. Негізгі мақсаты – ауруды алдын-ала тексеру және қауіпті болдырмау. Мұндай дәрігерлер қашықтықтан диспансерлеу жұмыстары және диагностикалық құрылғылар мен медициналық порталдардың мәліметтерін өңдеу орталықтарында қызмет ете алады. Қазірдің өзінде онлайн медициналық қызметтер бар, ал болашақтағы гаджеттердің өзі-ақ науқас туралы мәліметтерді дәрігерге жібереді. Алдағы уақытта қашықтықтан диагноз қойып, ем жүргізу сенімді қызмет түріне айналмақ.

СИТИ-ФЕРМЕР. Жобалар әзірлеу, ірі қалалардың үйлері мен ғимараттарының төбесінде агроөнеркәсіптік шаруашылықтарды дамыту және оларға қызмет көрсету жөніндегі маман. Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына жағдай жасайтын мұндай орталық қызметі алғаш рет Сингапурда іске қосылған. Тәжірибені Оңтүстік Корея, Қытай, БАӘ, АҚШ, Франция елдері енгізбек

БРЕНД-МЕНЕДЖЕР - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман; Лауазым атауы бренд сөзінен шыққан. Батыста олар бастапқыда зауыттық стигма деп атады, бұл тауарды белгілі бір өндіруші шығарғанын растады. Бірте-бірте сөздің мағынасы кеңейе түсті. Бренд менеджері брендті жан-жақты басқарады, бір брендпен сатылатын барлық өнімдер бойынша маркетинг мәселелерімен айналысады. Ол маркетингтік зерттеулер жүргізеді, санатты талдайды, жарнама стратегиясы мен сату стратегиясы туралы ойлайды, дистрибуциямен, баға белгілеумен, әртүрлі қаржылық мәселелермен айналысады.

ТЕХНО-СТИЛИСТ - бұл өте қолайлы және функциональды өнімдер жасай отырып, киім мен гаджеттерді біріктіретін маман. Математиканы, қоғамды, сондай-ақ дизайнды ұнататын үміткерлер Техно-стилист бола алады. Тұрмыстық немесе жұмыс киімдерін әртүрлі гаджеттермен ықпалдастыру адамның өмірін ыңғайлы, қауіпсіз және қызықты етуге мүмкіндік береді. Мұндай заттарды тек ойын-сауық және сұлулық салаларында ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіптік, қорғаныс кешендерінде, медицина, білім беру саласында да қолдануға болады. Сондықтан техно-стилистің қызметі қазіргі қоғамның дамуында маңызды. Гаджеттермен толықтырылған киім қазірдің өзінде бар, ол жаппай сатып алушылар үшін қол жетімді: - бір-бірінен қашықтықта орналасқан әуесқойларға виртуалды жанасуды сезінуге мүмкіндік беретін жұптасқан футболкалар; - медиа денсаулығы туралы ақпаратты оқып, SOS сигналын беруге мүмкіндік беретін Чип татуировкасы. Компьютермен, смартфонмен, ноутбукпен және басқа гаджеттермен біріктірілген; т.б.


«Болашақ мамандық» тренді

(жасанды интеллект арқылы оқушыны болашақта белгілі бір мамандық иесі ретінде көрсету)

(осы мамандықта болашақта өздеріңізді көресізбе, ойы қандай сұрау)



 «Мамандық қасиеттері» тренингі                                                          

Нұсқауы. Мен белгілі бір мамандықтарды атаймын, ал тренингке қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажет қасиеттерді тез арада атап беруі керек.


Мысалы жүргізуші: «мұғалім» мамандығын айтса, қатысушылар: салмақты, әдепті, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол, т.с.с. Сонымен: «зергер», «мүсінші», «прокурор», «әнші», «дәрігер» т.б.


«Мамандық пазлдары»

(суреттерден мамандық түрлері картинасын құрастыру)


«Тізбек» ойыны 

Нұсқауы. Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Бірінші топ бір мамандықтың

атын айтады, келесі топ сол мамандықтың соңғы әріпінен басталатын тағы бір

мамандықтың атын айтулары керек. Оқушылар тоқтап қалмайынша жалғаса

береді. Мысалы: Бухгалтер – режиссер – ревизор – радиотехник – конструктор


Талдау:

Бүгінгі мамандыққа арналған тренинг сабағымыздан не алдыңыз?  Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, жақсы және кемшіліктері туралы ойландыратын жағдай болды ма? Жалпы өз ойыңыз бен тілегінізді мына түрлі түсті қағазға жазып берсеңіз.


 























ЖИ арқылы жасау
27 Қаңтар 2025
295
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі