Тренинг сабақ: "Мен мамандық әлеміндемін" 9-11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг сабақ: "Мен мамандық әлеміндемін" 9-11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг сабақ: "Мен мамандық әлеміндемін" 9-11 сынып Оқушыларға мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында өткізілетін тренинг-сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен мамандық әлеміндемін»

(тренинг-сабақ)

Мақсаты: Оқушыларды мамандық таңдаудың негізгі әдіс-тәсілдерімен таныстыру; Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға көмектесу; Кәсіптік бағдар беру, баланың білім алу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал жасау.

Көрнекілік: Үлестірмелі түрлі-түсті қағаздардан қиылған алма бейнесі, слайдтар, бәйтерек бейнесі, сұрақтар бетшесі.

Қатысушылар: 9-11 сынып оқушылары

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу жаттығуы: Ер балалар итальяндықтар секілді қатты құшақтасады, ал қыздар бір-біріне иық түйістіріп амандасады Психолог тренингтің мақсаты мен тапсырмаларын жариялайды.

Мамандық таңдау өте жауапты және маңызды іс. Өйткені, мамандықты дұрыс таңдаған азамат рухани құндылықтарға ие болып, әртүрлі адамдармен араласуға үйренеді. Және бұл олардың мінезінің қалыптасуына әсер етеді.

Қандай мамандық таңдаса да адамға қажетті нәрсе: өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығын, қабілетін, ойын есте сақтауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу. Себебі адам өзі туралы білген соң мамандық әлемімен танысады, сол мамандықтағы мүмкіндігін, өзінің сол маманға сай екендігін бағамдайды. Өзінің ата-анасының, бабаларының мамандығын таңдау. Мұндай жағдайды мамандықтың отбасында ұрпақтан ұрпаққа берілуі дәстүрлі болғанда ғана таңдауға болады.

Адамның өз мамандығына деген қарым-қатынасы негізінен өз ісіне деген сүйіспеншіліктен басталады.

Болашақ мамандық таңдау кезінде үлкендердің көмегі қажет. Бірақ соңғы шешімді өздері қабылдаған жөн.

ІІ. Негізгі бөлім: Еліміздің ең сәулетті ғимараты – Бәйтерек бейнесі. Алайда ғимарат толық емес. Бейнені толық құрастру үшін оқушылар мына сұрақтарға жауап беруі керек. Берілген жауаптар арқылы Бәйтеректің толық бейнесін құрастырамыз.

Сұрақтар:

  • Сендер болашақ мамандықтарыңды таңдадыңдар ма? Қандай мамандықты таңдадыңдар?

  • Таңдаған мамандықтарың жөнінде не білесіңдер және өзіндік ерекшелігі қандай?

  • Бұл мамандық заман талабына сай ма және еңбек нарығындағы қажеттілігі неде?

  • Таңдауға не әсер етті?

  • Егер оған ата-анаң қарсы болса не істейсің?

  • Оқуыңды аяқтаған соң жұмысқа кірісер кезде ата-анаң саған одан гөрі еңбек ақысы жоғары қызмет ұсынса қайтесіңдер?

  • Таңдаған мамандықтарың бойынша мамандармен кездесіп кеңес сұрасып, пікір алыстыңдар ма?

  • Бұл мамандықты еңбек ақысына қарап таңдадың ба, әлде қызықтың ба?

  • Таңдаған мамандықтарыңды ата-аналарың қолдай ма, әлде басқа мамандық туралы көп айта ма?

Балалар сұрақтарға жауап беріп, әрқайсысы өз пікірін айтады және жауаптарына сәйкес Бәйтерек үрмектеріне орналастырамыз.

ІІІ. Оқушылардың пікірін жеткізу: «Егер мен сиқыршы болсам…» Бәйтеректің келесі бейнесін орналастыру үшін балалар өз идеяларымен сырласа отырып хат жазады. Оған 10 минут уақыт беріледі. Бұл арқылы оқушылар өз жүректері қалаған, көңілдері сүйетін, ісінен үлгі алатын өз идеяларының рухымен тілдесіп, жан сырларына бір қадам болса да жақындай түседі.

ІV. «Алақан» жаттығуы: Балалар алақанының контурын қағазға түсіріп, ортасына өз есімдерін жазып қояды да жанындағы оқушыға жалғап жібереді. Қалған оқушылар алақандағы есімі жазылған балаға қандай мамандық сәйкес келетінін саусақтарына жазуы тиіс. Осылайша алақан иесіне қайтып келгенше жалғасады. Достарының жазған пікірі жөнінде не ойлайтынын әрбір оқушы тұрып талдайды.

V. Сергіту жаттығуы: Оқушылар шеңбер жасап тұра қалады. Психолог кез-келген мамандықты айтады. Оқушылар үндемей сол мамандыққа сәйкес келетін оқушыны саусақтарымен көрсетеді. Содан кейін неге олай ойлайтындарын түсіндіреді.

Айтылатын мамандықтар: заңгер, сәулетші, мұғалім, полиция қызметкері, ұшқыш, археолог, мал дәрігері, автомеханик, актер, дәрігер, құрылысшы, аспазшы, аудармашы, есепші, тігінші, хореограф т.б.

VІ. «Мен досымды мақтан тұтамын» жаттығуы: Оқушыларға түрлі түсті қағаздан қиылған алмаларға өз жолдастарына арналған тілектер жазып, «Тілек ағашына» жапсыру ұсынылады. Әр оқушының тілегі, жылы лебізі осы сабақтың қорытындысы ретінде көрсетіледі.

Қорытынды: Тренинг-сабақтан алған әсерлерімен бөлісу. Сұлулық пен биіктікке мәңгілік ұмтылысты бейнелеген Бәйтерек ғимаратын осылайша тұрғызып, сабақты қорытындылаймыз. Елбасы айтқандай, «Бұл біздің бақытты болашағымыздың символы» болып табылады. Сіздер де осы бәйтерек ағашындай болыңыздар, тамырларыңызды кеңге жайып, алған білімдеріңізбен сусындап, берік діңгегі сияқты мықты да берік болып, жасыл жапырағы секілді әсем де көрікті болыңыздар



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.00.2022
960
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі