Тақырыбы: Оқушының кілті
мұғалімде
Мақсаты: Мұғалімнің оқушыны бақылап,
жүрегіне жол таба білу және жеке тұлға ретінде сыйластықпен
бағалап, көңіл бөлу керектігіне көңіл
аудартуын арттыру.
Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың
ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін
дамыту.
Мұғалімнің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу
жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын
арттыру.
Түрі: Психологиялық тренинг сағаты
Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мимика мен түсіндіру,опликация,
ой бөлісу және пікір алмасу.
Көрнекілігі: Плакаттар, маркерлер, компьютер, интерактивті тақта,
жүрекше, смайликтер, қобдиша, А4,А3
Тренинг ережесі:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіме пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу.
7. Өзімді еркін ұстауға үйрену
Тренир сөзі: Сәлеметсіздерме, ұлағатты ұстаздар! Бүгін
сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы
шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен
қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған
«Оқушының кілті
мұғалімде» тренинг сағатына ұйымшылдықпен қатысуға
шақырамын.
«Шаттық шеңбер» қатысушылардың бәрін еңберге шақырамыз.
«Амандасу тренингі» қол шапалақтау
Топқа
бөлу. Суреттен нені байқадыңыз?
(Психологиялық тест)
Cуретке қарап, ойланбастан
ненің бейнесін байқағаныңызды айтыңыз. Соған байланысты сіздің
мінезіңізді анықтауға болады. Көрген суретіңізге сәйкес сипаттаманы
оқып, өзіңіз жайлы жаңа сырлар ашыңыз.
Сонымен бұл суреттен сіз мына бейнелерді байқай
аласыз:
АЙ
Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса
мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта
саласыз. Кез келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап,
әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс
болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын
түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз.
АҚ ТҮСТІ
КЕЛБЕТ
Ай емес, адамның ақ түсті бетін байқаған кісінің қиялы жақсы
дамыған. Сіз күнделікті үйреншікті шаруаларға креативті қарап, әр
күніңізді түрліше өткізуге тырысасыз. Есесіне шаршататын бірсарынды
жұмыстан қашасыз.
ҚАРА ТҮСТІ
КЕЛБЕТ
Бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден
суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға
деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің
барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды
бірінші орынға қоятын жансыз.
«Менің жақсы қасиеттерім»
мұғалімдер берілген параққа өз қасиеттерін
жазады.
«Суреттегі ой» жаттығуы:
экраннан 3 топқа бөлінген суреттер көрсетіледі.
Тренер сөзі: экрандағы суреттерге байланысты әр топ өз ойларын
түсінгендрін айтып ой бөліседі.
1тапсырма: ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте
орналасқан.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік.Бұл бала
алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата-анасымен
біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен
салыстыруға болады.
2-тапсырма: Жарқын шуағын төккен күн шуағының астында әр ұлттың үш
баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың
жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн
сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді.
3-тапсырма: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты бейнелеу.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Біз сұқ саусағымызбен өзгені көретіп тұрғанда өзге
үш саусағымызбен өзімізді көрсетекенімізді аңғара бермейміз. Ендеше
біз әлдекімді кінәләғанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы
жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік
. сіздердің жауаптарыңызда керемет болды, рахмет! Енді, арнайы
сіздерге тағы бір сурет көрсетіледі бұл тапсырманы 3 топта орындау
керек.
4-тапсырма: Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар жарығы сөнбеген бір
үй бейнеленген
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымындаған жұлдыздар,
ел ұйқыда бірақ ояу бір кісі бар. Ол- мұғлім. Ол қанша жыл ұстаз
болғанымен, жұмыста да, үйдеде, ертеңгі сабағына үлкен
жауапкершілікпен дайындалып келеді. Құрметті әріптестер менімен
келісесіздерме? Керемет, жарайсыздар!
«Бейнежазба» көрсету
«Еңбек ағашы »жаттығуы: қазір
сіздерге үш түрлі қағаз қиындысы таратылып беріледі. Сол қағазға өз
ойларыңызды жазып әр қайсысың өз орнына ілесіздр.
- бұталарға- мұғалім қандай болу керек?
- Жапырақтарға- мұғлімнің түпкі мақсат-мұраты
- Гүлдер- мұғалім еңбегінің нәтижесі
- Жемістер- шәкірт қандай болу керек?
Мұғалімдер ойы:
Тренер сөзі: Міне , сіздер «Еңбек ағашын» құрастырып шығардыңыздар.
Сіздің еңбектеріңіздің жемісі осы емеспе? Керемет, өте тамаша!
Рахмет!
«Жағдаят шешу»
«Жан жүрек жылуы»
Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды,
біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы
сөзі.Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге
қайырымды болайық.