Материалдар / Тренинг сабақ: Сенімділік күш береді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг сабақ: Сенімділік күш береді

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектеп психологттарына арналған.11 сынып оқушыларын ҰБТ ге дайындауда қажет материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2019
957
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарақия ауданы

«Мұнайшы ауылының №5 орта мектебі»КММ







Shape1

Тренинг









Тақырыбы: Сенімділік күш береді











Жауапты: Абуова А.А.

Сыныбы: 11 «А,Ә»

Күні: 15.01.2019ж.









2018-2019 оқу жылы

Тренинг тақырыбы: Сенімділік күш береді.

Мақсаты: оқушылардың ҰБТ-ге дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру.

Тренингтің ережесі:

Белсенді қатысу

Тыныштық сақтау

Бірін-бірі тыңдау

Ойын ашық айту

Бір-бірін сынамау

Ынтымақтылық

Тренингтің барысы:

Психолог:Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдіршін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айтпақшы Талаптыға нұр жауар! деген емес пе? Бақтарың жансын.

«Амандасамыз»

Жаттығу барысы: қазір біз өте тез қимылдайтын ойын ойнаймыз.

Ең алдымен барлығымыз бөлме ішінде үнсіз қалыпта қозғалысқа түсеміз. Мен шапалақ соғу арқылы белгі берген кезде өте шапшаң қимылмен бір-бірлеріңізбен амандасуларыңыз қажет. Қалай амандасу керек екенін мен айтып тұрамын. Әр кезде әр түрлі адаммен амандасу қажет. Ендеше бастайық, көзбен амандасу, қолмен…, саусақпен.., арқамен.

Жаттығу “Ақ парақтың екі бөлігі”

Мақсаты: Жағымды және жағымсыз жақтарды анықтау, жағымды қасиетті дамыту.

-

Жағымсыз қасиеттер

+

Жағымды қасиеттер

Мамандықты тап” ойыны

Қағазда мамандықтар тізімі жазылған.Соны алып оқып, ешкімге көрсетпейміз.Сол мамандықты ым-ишара, қимыл-қозғалыс арқылы топқа жеткіземіз.

«Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы

Мақсаты: Оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру.

Ал енді жұлдызды аспанды көз алдыңызға елестетіңіз. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық немесе күңгірт. Біреуіңіз үшін ол бір немесе бірнеше жұлдыз. Олар бірде жақындайды, бірде алыстайды. Жұлдыздарға анықтап қарап өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол сіздің балалық арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге қуаныш бақыт, сәттілік серпіліс сәттерін есіңізге түсіретін болар. Тағы да сол жұлдызыңызды тамашалап енді бар күшіңізді салып сол жұлдызға қолыңызды созыңыз және міндетті түрде сол жұлдызыңызға қол жеткізіңіз. Аспаннан мұқият түсіріп алып, ептеп алдыңызға қойыңыз, қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз. Енді қағаз қаламдарыңызды алып сол жұлдыздың суретін салыңыз. Сіздің әрқайсыңыздың әдемі жұлдызыңыз сізге мейірімділік, достық өзара көмек қолдау сәулесін шашып турады. Енді жұлдыздарыңызды арман картасын жасап соған орналастырасыздар. Арман картасына ҰБТ-дан қанша балл жинайсыз, алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз, соны жазасыз. Арман карталарыңыз өте әдемі болуы керек.

«Сағат тілі» жаттығуы

Нұсқау: қатысушыларға сағаттың суреті бинеленген қағаздар таратылып беріледі. Қатысушылар психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері қалаған қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған соң, психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді: Мысалы:

13-14 аралығы – амандасу

15-16 аралығы – күлімдеу

17-18 аралығы - комплимент айту

19-20 аралығы – басынан сипау

21-22 аралығы – қол алып амандасу

23-00 аралығы – мимика арқылы сыйлық сыйлау

«Дыбыстық гимнастика»

Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартадыЕ – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтедіИ –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартадыО –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіредіХ- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседіХа – ха – көңіл күйді көтереді.

«Шынын айтсам...» жаттығуы

Шынын айтсам, келе жатқан тест жайлы ойласам...

Шынын айтсам, тестке дайындалғанда мен ...

Шынын айтсам, үйге келгенде мен..

Шынын айтсам, қобалжығанда...

Шынын айтсам, ойларымды жинақтай алмаған кезде..

Шынын айтсам, алда келер тесттен ата-аналарымның қобалжуларын ойласам...

Жаттығу жасап жаттығайық!

Мақсаты: Қатысушылардың бір-біріне деген сенімділіктері арта түсуі үшін.

Нұсқау: Жағдай оқылады. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған әрекетті орындауыңыз қажет.

· Егер үлкен туған ағаң болса, үш рет шапалақта.

· Кімнің бойы 1.65 ұзын болса, «Кинг Конг» деп айқайласын.

· Кімнің бойы 1.65 қысқа болса, «Алақай деп айқайласын.

· Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішсе ішін сипасын.

· Балмұздақты жақсы көретіндер, тоңып тұрғандай іс-әрекет жасасын.

· Иттерді жақсы көретіндер үрсін.

· Мысықтарды жақсы көретіндер «Мяу!» деп үш рет айтсын.

· Ата-анасының жалғыз балалары қолдарын көтерсін.

· Кофеге сүт және қант қосып ішетіндер орындарында тұрып айналсын.

· Тәтті торт жегенді жақсы көретіндер екі қолын бірдей көтеріп, күлсін.

· ҰБТ тапсыруға қорықпайтындар «Алға!» деп айқайласын.

· Өздеріне сенімсіздер «Көмек қажет» деп айтсын.

· Осы тренингке қатысқандарына қуанатындар «Қуаныштымын!» деп бес рет айтсын.

Түлектерге аффирмация

Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).

Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.

Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.

Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.

Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.

Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді.

Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.

Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.

Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.

Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.

Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

Қорытынды сөз: Міне тренинг сағатымызда аяқталып қалды.

Талмасын қанат, сөнбесін үміт,

Армандар алға жалғансын.

Соқса да дауыл, өрт болып өмір

Қанаттар балғын талмасын.

Жандары қаламайтын аласаны,

Өрендер алда талай бел асады,

Әлемге туған халқын танытатын ,

Шәкірттер –еліміздің болашағы!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!