Маңғыстау
облысы
Қарақия
ауданы
«Мұнайшы ауылының №5 орта
мектебі»КММ
Тақырыбы: «
Өзіңе сен! Сен ҰБТ-де жеңіске
жетесің!»
Өткізетін: Абуова
А.А.
Сыныбы: 11
«А,Ә»
2017-2018 оқу
жылы
Тақырыбы: « Өзіңе сен! Сен ҰБТ-де
жеңіске жетесің!»
Мақсаты: оқушылардың ҰБТ тапсыратын пәндерден жоғары балл жинауға деген
сенімділік қасиетін қалыптастыру.
Тренингтің
барысы:
Психолог: Құрметті мектеп түлектері, сіздер
Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер
кеше ғана бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін
дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен
алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп
тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе,
соның бағы жанады. Халқымыз айтпақшы «Талаптыға нұр жауар!» деген
емес пе? Бақтарың жансын.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында
жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға
мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба
жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына
өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз
керек» деп ескерткен болатын.
Тренингтің
кезеңдері.
1.Топқа
бөлу
1-топ.Құлпынай
2-топ.Алма
3-топ.Банан
2.Тыныштық
сәті
«Теңізге
саяхат» релаксациялық
жаттығу.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды
түсіруге бағытталған, музыкамен
орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді
жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап
бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай
сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және
алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан
және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға
соғылып, қайтадан кейін
қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға
қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз
бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз.
Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды
шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып
жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің
аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды
бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел
сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің
денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек
дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты
сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз
келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны
істеуге рұқсат
етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз
тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған
ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай
ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не
сезіндіңіз?
«Жылдамдық» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың жылдамдық реакциясын
дамыту.
Нұсқау: мен сіздерге жылдам сөздер тобын оқимын,
сіздер мұқият тыңдап әр сөздің 2-әрпін
жазасыздар.
Бастаймыз!
Ес,
сезім, анықтау, білек, емен, адамгершілік, кітап, үлкен, білім,
екі.
С е
н і м д і л і к сөзіне түсініктеме беру.
Сенімділік адамның бойынан табылатын жақсы қасиет
болып саналады
Сенім адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес
қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі.
«Танысу»
жаттығуы
Қатысушы өзінің атын және
сүйікті ісін (хобби) айтады.Топтың әрбір қатысушысы мұқият тыңдауы
қажет.Себебі, 2-ші ойыншы 1-ші ойыншының атын және сүйікті ісін
қайталап айтуы қажет.Ойын осылай
жалғасады.
«Үйсіз қалған
қоян» жаттығуы
Мақсаты: есте сақтау қабілетін,
жылдамдықты анықтайды.
Оқушылар айтылған қасиеттерге
байланысты орындарын ауыстырып отырады.
Постер
қорғау
1-топ.Бейнероликтен не түсіндіңіз?Соны постер арқылы
жеткіземіз.
2-топ.Алдыңызда берілген аңыз-әңгімеден түсінгендеріңізді
сыныпқа постер арқылы
жеткізу.
3-топ. Шығармашылық жұмыс. «Визитка»
жаттығуы.
Барлық қатысушыларға қағаз, фломастер,қарындаштар
пайдалану арқылы визитка дайындау тапсырылады. Онда келесідей
мәліметтер болуы керек:
Аты
– жөні (толық)
_____________________________
-
Өзің туралы естігің келетін 3 сөз
_______________
-
Менің
жетістіктерім__________________________
-
Маған ыңғайлы, өзімді жайлы сезінетін
жер______
-
Маған ыңғайсыз, өзімді жайсыз сезінетін жер
____
-
Менің өмірлік
ұстанымым_____________________
-
Таңдаған мамандығымда мені қызықтыратыны
__
-
Мені алаңдататын жағдайлар
________________
«Бұзық телефон» жаттығуы
Жаттығуға 8 оқушы қатысады. Қатысушылардың 7-і
сыртқа шыға тұруын өтініп, іштегі 8–ші қатысушыға: «Бүгін бізге
таңертең телефонограмма келіп түсті. Телефонограмма мәтінін (текст)
мен үш қайыра саған оқимын. Сен мұқият тыңдап ал. Себебі оны сен
келесі ойыншыға жеткізуің керек».
Мәтін: «Бүгін старостаға сынып жетекшісі Білім
департаментінде шаруалары бітпеуіне байланысты кешігіп келуі туралы
ескертті. Бірақ ол сағат 17-00 –дің шамасында педсоветке келуі
керек. Егер кешігіп жатсам, завучке сол күннің сабақтарын
ауыстыруын өтінуі туралы ескертуін старостаға
мәлімдеген».
Жүргізуші үш қайыра оқып, сырттағы бір ойыншыны
кіргізіп, мәтінді тыңдаған қатысушыға телефонограмма мәтінін
жеткізуді сұрайды. Сөйтіп ол телефонограмма мәтінін сырттағы келесі
қатысуға жеткізуге тиіс. Ең соңында 8-ші қатысуға келгенде мәтін
мазмұны өзгереді. Содан ең басындағы мәтінді қабылдаған қатысушыға
ең соңғы қабылдаған қатысушы мәлімдейді. Жүргізуші ең бастапқы
қатысушыға оған оқылған мәтін мазмұнын барлығына айтуды
сұрайды.
«Мамандықты тап»
ойыны
Қағазда мамандықтар тізімі
жазылған.Соны алып, оқып, ешкімге көрсетпейміз.Сол мамандықты
ым-ишара, қимыл-қозғалыс арқылы топқа
жеткіземіз.
«Атомдар»
жаттығуы
Мақсаты: оқушылар есте сақтау
қабілеттерін анықтау.
Жүргізілуі қатысушылардың
барлығы кабинетте емін-еркін жүреді.Ал жүргізуші атомдар төртеу
дегенде, төрт төрттен бөлінеміз.Артық оқушылар ойыннан шығады.Ойын
осылай жалғасады.
Топпен ән
айту
Топпен ән айту кезінде
оқушылар Қайрат Нұртастың орындауындағы «Жаса Қазақстан» әнін
орындайды.Біздің мемлекетіміздің туын желбірететін сіздерсіздер,
сондықтан жалаушаларды ұстап осы әнді бірге
шырқайық.
Рефлексия
Тақтадан гүлдің суреті ілініп
тұр.Осы гүл біздің өміріміз десек, онда көбелектер өмірімізге келіп
қонатын сенімділік қасиеті.Олай болса, бүгінгі тренингтен алған
әсерлеріңізді қолымыздағы көбелек стикерлерге жазып, тақтаға
жабыстырамыз.