400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

тренинг-сабақ "Сенімідлік күш береді", 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал психологтер өз тәжірбиесіңде қолдана алады. Бұл тренинг -сабақ оқушыларды ойын-жаттығулар арқылы 5-сыныпқа даярлау, оқушы көзқарасын қалыптастыруға, қабілетін тануға көмектесуге,мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыруға, оқу-танымдық қабілеттерін арттыруға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп

Тақырып: «Сенімділік күш береді»

Сынып: 4 «А»

Психолог: Сукбаева З.Х.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, тілегін білдіру, жаттығулар т.б.

Құралдар: Суреттер, слайд, әңгіме т.б.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ойын-жаттығулар арқылы 5-сыныпқа даярлау, оқушы көзқарасын қалыптастыру, қабілетін тануға көмектесу,мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру.

Ереже

Белсенді қатысу

Тыныштық сақтау

Бірін-бірі тыңдау

Ойын ашық айту

Бір-бірін сынамау

Ынтымақтылық

Өтілу барысы:

  1. Тренинг: Амандасу!

  2. Жаттығу «Сыныптастарым, мен сендерге сенемін»

  3. «Джунглиядағы жаңбыр» жаттығуы

  4. «Көңіл-күй» жаттығуы

  5. Жаттығу Қоштасу рәсімі «Шүйде жіп»


  1. Тренинг: «Амандасу»

Шеңберге тұрып, Оң жақтағы көршімен йықпен, Сол жақтаңы көршімен тіземен

амандасамыз.


  1. Жаттығу «Сыныптастарым, мен сендерге сенемін»

Мақсаты: сынып ішінде бір-біріне деген сенімділікті арттыру.

Нұсқау: Барлық оқушы ортаға шығады. Арасынан 1еуі шығып «Сыныптастарым, мен сендерге сенемін»- деп артқа қарап шалқадан құлау керек, және сыныптастары оны жерге құлатпай артынан демеп ұстап алулары керек. Барлық оқушы құлап шыққанша қайталанады.

Талдау: 1. Жаттығуды орындау қиын болды ма, әлде жеңіл ме?

2. Сыныптастарыңа сенім арта алдың ба?


  1. «Джунглиядағы жаңбыр» жаттығуы

Мақсаты: иық, мойын, омыртқалардағы, бұлшық ет қатаюынан арылту, босаңсыту.

Нұсқау: Қанекей, бір-бірініңбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылдар да жылдам бола түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып күшейді. Сосын ақ жауын жауды,саусақтармен жеңіл түрде қағасыз. Міне, нөсер басталды., саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз. Нөсер үдей түсті, барлық саусақтармен қатты қағасыз. Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Ал енді 180градусқа айналып ойынды жалғастырыңыздар.

Талдау: Осы массаждан кейін өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?

Жағымды болды ма?

Өз сезім күйлеріңізбен бөлісіңіздер.


  1. «Көңіл-күй» жаттығуы

Менің алдымда билеттер жатыр, топқа   билет беріледі. Билеттің ішіндегі сөзді оқып, сол кейіпке еніп көрсетесіздер, қарсы топ тауып айту.

Сабақта ұялып тұрған бала, екі алып жылап тұрған бала, мұғалімге ренжіп тұрған бала, «5» алып қуанып тұрған бала, мақтанып тұрған бала.

-Әр түрлі жануарлардың бейнесін салу.

-Үнемі сабаққа кешігіп келесін (матеметика,қазақ тілі,ағылшын,тарих)



  1. Жаттығу Қоштасу рәсімі «Шүйде жіп»

Нұсқау: Құрметті оқушылар! Қазір сіздер менің қолымда тұрған шүйде жіпті көріп тұрсыздар. Қазір осы жіпті біз бір – бірімізге жылы сөзбен, тілекпен береміз. Жіп барлық қатысушыларды айналып шыққаннан кейін мынадай сұрақ қойылады.

Мына жіпті немен салыстыруға болады. (өмір)

Ал қазір егер осы жіптің басы мен аяғын туаып көрсек ші, ол не деп ойлайсыңдар? (өтіп жатқан өмір)

Ал егер де осы жіпті бір – біріне шатастырып жіберсе не болады? Сол үшін естең шығармайық өз өміріміз өз қолымызда. Жақсы жолды да, жаман жолды да біз өзіміз таңдаймыз

Рефлексия

Сұрақтар:

1.Бүгінгі кездесу сізге не берді?

2.Несімен ұнаған жоқ?

3.Тілегіңіз?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
16.02.2018
4396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі