400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг сабақ Тақырыбы: "Қарым-қатынас жасай білесіз бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг - сабақ ұстаздарға қарым-қатынасты нығайтуға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебі












Тренинг тақырыбы:


«Қарым-қатынас жасай білесіз бе?



Педагог - психолог: Раимбекова Зарина Нургалиевна











Ақбастау ауылы

Тренинг тақырыбы:«Қарым-қатынас жасай білесіз бе?


Мақсаты: Мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз

көңіл-күйден арылу, күш – қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу. Ұжым арасында байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін-бірі кеңірек танып білуге, көңіл – күйлерін көтеру.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, ойын.


Қажетті көрнекі құрал-жабдықтар: А4 қағаздары, шарлар, кішкентай доп,

көбелек кескіні


Тренинг жоспары:1. «Танысу» жаттығуы

2. «Жақын танысайық» жаттығуы

3. «Құбыр» жаттығуы

4. «Кім жылдам» ойыны

5. «Біз біргеміз» жаттығуы

6. «Жүректен шыққан жылы сөз» жаттығуы



I.Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу рәсімін жүргізу;

2. Шеңбер бойымен отырғызу;

3. Тренинг тақырыбы және тренинг ережесімен таныстыру.


Психолог: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар! Бүгін сіздермен психологиялық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым – қатынаста болуға жиналып отырмыз. Тренингке қош келдіңіздер.

Қатысушыларды тренинг ережесімен таныстыру.

1.Бір-бірінің сөзін бөлмеу;

2. Уақытты үнемдеу

3. Белсенділік таныту

4. Жағымды эмоцияны тудыру;


1. «Танысу» жаттығуы

Психолог: Біз әрине бір-бірімізді танимыз, бірақ бүгін өзіміздің атымыздың алғашқы әрпінен басталатын жақсы қасиетімізді атымызға қоса отыра амандасамыз


2. «Жақын танысайық» жаттығуы

Мақсаты:Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру және белсенділікке баулу.

Жүргізілуі:Қатысушыларды тренер командасы бойынша сапқа тұрғызамыз.

  1. Жасымыз бойынша сапқа тұрамыз

  2. Атымыздың алфавиттік реті бойынша сапқа тұрамыз

  3. Аяқ киіміміздің өлшемі бойынша

  4. Салмағымыз бойынша сапқа тұрамыз


3. «Құбыр» жаттығуы

Мақсаты:Топты біріктіру, топтағы қарым–қатынасты нығайту,көшбасшылық қасиеттерін арттыру

Жүргізілуі: Қатысушыларға А4 қағазы беріледі. Қағазды астау кейпінде ұстау қажет. Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәрізді иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған сәтте нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Құбырды үзіп алмай допты өткізіп, ыдысқа түсіру қажет. Доп ортадан түсіп кеткен жағдайда ойын қайта басталады.


Талдау: Ойын-жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.


4. «Кім жылдам» ойыны

Мақсаты:Қатысушылардың белсенділікке баулу, топта бір-біріне кедергі келтірмей жұмыс жасауды сезіндіру, көңіл-күйлерін көтеру.

Жүргізілуі: Қатысушыларға шар беріледі. Қатысушылар шарды үрлеп, аузын байлайды. Одан кейін А4 парақтары үлестіріледі. Шарды түсірмей жоғары лақтыра отырып қолдарындағы қағаздан нұсқаушы көрсеткен үлгіні жырту арқылы жасап шығарулары қажет.


Талдау: ойын соңында талдау жүргізіледі


5. «Біз біргеміз» жаттығуы

Мақсаты: Ұйымшылдықты қалыптастыру, бір-бірін тыңдауға, біріге жұмыс жасауға баулу.

Жүргізілуі:Параққа дайын сызылған жүрекше ішіндегі лабиринттен бірігіп жол тауып шығу тапсырылады.


6.«Жүректен шыққан жылы сөз» жаттығуы

Қатысушылар шеңберге тұрып, кезекпен бір-біріне жақсы тілектер айтады


Қорытынды: Соңында психолог барлық қатысушыларға тренингке қатысқандары үшін алғыс айтып, сәттілік пен жақсы көңіл-күй тілейді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.04.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12