400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг-сабақ тақырыбы:"Арайлап атсын әр таңым" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы



Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешені





«Арайлап атсын әр таңым»











Педагог-психолог: Мендешова А.Е
















2016-2017 оқу жылы



Тақырыбы: Арайлап атсын әр таңым

Мақсаты: «Бақыт», «қуаныш», «көңіл - күй» ұғымдарын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Көрнекіліктер: орындықтар, көз байлағыш , кубиктар.

Жоспары: 
«Сәлемдесу» «Сергіту сәті» жаттығуы

«Релаксация»

«Ұқсас заттар ауысамыз» ойын
«Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: жеткіншектер арасындағы позитивті көңіл-күйді орнату, балаларды қимыл-қозғалысқа келтіру.
Нұсқау: Балалар ортаға шеңберге жиналады.«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей әлем елдерінде сәлемдесу түрлері әртүрлі.

Мұғалім: Балалар қазір әледегі ең қызықты сәлемдесу түрлерімен амандасамыз.Қазір біздер жапон халқы секілді амандасамыз, жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді.Бірін-бірін көрген кезде олар иіледі, ал тибет халқы бірін-бірі көргенде тибет халқы тілдерін шығарады.

«Сергіту сәті»

Мақсаты: балаларды сергіту және түстер түсін жаттап қалуға көмек.

Нұсқау: оқушылар қатар-қатар тұрғызып үш түс түрін айтамыз. «Сары» қолымызды белімізге қойямыз, «көк» қолымызды жоғары көтереміз сосын «жасыл» шапалақтаймыз

Нұсқаушы оқушыларға түстерді кезекпе кезек айтып тұрады, оқушылар іс- қимылмен көрсетеді. Жаттығуды бірнеше рет қайталаймыз.


«Тыныштық сәті»

Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршағ







а көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды..Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға бағыттаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.

«Аңшылар-ойыны»

Мақсаты: оқушыларға жағымды көңіл қалыптастыру.Қарым-қатынас пен ұйымшылдыққа үйрету.
Нұсқау: Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Бірі – «үйректер» шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – «аңшылар» шеңбер бойымен қатарға тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар доп лақтырып, үйректі атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшеріне дейін ойнауға болады. Ол үшін уақыт екі жаққа да тең белгіленеді. Берілген уақыт өткеннен кейін, аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептелінеді.





























Хаттама

Күні: 27.01.2017ж

Тақырыбы: «Арайлап атсын әр таңым» тренингі


Мақсаты: оқушылардың бойында жақсы мінез-құлықты қалыптастыра отырып, танымдық процестерін дамыту. Бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартып, бейімделуіне қолдау көрсету.

Контингент: 2«Г» сынып


Қолданылған құрал-жабдықтар: ойын шариктері, кубиктер,түстер.

Жүру барысы: Ең алдымен балалар әр мемлекеттің сәлемдесу рәсімі бойынша амандасады, сосын балалар қатар бойымен тұрып нұсқау бойынша жаттығу жасайды. Содан жай әуен қойылып «Нұрлы күн» атты релаксация өткіземіз, сосын оқушыларды екі топқа бөліп ойын ойнатамыз.

Қорытынды: Тренинг барысында оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, жайдарлы атмосфера орнады.Барлық оқушылар бірдей тренингке белсенді ат салысып, жақсы деңгейде өтуіне үлес қосты.





Педагог- психолог:Мендешова А.Е



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 маусым
1283
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі