«Тату
тәтті өмір сүрейік»
Мақсаты:
оқушылардың
қарым-қатынастарын ойын арқылы жақсарту
және
мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке
тәрбиелеу. Оқушылардың психологиялық
ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту,
өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;
1
– жаттығу «Қатынас» тренинг.
Мақсаты:
бір- біріне жылулық пен қайырымдылықты
сыйлау. Өзін жағымды қабылдай білу.
Нұсқау:
барлығы дөңгелене отырып, көзін жұмып,
қолдарын ұстасып, өз сезіміне зейін
қояды.
Жүргізуші баяу үнмен өз
сезімдеріңізге зейін қойып, өз
қолдарыңыздың жылулығын сезініңіздер
(1,5 минут тыныштық)
Көзімізді ашып
әрқайсымыз өз сезімімізбен бөлісеміз.
2.
Жаттығу «Ну
ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу.
Мақсаты:
иық, мойын омыртқаларындағы
бұлшық ет түйсінуінен арылту, босаңсыту.
Уақыты:
10мин. Психолог:
Қанекей бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар
Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер.
Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық,
өте ыстық және қапырық болатын. Міне,
кішкене жел ұрды. Алдыңызда тұрған
адамның арқасына қолыңызбен жеңіл
қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол
қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл
басталды, қол қимылдары да айналдыра
жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын
жауды.(жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде
қағасыз) Міне нөсер басталды (саусақтармен
қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен
жүргізесіз) Нөсер үдей түсті (барлық
саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта
нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды,
қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын
табиғатта барлығы тынышталды. Қайта
күн шықты. Сезінеміз.
Талдау:
Сіздер қандай массаждан кейін өзіңізді
қалай сезіндіңіз? Жағымды болды ма? Әлде
тек әрекеттерді ғана орындау қажет
болды ма? Өз сезім күйлеріңізбен
бөлсіңіздер.
3.
Жаттығу «Көкөністермен ұрысу» жаттығуы.
Мақсаты: өзінің ішкі сезімін, көңіл –
күйін белгілі ережелер арқылы жеткізе
білуін қалыптыстыру. Қарым – қатынас
барысындағы түрлі қалжыңдарды түсінуге
үйрету, өз сезімін белдіру, негативті
эмоциясын конструктивті тәсілмен
жеткізу үйрету.
Орындалу тәртібі
және нұсқау: «Кей жағдайда балалар,
ересектер де ұрысып бір – біріне жағымсыз
сөздер айтып жатады. Бүгін сіздерге
ерекше сөздер арқылы үрысуды ұсынамын.
Яғни бір – бірімізді ренжітетін сөздерді
емес, көкөністерді қолданамыз»
Жаттығу
соңында әр бала өзіне көкөніс арқылы
ұрыс сөз естігенде қандай күйде болғанын
айтып беруі қажет.
4-жаттығу
Айна» жаттығуы.
Әр
жұп бір-біріңізге 1 минут қарап
отырыңыздар
Көршіңіздің бойынан
қандай жақсы қасиет тұрғанын айтасыз.
Әр сөйлемді «мен көріп тұрмын»деп бастау
керек.
«Менің ойымша сіз …», осы
сөйлемді аяқтау керек.
Сұрақ: Сіз
туралы айтқанда оның ойы шын келді
ме?
Жұптар орнымен ауысады.
Рефлексия:
Сіздер туралы айтқанда, қандай сезімде
болдыңыздар?
Ал, біреу туралы айтқанда
қандай сезімде болдыңыздар?
5.
«Болады-болмайды» жаттығуы
(оқушылар
шеңберге тұрады, мұғалім болатын
нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын
үш рет шапалақтайды, ал болмайтын
нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет
шапалақтайды)
Мейірімді болуға ....
(болады),
Кешірімді болуға ....
(болады),
Қатыгез болуға ....
(болмайды),
Тәртіпті болуға ....
(болады),
Әдепті болуға .... (болады),
Ұрысқақ
болуға.... (болмайды),
Сыпайы болуға
.... (болады),
Қайырымды болуға ....
(болады),
Бұзық
болуға .... (болмайды),
Бауырмал болуға
.... (болады),
Ақылды болуға ..... (болады),
Мақтаншақ болуға .... (болмайды),
Шыншыл
болуға .... (болады),
Арам болуға ....
(болмайды),
Маман болуға ....
(болады),
Жаман
болуға .... (болмайды),
Айтпақшы,
Жаман
болуға ....! (болмайды).
6
– жаттығу «Жүректен-жүрекке»
шеңбері
Балалар
барлығымыз шеңберге тұрып бір-бірімізге
жүрек жылуын білдірейік. Балалар
бір-біріне кезектесіп есімдеріна сай
жылы сөздер айтады, мысалы «Ғазиза сен
ғажайыпсың, Ақжол сен ақкөңілсің
т.б».
Балалар сіздер бүгін сабаққа
барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар,
сондықтан мен сендерге алғысымды айтып,
«мейірімділік тәттілерін» сыйлағым
келіп тұр. (оқушыларға тәттілер
таратылады.)Осы тәтті де жазылған әрбір
қасиет өз бойларыңда табылсын.
Қорытынды:
Жақсылықпен-кәрі-жастың күйін біл,
Сөз,ісіңмен ел-жұртыңды сүйсіндер.
Есендікте ізгілік ет, тарылма,
Қазына үлес,жарылқа һәм жаңылма-деген
Ж.Баласағұнидің сөзімен сабағымызды
қорытындылаймыз.
Рахмет осымен
сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
Ш.Уәлиханов
атындағы № 1 жалпы орта білім беретін
мектебі
(4
сыныптар)
Педагог-
психолог: Отарова Н.Т
Арқалық
қаласы
Сараптама
Тақырыбы:
«Тату
тәтті өмір сүрейік»
Мақсаты:
оқушылардың
қарым-қатынастарын ойын арқылы жақсарту
және
мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке
тәрбиелеу. Оқушылардың психологиялық
ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту,
өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;
Сыныбы:
4
Мерзімі:
Қаңтар
Ең
бірінші сыныпқа сәлемдеме жүргізіліп,
сергіту сәті өткізілді.
Барлық оқушыларға өткізілген жаттығулар
өз мақсаттарына жетті. Сонын ішінде ең
қызықты болған
«Болады-болмайды» жаттығу. Жаттығуда
балалар болатын жағдай көрсетілсе
қолдарын үш рет шапалақтайды, ал егер
керісінше болмайтын болса тек біррет
қана шапалақтайды. Ендігі кезекте
оқушылар жақсы қасиеттерді жазып
«Мейірімділік ағашын» өсірді. Оқушылар
мейірімділк ағашының жапырақтарына
адам бойына адамгершілік,ақылдылық,сыпайы
секілді қасиеттер болу керектігін
айтты. Соңғы қорытындысында «Жүректен
жүрекке»шаттық шеңбері өтілді. Оқушылар
және психолог бір-біріне адам бойында
тек жақсы қасиеттер болу керектігін
ескертіп, жақсы тілектерінде тіледі.
«Тату тәтті өмір сүрейік» атты тренингтен
алған әсерлерімен оқушылар бөлісіп, өз
ойларын ашық білдіріп және қорытындыланды.