Тренинг сабақтың тақырыбы: «Мамандықтың бәрі
жақсы»
Ісім
оңсын десеңіз,
Сол
істің маманы болыңыз
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз
Әл- Фараби
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды
шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның
алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті
тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез- келгеніне
икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес,
үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін
білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз
мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті
алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін- өзі дамыта
алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану
керек.
Біздің мақсатымыз- оқушылардың кәсіптік
қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндықлықтар
туралы танымдылығына психологиялық- педагогикалық көмек
көрсету.
Мамандық - қарапайым өмір
сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты,
жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды
бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар.
Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс
орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады
екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма?
Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты
дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін
мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім
шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ
басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты
біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның
кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың
жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі
қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына
қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да
құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып,
сол біліміне сай мамандыққа машықтану
керек
Мақсаты: 1.
Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушының кәсіби
бағдарының табандылығн анықтау, психологиялық дайындығы мен
қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Тренинг: «Кім көбірек мамандықты атайды?»
жаттығуы
Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Олар
бір- біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім де кім
көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді.
Ескерту: Бір ойыншыға
қатарынан доп лақтыруға болмайды. Және қолда допты үш секундтан
артық ұстамау керек.
Сұрақ: «Қиналған себептеріңіз
не?»
Жүргізуші:
Ғалымдардың зерттеулері бойынша мамандықтар ортақ белгілеріне қарай
4 деңгейге тоқталған.
-
Басқарушылар;
-
Сақтаушы- қорғаушылар;
-
Қаржыгерлер- дәрігерлер;
-
Қажырлы еңбек иелері.
Тренинг:
Қол- мидың жалғасы.
Сан алуан мамандық бар. Ал, біздің табиғи
бейімділігімізге үңілейік:
Алақан
бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ
параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О
нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. О
нүктесін білезіктің оң жақ, сол жақтарын да қамтимыз. Осы
жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығарыңыз.
Қорытынды:
-
Егер
сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба
бөлігі ұзын болса, сіз- басқарушысыз.
-
О нүктесі мен сұқ саусақ
нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің-
қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.
-
Ортан
қол сызығы ұзынырақ болса, сіз- дін адамы, саясаткер болуға
бейімсіз.
-
Аты жоқ
саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші,
музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.
5.
Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз- дәрігерлік шипагерлікке
бейімсіз
Жүргізуші:
-
Адам өз
мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
-
Жақсы
маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
-
Сіз
қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
-
Адам
өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп
ойлайсыз?
-
Адам
бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп
ойлайсыңдар?
-
Қай
уақытта адам өз жемісін көре алады.?
Жаңа ақпарат (психологтың
кеңесі)
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды
ізгілендіреді»
Л.Н. Толстой
алған
арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер
үшін- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. мамандықты
таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет. Өз-
өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай
өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп.
Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы- адам еңбекке қабілетті,
зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды,
бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған
адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе,
бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор
ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін
қанат.
Тренинг
«Армандар» жаттығуы
Барлық қатысушы шеңбер бойымен отырып, 3-4 рет
терең дем алып, көздерін жұмады. Өз тілектеріне көңіл аудара
отырып, болашақ мамандығын, қоғамдағы орнын, жақын арадағы қоршаған
ортасын елестетеді. 1,5 минут уақыт беріледі. Жанға жағымды әуен
ойнайды.
Берілген уақыт өткеннен соң тағы да 3-4 рет
терең дем ала көздерін ашады. Топ өзінің алған әсерімен бөліседі.
Тренер әркімнің айтқандарын толықтырады, яғни әрқайсысының қол
жеткізгісі келетін, алға қойған мақсат, армандарының бар екенін
айтады.
Топ қатысушыларының күтетін және күдік алатын,
қорғанатын нәрселері.
Әрқайсысы өздерінің жеке- жеке не күтетіндіктері
мен қорқатын жағдайларын айтады. Қатысушылардың барлығы өз ойларын
айтып болған соң, «дәл осы жерде және қазір» болатын жұмыстың мәні
түсіндіріледі.
Қорытынды:
Облыстық есту және сөйлеу қабілеті
бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат
кешені
Тақырыбы:
«Мамандықтың бәрі
жақсы»
Психолог:
Меңдешова.А.Е