8-11
сынып оқушылары арасында «Салауатты
өмір салты» аясында өткізілген
тренинг
2019-2020
оқу жылы
Мақсаты
:
организмді сауықтыру мен шаршағанды
басуға бағытталған өзіне-өзі массаж
жасаудың түрлі типтерін игеру, дұрыс
тыныс алу дағдыларына ұғым беру, үнемдеп
тыныс алу туралы мәлімет беру, релаксация
техникасын үйрету.
«Салауатты өмір
сүру салтын» қалыптастыру.
Салауатты
өмір сүру салты дегеніміз - биоәлеуметтік
категория. Салауатты өмір сүру салты
интерактивті түрде қалыптасады.
Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне
байланысты болады. Салауатты өмір сүру
салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы,
материалдық және рухани формаларын
қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдар
да өзін-өзі ақылды деп есептеп, басқаларды
ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу.
Сонымен салауатты өмір сүру салты
дегеніміз - тұлға мен қоғам деңгейінің
прогрессті дамуының көрсеткішінің
категориясы.
М.
Монтель «Денсаулық – баға жетпейтін
жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болуы
үшін не уақытты, не күш-жігерді, не
еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай
жасау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір
бөлігін де қиюға болады. Денсаулықсыз
өмір қызықсыз жем деп есептеймін» деген
екен.
Байлықта
керек шығар, бірақ денсаулықтан артық
байлық жоқ екенін есте ұстау қажет. Көп
жасаймын десең, денсаулығыңа жасыңнан
көңіл аудар, зиянды әдеттерден аулақ
жүр, дене шынықтырумен айналысып,
салауатты өмір сүріңіздер.
Ақшаға
төсек сатып алуға болады, бірақ ұйқыны
алуға болмайды. Тамақ сатып алуға болады,
бірақ тәбетті сатып алуға болмайды.
Дәрі сатып алуға болады, бірақ денсаулықты
сатып алуға болмайды. Үй сатып алуға
болады, кітаптар сатып алуға болады,
бірақ ақыл-ойды сатып алуға болмайды.
Зергерлік заттарды сатып алуға болады,
бірақ сұлулықты сатып ала алмаймыз.
Ән-күйді сатып алып, ойнатқанмен, бақытты
сатып алуға болмайды, - деп Поль Бреэгг
қалай орынды айтқан. Ол өзінің жеке
басын сауықтыру жүйесін жасаған.
Олар мыналар: ашығу, тыныс алу, физикалық
жаттығу. Осы жүйе бойынша ол денесін
ширатып, аяғынан қайта тұрды. Осы жүйе
бойынша ол денесін ширатып, аяғынан
қайта тұрған, денсаулыған түзеп,
күш-қуатын жақсартқан. Ол 16 жасқа
келгенде, барлық ауру-сырқатынан жазылып,
денсаулығы қалпына келген. Содан кейін
ол: «Бар өмірімді медицинаға арнаймын»,-
деп серт беріпті.
Психофизикалық
жаттығулардың практикалық дағдыларын
игеру. Отыру және жату жөніндегі
диафрагмалық тыныс алу дағдылары.
Үйлесімді толық тыныс алу дағдылары.
Дыбыс шығарып тыныс алу жаттығуын жасау
керек.
Тыныс
алудың үйлесімді толық түрімен тыныс
алу : диафаграсымен (ішімен) және
кеудесімен бір уақытта дем алу, босаңсып
және ішін тарта отырып дем шығару.
Дұрыс
тыныс алуды игергеннен кейін, психофизикалық
жаттығулар кешеніне бұлшық еттерді,
бас миының қозғалыс орталығынан келетін
импульстерден бейнелік ой көмегімен
ажырату кезіндегі адамның қабілетіне
негізделген бұлшық еттерді өз еркімен
босату енгізіледі. Нәтижесінде дене
бұлшық еттері босап, жағымды жеңілдік
сезімі пайда болады.
Психофизикалық
жаттығуларды орындау кезінде идеомоторлық
актілер, яғни дене әрекеттерін оймен
орындау және ішкі жай-күйді (тепе-теңдік,
оптимизм және т.б.) бейнелік келтіру
үлкен роль атқарады.
Жаттығу
: «Ну ормандағы жаңбыр»
Нұсқау
:
Қанекей, бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар.
Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер.
Ауа-райы алдымен күн ашық, өте ыстық
және қапырық болатын. Міне, кішкене жел
тұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасында
қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар.
Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола
түседі. Дауыл басталады, қол қимылдары
да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ
жауын жауды (жұбыңыздың арқасын жеңіл
түрде қағасыз). Міне, нөсер басталды
(саусақтарымен қимылдар жасап, алақанмен
жоғары-төмен жүргізесіз). Нөсер үдей
түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты
қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын
жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол
қайта басталды. Сосын табиғатта барлығы
тынышталды. Қайта күн шықты. Ал, енді
180 айналып, ойынды жалғастырыңыздар.
Талдау
:
Сіздер осындай массаждан кейін өзіңізді
қалай сезіндіңіз ?
Жағымды
болды ма ?
Әлде,
тек әрекеттерді ғана орындау қажет
болды ма ?
Өз
сезім күйлеріңізбен бөлісіңіздер.
Жаттығу
: «Бір-біріңе»
Нұсқау
:
Сіздер осы жерде еркін жүріп, менің
айтқан тапсырмамды орындауларыңыз
қажет. Мен «Бір-біріңе» дегенде сіздер
жұптарыңызды табуларыңыз керек.
Жұптасқаннан кейін тапсырма беремін.
Сонымен
бастадық: «Бір-біріңе». Енді бір-біріңіздің
қолдарыңызды қысыңыздар, аяқтарыңды-аяққа,
мұрныңды-мұрынға, басты-басқа,
құлақты-құлаққа, беттеріңізді-беттерге
тигізіңіздер. Залда қайта еркін
жүріңіздер, жаңа жұп
табыңыздар.
Ойын жаңа жұппен жалғасады