400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг "Сенсорлық ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ойын арқылы ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейін деңгейін, заттарды ұстау арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту, бар назарын тренингке аудару, балаларға позитивті көңіл-күй сыйлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг

Тақырыбы: «Сенсорлық ойындар»

Кіммен жүргізіледі: «Айдария», «Балапан» топтарының тәрбиеленушілері

Мақсаты: балалардың ойын арқылы ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейін деңгейін, заттарды ұстау арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту, бар назарын тренингке аудару, балаларға позитивті көңіл-күй сыйлау.

Барысы:

-Қонақтармен амандасу

- Сәлеметсіңдерме балалар!

-Көңіл-күйлерін қалай?(бас бармақ әдісі арқылы көрсетеді)

І. «Әр түрлі қимылдар» нейрожаттығуы

Баяу музыка қосылады, балалар шеңбер жасап отырады және педагогың іс әрекетін қайталайды.

  1. Бір-бірімізге түрлі-түсті ормалдарды кезекпен беру, ең бірінші баяу, сосын орташа, соныңда тез орындау керек;

  2. Бір-бірлерінің қолдарын айқастырып, аяқтарына қою;

  3. Қолдарын алдыға созып, айқастыру;

  4. Бір-бірлеріне қарап екі қолдарын бір-біріне тигізу;

  5. Соңында бұрылып арқаларынан сипау;

9.jfif

-Балалардың нейрожаттығудан алған әсерлерін сұрау






Сиқырлы сәт: «Сандық»

  • Балалар қарандаршы үстел үстінде сандық тұр екен, бұл сандықты ашып көрейікші, бұл сандық сиқырлы екен, ішінде түрлі түсті таяқшалар бар екен, бұл таяқшаларды алып, ойын ойнайық!

(ойын басталғанда баяу музыка қосылады)

ІІ тапсырма. «Таяқшаны пайдаланып, үлгі бойынша фигура құра»

Ойын мақсаты: балалардың ойын арқылы зейін, ойлау дағдысын дамыту

Ойын барысы: балаларға боялған таяқшалар мен үлгі суреті беріледі, сол үлгіге қарап, балалар стақанның үстіне үлгідегі суретті жасайды:

Керекті құралдар: боялған таяқшалар, үлгі суреттері, стақандар


  • Ендігі балалар кішкене сергіп алайық! «Қимылды қайтала» ойынын бірге ойнайық!

ІІІ. Ойын. «Қимылды қайтала»

Ойын барысы: Позитивті, көңілді музыка қосылады, балалар шеңберге тұрып, орындықта жабысып тұрған қимылдарды қайталайды.




  • Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келеді, мұқият тыңдандар!

Иір-иір үйі бар,

Іші қапас әрі тар,

Құлақ тоссаң

Ызыңдаған үні бар,

Бұл не, біліп ал. (ұлу)

-Тамаша балалар дұрыс айтасыңдар, бұл жұмбақтың жауабы: ұлу, ендеше мен сендермен «Ұлуға көмек» ойынын ойнағым келеді!

І V тапсырма. «Ұлуға көмек» ойыны

Ойын мақсаты: балалардың ойын арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту, ойлау дағдысын дамыту.

Ойын барысы: балаларға ұлу бар сурет және ермексаз беріледі, сол ермексазды пайдаланып балалар ұлуға үйін жасауы тиіс.

Керекті құралдар: ұлу суреті, ермексаз, майлықтар


Қорытынды:

  • Егер балаларға бүгінгі ойындар ұнаса ұлудың суретін жасылға жабыстырады, ал егер ұнамаса, ойындар қызықсыз болса ұлудың суретін қызыл бағдаршамға жабыстырады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
77 ұстаз жүктеп алған
06.11.2023
828
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі