Материалдар / Тренинг. Тақырыбы: «Ата –ана мен баланың қарым –қатынасы»

Тренинг. Тақырыбы: «Ата –ана мен баланың қарым –қатынасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
ата ана туралы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
654
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренинг.Тақырыбы: «Ата –ана мен баланың қарым –қатынасы»Мақсаты; ата –ана мен баланың арасындағы қарым –қатынас дағдыларын қалыптастыру.Қажетті құралдар ; нақыл сөздер,ақ парақ,маркер.Тренинг барысы;1.Сәлемдесу,жақсы көңіл-күй қалыптастыру2. «Ассоцация» ойыны (доп беру арқылы ата-ана жауап береді)3. « Қызықты сұрақтар» ойыны4. Сүйікті жемісіңіз қандай?5.Ой толғау «Қарым-қатынас дегеніміз не?»6. «Эмоция» ойыны(шармен)7. Ой жинақтау8.Қорытынды сөз9.Кері байланыс. Тілек шоғыКөңілді әуен ойнап тұрады1. -Сәлеметсіздер ме,қадірлі қонақтар.Қош келіпсіздер.Әрбір адам –өмірге келген қонақ.Өмір өте мәнді мағыналы,мазмұнды өту үшін «қамшының сабындай ғана қысқа өмірде»адамдардың бір –бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?! Олай болса,бүгінгі тренингіміз осы қарым –қатынас жасай білудің үлкен өнер екенін ұғынуға мүмкіндік береді.Тренинг өтілу барысындағы ұстанымдарымен таныстырып өтейін.«Қазір және осы жерде», Теңдік және ынтамастық; Топта болған жағдай,дәл осы жерде қалу керек,сыртқа айтпау;Тренигке қатысушы белсенді болу керек; Серіктесіңіздің жеке тұлғасы емес іс –әрекетін сынға алыңыз;Пікілер нақты, қозғалып отырған мәселеге байланысты болу керек;Топтың жұмыс тәртібін,сондай –ақ жаттығулардың орындалуын сақтау қажет.2. «Ассоцация» ойыны (доп беру арқылы ата-ана жауап береді)«Жанұя», «Бала», «Ата –ана» сөзіне ассоцияларын айтады.3. «Қызықты сұрақтар» ойыны,1.Балаңыздың туған күні қашан?2.Балаңыздың сынып жетекшісі кім?3.Балаңыздың аяқ киім өлшемі?4. Балаңыздың парталас көршісі кім?5.Бүгін сабақтан қандай баға алды?6.Баланың сүйікті асы қандай?7.Балаңыздың сүйікті түсі?8.Балаңыздың ренжіген қалай білесіз?9.Балаңыз спорттың қандай түрін ұнатады?10.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?11.Балаңыз сізді ренжіткенде,ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?12.Балаңыздың телефон номері?13.Балаңыздың ең жақын досы?14.Балаңыздың үлгі тұтатын адамы?15.Балаңыздың сүйікті пәні?4. Сүйікті жемісіңіз қандай?Мақсаты: Мінез-құлықты анықтау

ӨрікЕліміздің оңтүстік өңірінде көп өсетін өрікті сүйіп жейтіндер кең пейілді, ақкөңіл келеді. Басқалар сізді ұялшақ, батылсыз санай алады, алайда сіз өзіңізді өкпелетуге жол бермейсіз. Сіздің жан досыңызбен қатар, қасыңыз да бар. Жалпы сізді өнерге жақын адам десе болады.АлмаТүрлі жемістер арасында қарапайым алманы таңдайтын жандыдәстүрлерді ұстанатын еңбекқор адам деп сипаттайды. Өз жұмысын жақсы біліп, уақытында орындайтындарды әрине басшылық да жақсы көреді. Сол себепті жұмыста аса үлкен қиындықтарыңыз болмайды. Алайда жұмыстан тыс кездері сіз сезімдерге берілгіш, әсершіл жансыз. Түкке тұрмайтын себептермен көңіліңіз босап қалатын жағдайлар да кездеседі.ШиеЖазда қатты күтетін жидек – шиені жемістердің арасынан бөлектеп, ерекше сүйетіндер өмірлік жағдайларды жүрекке тым жақын қабылдайды. Шиеге құмар жандар үшін басқалармен жақсы қарым-қатынас өте маңызды. Біреудің көңілін көтеруге, қиындығымен бөлісуге әркез дайынсыз. Шиені сүйіп жейтіндер – жақсы тыңдармандар. Есесіне бұндай адам тез әрі оңай өкпелейді.ШабдалыӘзілді жақсы көретін, әркез көңілді жандардың көбісі сүйікті жемісі ретінде шабдалыны атайды. Олар достарының, таныстарының арасында уақыт өткізгенді ұнатады. Сізді өте ақылды жан деуге болады, алайда қиындықтар алдында кей кездері қорқып қалатыныңыз да бар.ТаңқурайТаңқурай жидегін таңдайтындар басқаларға қарағанда, өзінің қамын ойлайды. Есесіне мұндай адам өз істеріне жауапты болып, өз істерін әр уақыт реттеп жүреді.БананТропикалық жемісті сүйіп жейтіндер мейірімді келеді. Бір қызығы сізді көпшілік тәкаппар деп санайды. Шын мәнінде банан сүйгіш жандар арманшыл, әсершіл болады. Армандарыңыздың орындалмауына тек сіздің жалқаулығыңыз кінәлі.ҚұлпынайҚұлпынайға құмар жандар әркез күлімсіреп жүреді. Олар қонақжай, басқалармен қарым-қатынасты оңайлықпен реттейді. Құлпынай сүйгіштер – жоғары талғам иесі. Қызғаншақтық сезімі бұл адамда мүлдем жоқ. Оны ызаландыру да оңай емес. Алайда махаббатта бұл адам күрт өзгеріп, өз жұбын қызғанып, тез арада ашулана алады.ЛимонЛимонды жеміс ретінде ұнататын, сүйіп жейтіндер аз емес екен. Мамандардың айтуынша, мұндай қышқыл сүйгіш адамдар талай өмір тәжірибесінен өткен.ГрейпфрутЕлімізде аса танымалдыққа ие емес цитрусты жемістің тағы да бір түрі – грейпфрутты сүйетіндер өмірге жақсы көзқараспен қарайды. Барлық өмірлік жағдайлардың тек оң жақтарын байқап, әркез қуанышты, бақытты болуға тырысады.КивиЖасыл қышқыл жеміс түрін сүйіктім деп айта алатындарды уайымшылдеуге болады. Олар ертеңгі күніне аса үміт артпайды, жиі жағдайда қолын қусырып отырады. Сізге өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіп, уайым-қайғыны артта қалдыру керек.ЖүзімЖүзімнің түр-түрін ұнататындар өз сөзіне берік, басқалардың сырларын сақтай алатын адамдар. Алайда бұл кісінің тұйықтығы соншалықты, оның достары көп бола бермейді. Сізге кішкене ашық болуды үйрену керек.АнанасЭкзотикалық жеміске құмар жандар барлық әдемі заттарды ұнатады. Мұндай кісі тіпті әдемі сөйлеуге де дағдыланған. Осының арқасында қоршаған ортаның назарында болып, басқалар арасында үлкен абыройға ие.ҚараөрікҚараөрік – өте дәмді әрі пайдалы жеміс. Алайда психолог мамандар бұл жидекті таңдайтындарды көңілсіз жандар деп сипаттайды. Басқаларға шағым айтқанды қойып, өкпеден арылып, кішкене демалған сізге пайдалы.АлмұртШырынды алмұртты таңдайтын жандар өзімен-өзі қалғанды ұнатады. Мұндай адам өзін жалғыз сезбейді, ол басқалармен үлкен ара қашықтықта тілдескенді таңдайды. Алмұртқа құмар жандар барлық заттарды: киімді, кітапты, тағамды жоғары талғаммен таңдайды.ҚарбызЖазды тек осы үлкен жеміс үшін ұнататындар өмірге оңай қарайды, олар әркез көңілді, еш уақыт уайым-қайғыға салынбайды. Басқалармен тілдескенді, оларға көмектескенді де ұнатады.Ал сіздің сүйікті жемісіңіз қандай?5. Ой толғау . «Қарым –қатынас дегеніміз не?». Ата-аналар үш топқа бөлініп,өз ойларын қорғайды.Қарым –қатынас ол адамдардың бір –бірімен білім, еңбек,жан дүниесі туралы ашылып сөйлесуі,қарым –қатынас арқылы адамның жақсы жақтарын көре алады.2.Баламызбен үнемі қарым –қатынаста боламыз ба?3.Бала үшін қарым –қатынас қажет пе?4.Баламен қарым –қатынас қандай болуы керек?5.Баламен ата –ана арасындағы қарым –қатынастар ылғи жақсы бола бере ме,әлде қарым –қатынаста қиындықтар туа ма?Туса олар не себептен болады?.6.Бала мен ата –ана арасндағы кикілжіңнің жиі тууына кім кінәлі деп ойлайсыз?7.Қарым –қатынасқа үйрену керек пе?Жақсы қарым –қатыс үшін ең алдымен сабырлық,салиқалық қажет.6. «Эмоция» ойыны (шармен)

Үш топқа шар беріп,үрлеуін сұраймын.Бірінші топ шарды үрлеп,аузын байлап,жарады Екінші топ шарды үрлеп,желін жаймен шығарады.Қай шардың жарылуы ұнады.Талдау;Біздің эмоцияларымыздыда осы шар сияқты ашу ызаңды толық шығарып жіберсең басқа адамдармен қарым –қатынасыңа зияны тиеді. Адамдармен қарым –қатынаста сабырлық қажет.7.Ой жинақтау.Бала мен ата-ана арасындағы қарым –қатынас қандай болу керек? (сурет схемамен талдау)Достық

Ата –ана Сыйластық Бала

Түсіністік8.Қорытынды. Ұлы Абай атамыз 38 –қара сөзінде ; «Қашан баланың ғылым білімге махаббаты оянғанда ол адам бола бастайды.Оның адам болғанына 3 түрлі нәрсе себеп болады. Бірінші жақсы ата-ана,екінші жақсы ұстаз,үшінші -жақсы құрбы –құрдас», -деген екен.Сондықтан да балаларымызбен үнемі жақсы қатынаста болады.9.Кері байланыс.Тілек шоғы.

























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ