400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Тренинг тақырыбы: «Бақытты отбасым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қатысушылар: «Бақытты отбасы орталығы». Жұмыс түрі: топтық жұмыс. Көрнекілігі: интерактивті тақта, арнайы слайд, әуен, А-4 қағазы, ручка . Тренинг мақсаты: Қатысушылардың тренингте өздерін еркін ұстауын және көңіл-күйін шоғырландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бақытты отбасы

Мерзімі:

Қатысушылар: «Бақытты отбасы орталығы».

Жұмыс түрі: топтық жұмыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, арнайы слайд, әуен,

А-4 қағазы, ручка .

Тренинг мақсаты: Қатысушылардың тренингте өздерін еркін ұстауын және көңіл-күйін шоғырландыру.

Міндеті:

«Күйзеліс» туралы түсінік беру.
— Күйзелістің адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру.
— Тренинг - жаттығулар арқылы күйзелістен шығу жолдарын көрсету.
— Позитивті ойды дамыту.
— Стресстен арылуға психологиялық кеңес беру.

Тренигтің жүру барысы:


Ұйымдастырушылық кезең.

Кіріспе сөз. Психолог сөзі:

Қайырлы күн! Құрметті аналар! Cіздерді көргеніме қуаныштымын!

Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы:

«Әйелдің эмоциялық күйзеліс синдромы».

Қaзіpгі қоғамда күйзеліс (cтpecстік) күйді ceзбeгeн, coндaй жaғдaйғa тaп бoлмaғaн aдaмды кeздecтіpe aлмaймыз. Coңғы жылдapы әлeмдe бoлып жaтқaн төтeншe жaғдaйлap, хaлықapaлық жәнe aймaқapaлық кoнфликтілep өcуі cтpecскe ұшыpaушылap caнын ұлғaйтып oтыp.

Күйзеліс - «Стресс» ағылшын сөзі, аудармасы «Қысым, тартылыс, қысым келтіру» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы рет стресс сөзіне анықтама берген канадалық физиолог Ганс Селье.
Зерттеу бойынша әйел адамдар ер адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді екен.

Психологтардың зерттеуі бойынша, әйелдер әңгімеге жақын, жылауға дайын тұрады. Сол арқылы іштегі барлық жағымсыз эмоция, энергияларын көз жасы арқылы, сырын бөлісу арқылы сыртқа шығарып отырады.

Ал ер адамдар барлығын ішке сақтайды, олар жыламайды не әйелдер сияқты өсек әңгімеде жақын емес.

Бұдан шығатын қорытынды: ер адамдарға айтар кеңесіміз, арасында жылап алғандарыныз дұрыс.
Егер мәселе уақытында шешілмесе ол – стресске ұшырайды, стресс уақытында шешілмесе, оның арты депрессияға ұшырайды, депрессия – неврозға, невроз – соматикалық ауруларға ұшыратады. Сондықтан стресстің алдын алу үшін, мәселені уақытында шешкен дұрыс.

Күйзелістің пайда болу себептері.
Уақытты жетіспеушілігіне байланысты жұмыс;
Ақпараттың шамадан тыстығы;
Өзіне және қоршаған ортаның өміріне қауіп төндіретін жұмыстар;
Міндетті түрде шектелу;
Өмірде мақсаттың болмауы;
Болып жатқан жағдаяттарды қалыпқа келтіре алмау және тағы басқа.


Күйзеліс белгілері.
Үнемі шаршаңқылық сезімі;
Эмоционалды денсаулығының азуы;
Сыртқы ортадағы өзгерістерге байланысты қабылдауы мен белсенділіктегі өзгерістер;
Себепсіз бастың ауруы мен қан қысымының көтерілуі;
Дене салмағының күрт азаю немесе ұлғаюы;
Толығымен немесе сирек ұйқының бұзылуы;
Ұйқылы-ояу жүру;

Күйзеліске қарсы тұру факторлары:
Өз денсаулығын күту;
Өз-өзін жоғары бағалау;
Өзіне және өз қабілеттеріне деген сенімділік;
Ашық қарым-қатынасқа түсе білу;
Өз-өзін басқару;
Оптимизм т.б.











Негізгі кезең

  1. Кіріспе.

Әйелдердің күйзеліске түсу себебі.


  1. Психологиялық техника. «Тазару процесі»

  2. Шығармашылық жұмыс. Психолог:

«Өмір дөңгелегі»

Мақсаты: Адам өміріндегі жетпейтін ресурстарды анықтау.

Психолог: Құрметті әріптестер! Алдарыңызға берілген параққа дөңгелек сызығын сызамыз.

Экранға қарап сызсаңыздар болады. Дөңгелек ішіне, ресурстарды жазу үшін ортасынан, жанынан бөліп тағы сызамыз. Содан кейін сыртына ресурстарды жазамыз.

Мысалы: Денсаулық, махаббат, ақша, отбасы, карьера, демалыс, өзі т.б. жазып шығамыз.


  1. «Түпсананы қоқыстан тазалау» техникасы


  1. Психологиялық ойын:

«Живой коридор» жаттығуы.

Нұсқау:

Ұжымдағы адамдар живой коридорға («Тірі дәліз») тұрады. Бір адам көзін жұмып, сол каридордан өтуі тиіс. Ал тұрған адамдар өтіп бара жатқан адамға тілек айтады. Коридордың аяқ жағында психологтар көңілді эмоциямен, жақсы әуен, бимен қарсы алу керек.

Қорытынды бөлім.

Қатысушылар тренинг соңында өздерінің алған әсерлері туралы айтады.

Психологтың сөзі:

    Сонымен, тренингімізді ұлы Абай атамыздың «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деген сөзімен аяқтай отырып, тренингімізге қатысып, ойларыңызды білдіргендеріңізге рахмет айтамыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
01.03.2023
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12