400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Тренинг тақырыбы: Жаныңда жүр жақсы адам

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренингтерді оқушылар, ата-аналар және мұғалімдермен өткізуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жаныңда жүр жақсы адам»

Жұмыс түрі: Дөңгелек үстел

Мақсаты: Оқушыларды мектеп қабырғасында еңбек етіп жүрген ұстаздар Окасова Менсулу Айтменқызы, Каршалова Зура Сағындыққызы, Табульденова Зауреш Кайржановна өмірі мен қызметі және шығармашылығымен таныстыру. 

Міндеттері:

- алғыс айту жайында әңгімелеу.

- үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;

- өзіне қамқорлық жасаушыларға ризашылығын білдіріп отыруға және балаларды биязы, инабатты, ізетті, сыпайы, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылармен ұстаздар. Бүгінгі алғыс айту онкүндігіне орай ұйымдастырылған «Жаныңда жүр жақсы адам» дөңгелек үстеліне қош келдіңіздер! Дөңгелек үстелге арнайы келген қонақтарымызбен таныс болайық:

  1. Окасова Менсулу Айтменовна

  2. Табульденова Зауреш Кайржановна

  3. Каршалова Зура Сагындыковна


Жүргізуші:

Кезекті «Алғыс айту» күні туралы баяндамаға берейік.


Жүргізуші: Өмірде алғысты кімге? неге? не үшін? айту керек деп ойлайсыздар?

(слайд: дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларымен бөліседі)

Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу...

Анаға – өмір сыйлағаны үшін, 
Әкеге – қорған болғаны үшін, 
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, 
Сөзге – жанды жылытатыны үшін, 
Күнге – шуағы мен назары үшін, 
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, 
Досқа – құшағы мен иығы үшін, 
Әжеге – ыстық алақаны үшін, 
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, 
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, 
Отқа – жылулығы үшін...

Қазір келген қонақтармен бірге тренингтер мен ойындар ойнайтын боламыз...


1 тренинг. «Көңіл-күйіңді бейнеле»

Мақсаты: Қатысушыларға өздерінің көңіл-күйлерін ақ қағазға түсіру.

Уақыт: 10 минут.

Жүру барысы: «Өз көңіл-күйімізді саламыз». Қатысушылар өз ұнатқан түрлі-түсті қарындашты алып, «Қазір және осы жерде» өз көңіл-күйлерін А4 қағазына түсіреді. Егер қатысушы өзінің көңіл-күйін төмен деңгейде салған болса, жүргізуші басқа ақ қағазға осы төмен көңіл-күйді жақсарту үшін тапсырма береді. Қатысушылар тапсырманы орындап болған соң жүргізуші жинап алады. Осыдан кейін суреттер дөңгелене отырады. Бірінші қатысушы суретте не ұнайды айтып беру, осылай сурет барлық қатысушыларға таратылдыү

Талқылау: Әр суреттегі ұқсастықты байқау.


2 тренинг. «Жасырын хат, ойлан тап!» (10 минут)
Қажетті құралдар: ақ парақ түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш.
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады.
Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:
1-ші топ «Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы»
2-ші топ «Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел»

3-ші топ «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық»

Ұстаздар мен «Адал ұрпақ» клубының мүшелері өздеріне берілген тапсырманы ақ параққа сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.


3 тренинг. «Ыстық картоп» ойыны
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс. Сұрақтар:
Бүгінгі көңіл-күйіңіз қандай?
Сіздің сүйікті тағамыңыз?
Сіздің хоббиіңіз?
Спорттың қай түрін ұнатасыз?
Қандай киім үлгісін ұнатасыз?
Жылдың қай мезгілін ұнатасыз? Не үшін?
Қай түсті ұнатасыз?
Сүйікті әніңіз?
«А» дыбысынан басталатын бес затты атаңыз?
Сүйікті киноңыз?
Сүйікті әншіңіз?

Сіздің арманыңыз?

Ең сүйікті мейрамыңыз қандай? 


4 тренинг. «Тату алақан» жаттығуы. (3 минут)
Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.




Баяндама тақырыбы: Алғыс айту күні


Бүгін – Рақмет айту (Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді. Көз алдыңызға америкалық бақытты отбасылардың дастарқан басына жиналып, дәмді бәліштер мен күрке тауық етін жеп отырған сәті келді ме? Алайда, бұл мереке дастарқанмен ғана шектелмейді. Мерекенің ешбір дінмен байланысы жоқ, адамдар тек қана әрбір күн сайын не үшін рақмет айту керек екендігін ойланады.

Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен.

Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін "Ұлттық мереке" деп жариялайды. 
Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. Х
VІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.

Әрине, мереке біздің менталитетке сай емес деушілер табылар. Дегенмен, жылдың бір күнінде не үшін рақмет айту керек екенімізді ойлана жүрсек артық етпейтін секілді. Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алды.

"Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді", - деді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. "Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - деді ол.   "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген  қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе  әділетті болар еді", - деді Қазақстан Президенті. 
 




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
2342
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі