Авторы:
Ахметалина
Динара Жүсіпқызы
Ақтөбе
облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ
селосы, «Балбұлақ» МДҰ психологі.
Тренинг
тақырыбы: «Жақсы
көңіл-күй сыйлайын»
Тренинг
мақсаты:
1)
Балалардың ұсақ саусақ моторикасын
дамыту.
2) Балабақша педагогтарына
агрессиялы және шамадан тыс белсенді
(гиперактивті) балалармен жұмыс жасау
барысына кеңес беру.
3)Балаларың
психикалық процестерінің даму
деңгейін саралау (зейіні, ойлау қабілеті,
сөйлеу, есте сақтауы).
Зерттеу
субъектісі:
«Балбөбек» кіші тобы
Зерттеу
әдіс-тәсілдері:
тренинг, жаттығу, ойын.
Сабақтың
көрнекілігі:
көрнекіліктер, ақ қағаз, жіп.
Қатысушы
балалар:
кіші топ тәрбиеленушілері.
Тренинг-сабақтың
жүру барысы:
І.
Жылулық шеңбері.
«Күлімдейді
күн бүгін,
Күлімдейді маған
да.
Күлімдейді күн бүгін,
Күлімдейді
саған да.»
Мақсаты: балалардың
бойына жылулық беру, көңіл-күйлерін
жақсарту.
2-жаттығу
«Кім? Не? Қандай?»
Мақсаты:
Баланың сөздік қорын, сөйлеу қабілетін
анықтау.
3-жаттығу
«Түрлі түсті негізгі түстер»
Мақсаты:
суреттерді орналастыру арқылы түстерді
ажырата білуге үйрету.
4-жаттығу:
«Есіңде сақта!»
Мақсаты:
Баланың есте сақтау қабілетін анықтау.
5.
«Қызыл, сары, ақ қолдар» жаттығуы
Мақсаты:
балалардың зейінін бір арнаға тоғыстыру,
педагогтың айтқанын тыңдауға үйрету
және тыныс алу жаттығуын
жасату.
Нұсқау:
«Қызыл қол»
— шулаймыз «А-А-А-А-А-А»
«Сары қол»
— сыбырлаймыз «У-У-У-У-У-У-У»
«Ақ
қол» — тынышталамыз. (үнсіздік)
6.
«Жанжал» ойыны
Мақсаты:
баланың бойындағы ызаны сыртқа шығару,
бет-бұлшықеттерін босаңсыту.
Нұсқау:
Балалар қолдарын жұдырықтап, тістеніп
тұрады. Сол арқылы бойындағы агрессияны
сыртқа шығарады.
7.
«Тоқыма жіпті жинау» ойыны
Мақсаты:
баланың бойындағы ызаны, ашуды сыртқа
шығару және баланың саусақ моторикасын
дамыту.
Нұсқау: Балалар тарқатылған
тоқыма жіпті жинау арқылы шыдамдылыққа
үйренеді, әрі бойындағы ашу-ызаны жіпті
тездетіп жинау арқылы сыртқа
шығарады.
Ұйымдастыру.
Жылулық шеңбері
8.
Сергіту сәті.
Мақсаты:
балалардың бойын сергіту
«Тербеледі
ағаштар, (оңға, солға тербелу)
Алдымнан
жел еседі. (екі қолдарымен беттерін
жуу)
Кіп-кішкентай балалар
(жүресінен отыру)
Үп-үлкен боп
өседі.» (қолдарын көтеріп, тұру)
9.
«Ағаш жару» ойыны.
Мақсаты:
баланың бойындағы ызаны, ашуды сыртқа
шығару және баланың елестету қабілетін
дамыту.
Нұсқау: Балалар көз алдына
елестету арқылы балтаны қолға алып
тұрмын деп томар ағашты бар күшімен
жарады. Сол арқылы бойындағы жағымсыз
эмоциялардан арылады.
10.
«Қағаз умаждау» ойыны
Мақсаты:
барлық жағымсыз эмоцияларды қағаз
умаждау арқылы сыртқа шығару және одан
құтылу.
Нұсқау: қағаз умаждау
арқылы жағымсыз күйлерді сыртқа шығару
және қағазды шелекке салу арқылы сол
күйден мүлдем арылу.
11.
«Тілек айту»
Мақсаты:
жағымды ахуал қалыптастыру.
Нұсқау:
балалар бір-біріне жақсы тілек
айтады.
Қорытынды.