Тақырыбы: 1-наурыз – Алғыс
күні
Мақсаты: Балалардың
«сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:
- ризашылық
пен алғыс туралы түсінік
беру;
– үлкен –
кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын
дамыту;
– әдептілікке,
кішіпейілділікке, ізеттілікке
тәрбиелеу;
Көрнекі
құралдары: Түрлі-түсті
суреттер.
Шаттық
шеңбері: Ризашылық
Ризамын
бүгінге,
Ризамын
бүгінге,
Ризамын
бүгінге,
Ризамын
бүгінге!
Ризамын,
ризамын, ризамын, ризамын,
Ризамын,
ризамын, ризамын, бүгінге,
Ризамын,
ризамын, ризамын қазірге.
Әңгімелесу
–Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген
жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық
және алғыс білдірушілік
сезімі
–Алғыс-адамның
адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі,
сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға
беруі.
- Алғыс дегенді
қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің
ризашылығын, алғысын қандай
сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім
қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай
жағдайда алғыс айтып
көрдіңдер?
Сергіту
сәті
Біз бақытты
баламыз,
Балабақшаға
барамыз.
Ертерек
есейіп,
Ата-анаға қолқанат
боламыз.
Балаларға мына сөздерді
айтқызу.
-
Рахмет!
-
Жасың ұзақ
болсын!
-
Таудай
бол!
-
Өренің
өссін!
-
Бақытты
бол!
-
Білімді
бол!
-
Өнерлі
бол!
-
Бағың
жансын!
-
Мұратыңа
жет!
-
Өнерің өрге
жүзсін!
-
Азамат
бол!
-
Еліңе қорған
бол!
Тақтадағы суреттер арқылы
әңгіме жүргізу
Тақпақтар
1-бала: Балдырған баламыз ,
досты көп табамыз
Қашан да, қайда да,
достар бір-біріне сенімді боламыз!
2-бала:
Достар бірге жүреміз,
бірге ойнаймыз,күлеміз.
Бірге балық аулаймыз
міне,біздер қандаймыз!
3-бала: Біз әдепті
баламыз,
Айтқан тілді
аламыз.
Үлкендерге жол
беріп,
Біз ақылды
боламыз.
-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза
болады. Қолындағы барын
қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет
деп алғысын білдіреді.
Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан
басталады.
Жаңа
ақпарат
Балалар,
ризашылық пен алғыс сөздерінде көп
мағына жатыр. «Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде
ризашылық сезімге бөленеді. Ал өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық
білдіруді алғыс дейміз.»
Қортындылау:
–Балалар, жылы
сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан
аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.
Адам алғыс пен ризашылықты
естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде
сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және
Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары
үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен
риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды
ұмытпаңдар.
Жүректен
жүрекке:
Біздің
тілек. Ғ. Жұмабаев
Бізге ашық күн
керек
Аспан керек
мөп-мөлдір
Қуанышқа тұр
бөлеп
Бақытты өмір
төккен нұр
Тыныш болып жер
беті
Түршікпесін
денеміз
Азамат боп ер
жетіп
Ағаларға
ереміз
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:
өлеңді жатқа айта
біледі.
Игереді:
суреттегі жақсы әдептерді түсіне
білді.
Меңгерді:
өз сезімдерін ризашылық арқылы жеткізе
алады.