400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Тренинг тақырыбы: «Мен және менің сыныбым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарға арналған тренинг. - адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну; - өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу; - сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу; - сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы: «Мен және менің сыныбым»

Тренинг мақсаты:

- өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға,

- жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. 

Тренинг міндеттері: 

- адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну; 
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу; 
- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу; 
- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру; 

Көрнекіліктер: интерактивті тақта,А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, жіп,стакандар, А4 беттіндегі қыздар мен ұлдар суреттері, «Достық» туралы бейнебаян.

Тренинг құрылымы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау. 
ІІІ. Негізгі бөлім. 
а) Амандасу – «Көңілді сөз» жаттығуы. 
б) «Автопортрет» жаттығуы. 
в)
«Достар үйі» ойыны

Сергіту сәті
д) «Дос туралы видеоролик».

ІV. Қорытынды бөлім. 
«Менің құпия досым».


Тренингтің жүру барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі /амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту.

ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау 

- Тренинг ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққан. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.

Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын. 


ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру
Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді. 







ІV. Негізгі бөлім. 

а) Амандасу – «Көңілді сөз» жаттығуы. 

Нұсқау: - шеңбер жасап отырып, қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айту.
Мысалы: сен бүгін өте әдемісің, көйлегің қандай әдемі...

б) «Автопортрет» жаттығуы. 

Нұсқау:

- Әр қатысушыға қыз немесе ұлдың портреті беріледі, сол параққа бір-біріне беріп сипаттап жазу,2 минуттан кейін парақтың келесі жағына есімдері
көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. 
Жаттығу шарты:
- Келген қыз немесе ұлдың портретіндегі оқушы туралы жақсы және жағымсыз қасиетін жазып, бір-біне беру. Соныңда өзінің суретіндегі өзі туралы ақпаратты оқу.
Рефлексия: Жазылған автопортреттер бір бірден таратылып оқылады, бұл кімнің портреті екенін анықтау керек.

в)Ойын: «Достар үйі».

Сынып екі командаға бөлініп,стакан арқылы өздерінің үйлерін құру. Бірінші психолог қалай құрастыруын көрсетеді. Әр командаға он оннан стакандар (одноразовый) беріледі. Сосын бір домалақ резинкаға командада неше оқу бар сонша жіп байланады. Әрбір командадағы оқушылар бір бірден жіпті ұстап, жан жағына тартып, стаканды іліп алу қажет. Іліп алу техникасы бір-бірімен ұйымдасуыларына байланысты. Қай команда ұйымдастыру процесін тез істесе, сол топ жеңіп шығады. Бұл әдісте лидер оқушыларды анықтауға және топтың ұйымдасуын дамытады.

г) «Дос туралы видеоролик»

Достық туралы тереңірек ұғындыру.

ІV. Қорытынды бөлім. 

«Менің құпия досым».

Топта өзінің құпия досының суретіне жылы лебіздерін жазып, бір-біріне үйлестіріп беру және күнделікке жапсыру.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
20.12.2021
3025
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі