400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Тренинг тақырыбы: «Менің арманым – менің болашағым!»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың армандары мен мақсаттары жайында білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы: «Менің арманым – менің болашағым!»

Мақсаты: оқушылардың өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың армандары  мен мақсаттары жайында білу.

Көрнекіліктер: А3, фломастерлер, газет-журналдар, қанатты сөздер жазылған карточкалар.

Жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ.  Негізгі бөлім             

а) Амандасу рәсімі

б)Сөйлемді жалғастыр…

в) «Менің арманым – менім болашағым» тақырыбында коллаж жасау

г) Карточкамен жұмыс

ІІІ. Қорытынды:

«Сиқырлы қобдиша»

  ІІ.  Негізгі бөлім

а) Амандасу рәсімі

Шеңберге тұрып, қолымызды бір-біріміздің иығымызға қоямыз. Жымия қарап, күлімсірейміз.

Әр амандасу рәсімінің ерекшеліктері бар. Бүгін біз амандасу барысында фильмдегі кейіпкерлерді біріктірейік. Мысалы, Сәлем Надира, сен маған «қызыл телпекті» елестетесің.

б)Сөйлемді жалғастыр…

Егер мен депутат болсам…

Егер де мен сәби болсам…

Егер де мен дәрігер болсам…

Егер  мен мұғалім болсам…

Егер де мен заңгер болсам…

Егер де мен ұшқыш болсам…

Егер мен сиқыршы болсам…

Егер де мен директор болсам…

Егер де мен кәсіпкер болсам…

Егер мен әнші болсам…

 в) «Менің арманым – менім болашағым» тақырыбында коллаж жасау.

Керекті құралдар: картон, газеттер, журналдар, түрлі түсті фломастерлер, жарнамалық қағаздар.

г) Карточкамен жұмыс.

  • Сіздерге суретті карточкалар беремін. Суреттегі ұлы адамдарды табыңыздар.

 Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады. Істеген амалдардың барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады.

А. Энштейн

Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлікте жоқ.                                                                             Л. Толстой

Қиял! Мұнсыз ақын да, философ та, тіпті адам болуы да, мүкін емес!

Д.Дидро

арман деген көп белес, біріне шықсаң бірі бар.

Ғ. Мұстафин

Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы.                                                                                 Ш. Айтматов

 

 Қорытынды:

«Сиқырлы  қобдиша»

Нұсқау: Мына сиқырлы қобдишада сыйлықтар бар. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.

Әрқайсыңыз мына сыйлықтарды бір-бірден таңдап алып, лайықты деген адамға сыйлаңыздар. Сыйлықтарды үлестіріп болсақ, өздеріңіздің қандай қасиеттеріңіз бар екенін айтып беріңіздер. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!

Тренингті қорытындылау: Ал, енді тренингті қорытындылайық. Қандай әсер алдыңыздар? Жаңадан не білдіңдер? Не ұнамады?























Ақшұқыр мектеп-лицейі















Shape1

тренинг









Ургешбаева Тазагул















2016 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
3781
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі