Коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 24
балабақша
Байконур
қаласы
педагог-психолог
: Борсынбаева Карашаш
Қарым
- қатынасты нығайтуға арналған тренинг
- жаттығулар.
1.
Сәлемдесу
2
«Өрмекші торы» жаттығуы
3.
«Ақ парақ» жаттығуы
4.
«Жартастан өту» жаттығуы
5.
«Ашулы шарлар» жаттығуы
6.«Сиқырлы
қобдиша» жаттығуы.
1.
Сәлемдесу
Нұсқау:
Балалар өздерін таныстыру барысында,
өздерінің жеке қасиеттерімен таныстырып
өту. Мысалы: Менің атым – . Мен
сурет салуды, күреске қатысқанды жақсы
көрем.
2.«Өрмекші
торы» оқушылармен еркін қарым - қатынас
жасау мақсатында жүргізіледі.
психолог
:
Борсынбаева
К
Қатысушылар
шеңбер бойымен тұрады.. Ойынға барлығы
қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса,
сонымен аяқталып өрмек жиналу
керек.
Жаттығу
шарты: Топта бір - біріне әр кім 1 - ші
өзінің айтар тілегін, қошеметін, жағымды
қылықтарын білдіріп жіпті саусағына
іледі, өрмек тоқылды. 2
- ші кері бағытта, бірақ сол ізбен
достарының, адам бойына керек емес қажет
емес қасиеттерін, қылықтарын айту.
Өрмекті жиып шығады.
Рефлексия:
Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз
ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың
мақсаты да сол, сын түзелмей, мін
түзелмейді – дегендей, айтылған ескертпе,
сындарды түзете білейік.
3.«Ақ
парақ» жаттығуы
Мақсаты:
ұжымда ауызбірлікпен жұмыс істеуге
бағыттау.
Балалар
екі топқа бөліп, тапсырма беру. 1 – ші
топқа қағазды жырту, ал 2 - ші топқа
қағазды бірнеше жерінен тесу
беріледі.
Нұсқау:
берілген ақ парақтар бойынша, қандай
жағдаяттарды немесе аңыздарды айтуға
болады. Айтылатын ойды дәлелдеп беру
керек.
Кері
байланыс: Қағазды жыртқан және шұрқ
тескен кезде қандай ойда болдыңыз?
4.
«Жартастан өту» жаттығуы
Мақсаты:
Балалардың өзара қарым - қатынасын
бақылау.
Нұсқау:
Оқушылардың барлығы бір қатарға тұрады.
Олар жартастар болады. Ал, бір бала
жүргінші болады. Ол осы жартастан ұстап,
құламай өтуі қажет. Жартастарға
көмектесуге болмайды, деген нұсқау
беріледі.
Кері
байланыс: Жартастан өту қиын болды
ма?
Достарың
жартас болып көмектеспей тұрғанда
қандай күйде болдыңыздар?
Көмек
көрсеткенде қандай сезімде болдыңыздар?
5.
«Ашулы шарлар» жаттығуы
Мақсаты:
бойдағы ашуды, агрессияны сыртқа
шығару.
Нұсқау:
Бірнеше шарды үрлеп, бір, екеуін жару.
Бір, екі шардың желін жайлап шығару.
Кері
байланыс: Не сезіндіңіздер? Не байқай
алдыңыздар?
6.«Сиқырлы
қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау:
Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада
сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар –
қағазға жазылған адамгершілік
қасиеттер.
Жаттығу
шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен
бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған
сөзді лайықты деп санаған адамға
сыйлайды.
Рефлексия:
сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке
сізді лайық деп таныса, жеке - жеке
қошемет көрсетейік.
Сыйлықтарыңыз
құтты болсын!