ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
Мақсаты: Тәрбиешілерге эмоционалды
көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру, топтасып жұмыс
жасауды дамыту.
Қатысушылар:
тәрбиешілер
Жұмыс
түрі: топтық
жұмыс
Тәсілі: тәжірибелік жаттығулар,
жағдаяттық тапсырмалар, сұрақ-жауаптар.
Сәлемдесу. Армысыздар, жайдарлы да
жаңашыл құрметті педагогтар, тәрбиешіер! Мен сендерді көргеніме
қуаныштымын.
Алтын
ереже:
* ойымызды ашық
айтамыз;
* бір-бірімізді
тыңдаймыз;
* бір-бірлеп
сөйлейміз.
*белсенді
қатысу;
* бір-бірімізге сый
көрсету;
Қатысушылар шеңбер бойына
тұрады.
«Амандасып алайық»
ойыны
- Мен алақанымды соғамын,
сідер бір-біріңіздің қолдарыңды қысасыңдар. Менқоңырау соғамын,
мұрыңдарыңызбен амандасасыздар.
«Өмір қызығы»
ойыны
- Алақандарыңызбен 3 рет
шапалақтап, саусақтарыңды айқастырыңыздар . Егер сол бармақ үстінде
қалса – махаббатқа жақын адамдар, егер оң бармақ үстінде қалса –
қызметке жақын адамдар болып саналады екен. Сіздер сәлде болса ,
серігіп қалдыңыздар, бұл да өмірдің
қызығы.
«Сыйлық»
ойыны
Мақсаты: рефлекция процесін күшейту,
ұжымда жағымды психологичлық ахуал орнату, топ мүшелерінің
бір-бірін түсінуге , ұжымда тұлға аралық қарым-қатынастың маңызды
сапаларын ашу.
Барысы: ойынға қатысушылар шеңбер
құрып тұрады.
-
Қазір сіздер бір-біріңізге,
яғни өзіңіздің сол жағында тұрған көршіңізге сыйлық сыйлайсыз.
Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз ым-ишара арқылы
көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз қандай сыйлық сыйлап
жатқаныңызды түсінетіндей болу керек. Барлығы сыйлықтарын алып
болғанша ештеңе айтылмайды. Барлығы үнсіз
жасалады.
Талқылау:
* көршіңіз сізге қандай сыйлық
жасады деп ойлайсыз?
* қандай сыйлық сыйлағанын сіз
тез түсіндіңіз бе?
*қандай әсерде
болдыңыз?
«Мықты тірек»
ойыны
- Шеңбер бойына оңға бұрылып,
қолдарыңызды бір адамнан кейін келесі адамның иығын қойыңыздар. Мен
бұл сіздердің қолдарыңыздан келетініне сенімдімін,
бір-бірлеріңіздің тізелеріңізге отырғыңыздар, қолдарыңызды жоғары
көтеріңіздер және қол соғып қояйық. Бүгінгі қатысушыларға ешқандай
тірек керек емес, біз қазір отырдық бір-бірімізге деген сенімділік.
Арттағы адам сізді құлатпайтынына сенімдісіздер. Сондықтан осандай
жұмылған қалпы бір-бірімізге мейірімді, сенімді болайық. Суреттегі
ой экраннан суреттер көрсетіледі, осы суреттерге байланысты әр топ
өзінің ойын, түсінгендерін айтып ой
бөліседі.
1. Біреуді нұсқап тұрған сұқ
саусақ бейнеленген.
Тәрбиешілер
ойы:
Талдау: біз сұқ саусақ
саусағымызбен өзгені көрсетіп тұрғанда, өзге 3 саусағымызбен
өзімізді көрсетір тұрамыз, бірақ оны аңғара бермейміз. Ендеше, әлде
кімді кінәлағанда өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па осы жағына көңіл
бөлуіміз қажет. Қателікті өзімізден емес, өзімізден
іздейік.
2. Допқа таласып жатқан
балалар.
Тәрбешілер
ойы.
Талдау: ұлағатты тәрбиешілер
бәріне бірдей шуағын төгу
керек.
3. Тапсырма: ақ қағазға
кішкентай қара нүкте салынған, не көріп тұрғандарыңызды
айтыңыздар.
Талдау. Бұл бала алғаш дүниеге келенде
ақ қағаздай болады, сол қағазға ата-анамыз біздің салған бейнеміз
қандай болса, сол бейне балада
қалыптасады.
Релаксация. Бояу музыка ойнап
тұрады.
-
Көзімізді жұмамыз. Денемізді
бос ұстаймыз.
-
Кең демалыңыз, ақырын
деміңізді шығарыңыз.
-
Елестетіңіз .. сіз орман
ішінде келе жатырсыз,
- Әдемі әсем құстардың даусы,
сіздің құлағыңызға жағып барады.
- Құстардың әні, сылдырлаған
судың даусы естіледі.
- Шыққан судың даусына қарай
бет бұрдыңыз.
- Алдыңызда, биік таудың ағып
жатқан мөлдір бұлақты көрдіңіз.
- Күннің нұры суға түсіп,
жылдырап, ағып тұр ...
- Қасына барып алақандарыңызға
су толтырып іше бастадыңдар.
- Қандай тамаша ... ішкен
судан рахат алдыңыз.
- Су сізге күш-қуат беріп,
денеңізге мейірімділікті таратты.
- Енді бұлақтың астына барып
тұрдыңыз.
- Су бүкіл денемізді тазартып
сіздің бойыңыздағы өкпе ренішті , жаман ойларды, уайымды жуып
шығарады.
- Бұлақтың таза, мөлдір суы,
сізді өмірге деген жақсы көз қараспен, бойыңызға күш-қуат
сыйлады.
- Сіздің көңіліңіз көңілді,
қуанышты, жаңа идеяларға толы.
- Сіз осы өмірдегі ің бақытты,
байсалды, білімді құрметті адамсыз.
- Көзімізді жаймен
ашамыз.
Рефлексия
- Құрметті әріптестер, біздің
кездесуіміз келе жатыр. Сондықтан өз ойларыңызды ортаға салып,
бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық! Тренинг сіздерге не берді.?
Қандай сезімде болдыңыз? Ұсыныз тілектеріңізді
айтыңыз.
Құрметті әріптестер! Біздің
сіздермен кездесуіміз өз мәресіне жетті. Бірақ біздің жолымыз әлі
соңына жеткен жоқ, біз әрдайым қозғалыстамыз. Олай олса, XXI
жаңашыл, шығармашылықтарыңыз толғай табыстарға толы шебер маман
иесі болуларыңызды тілектеспін! Барлықтарыңызға үлкен
рахмет!