400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

тренинг "Татулық- достық кілті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Психологиялық ойындар арқылы қатысушыларды бір-бірімен тату қарым-қатынас орнатуға шақыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:_______

Күні:

Сыныбы

Тақырыбы: Татулық-достық кілті

Мақсаты: Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Психологиялық ойындар арқылы қатысушыларды бір-бірімен тату қарым-қатынас орнатуға шақыру.

Түрі: тренинг сабақ.

Қажетті құралдар: интерактивті тақта, суреттер, тренинг ережесі, маркер, А-4 ақ парақ, бейджик, скотч,

Тренинг жоспары:

1.«Сәлемдесу» жаттығуы

2. Достық үйі

3. «Біз-татумыз» топтық жұмыс

4. «Ауа-райы» жаттығуы

5. «Менің белгім» анкета толтыру

6. «Тату алақан» жаттығуы

7. Рефлексия

Тренингтің барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! «Татулық-достық кілті» атты тренингке қош келдіңіздер! тақырыпта әңгімелесіп, Қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «Достық», «татулық» деген ұғым туралы түсінік аламыз. Тренингке қатысушылар алдарыңызда тұрған конфеттен алыңыздар. Конфеттің түсіне қарай топқа бөліне отырыңыздар. Жасыл түсті-Татулық Қызғылт түсті- Сыйластық Сары түсті-Ынтымақ тобы

1.«Сәлемдесу»жаттығуы

Мақсаты: мейірімді қарым-қатынас қалыптастыру.

Нұсқау: Қазір мен сіздерге түрлі тәсілдермен амандасуды ұсынамын. Сіздер оң және сол жақ көршілеріңізбен дәл солай амандасуларыңыз керек. Амандасу кезінде бір-бірлеріңізден қал-жағдайларыңызды сұрауды ұмытпаңыздар. Сонымен, көзбен..., қолмен..., тіземен..., иықпен..., арқамен..., баспен..., аяқпен..., т.б.

Ал сендер, «татулық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Татулық деген бірін - бірі ренжітпеу, ойыншықтарын, қолдарындағы тәттілерімен бөлісу, бірге ойнау т.б.

Түйіндеу.

Татулық достар арасындағы ең тамаша қасиет.Тату балалар бір - бірін

ренжітпейді, тату - тәтті ойнайды, қолында бар нәрсемен бөліседі.

2. «Достық үйі» мінездеме беру

Жаттығу мақсаты: оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктері туралы анықтама беру

НShape1 ұсқау: берілген «Достық үйіне» өзіңіздің қай этажда тұрғыңыз келетінін белгілеңіз. Сол арқылы сіздің қандай жеке тұлғалық ерекшелігің бар екенін байқаймыз.

Shape2 ІҮ қабат- Сенімді адам

Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 ІІІ- ІІІ қабат-Көмегін аямайтын адам

Shape9 ІІ қабат-Шыдамды адам

Shape13 Shape12 І қабат- Сабырлы адам

Shape22 Shape23 Shape19 Shape20 Shape18 Shape21






3. «Біз татумыз»

Шарты: әр топ татулық (отбасында, достар арасында) ұғымына байланысты сурет салады.


4. «Ауа-райы жаттығуы»

Қатысушылар ауа-райын белгілі бір іс-қимылмен көрсетеді. Қатысушылар алдыңғы адамның арқасына қолы жетерліктей жақын отыруы керек.

-Күн ашылды-екі алақанмен арқаны сипалау

-жаңбыр жауды- сұқ саусақпен арқаны тарсылдату

-дауыл тұрды-арқаны шымшу

-Жел соқты-арқаны жоғарыдан төмен қарай сипалау

-Бұршақ жауды-жұдырықпен тарсылдату.

Осы қимылдардың орнын ауыстырып оңнан солға, солдан оңға қарай жасауға болады.

Талдау: қандай көңіл-күйде болдыңыздар.


5. «Менің белгім» анкета толтыру, таныстыру. Мынадай төрт сұраққа жауап жазады. (сөзбен, сурет салу арқылы): Менің отбасым. Жақын досым. Менің жақсы мінезім, жағымсыз мінезім. Ұнататын түсім. Оқушы ол-..............


6. «Тату алақан» жаттығуы. Әр қатысушы өз парағына алақанның суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жақып шығады.


7. Рефлексия


Психолог: Достық - бұл үлкен ұғым.Сендердің тату достықты қалаған жүректеріңдегі қуаныш, үміт шоғы өмір бойы сөнбесін . Осы ізгі тілек, игі ниеттерің орындалсын деген үмітте, бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
22.09.2021
2323
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12