11-сынып оқушыларына ҰБТ психологиялық дайындық
1. «Сағат тілі» жаттығуы
Нұсқау: қатысушыларға сағаттың суреті бинеленген қағаздар таратылып беріледі. Қатысушылар психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері қалаған қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған соң, психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді: Мысалы:
13-14 аралығы – амандасу
15-16 аралығы – күлімдеу
17-18 аралығы - комплимент айту
-
-
аралығы – басынан сипау
-
-
-
аралығы – қол алып амандасу
-
23-00аралығы – мимика арқылы сыйлық сыйлау
2. Сергіту жаттығуы: «Мейірімді
балалар»
– Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір
бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді балалар» жаттығуын
ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан
ұстаңдар. Балалар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір
қадам артқа аттап, дем шығарамыз. Балалардың жүрегі соғады. Екі
қадам алға, екі қадам артқа адымда. Рахмет.
«Сыр сандық» жаттығуы. Ойлануға арналған «Сыр сандық» ойынының
шартын таныстырамын. Мен сұрақтарды оқимын. Сендер әр
сұраққа бір оқушыдан жауап беруі керек.
Барлығы 20 сұрақ.
Ойынның шарты: Біз бір-бірімізді жақын тану үшін барлығыңа «сыр
сандықты» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «сыр сандықтағы»
аяқталмаған сөйлемді өз сөзімен аяқтайды.
1. Ең үлкен қорқыныш – бұл...
2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
3. Мен ренжимін, егер...
4. Мен ұмытпаймын, егер...
5. Маған көңілсіз, егер...
6. Егер маған дауыс көтерсе, мен...
7. Мен қарсыласқанда...
8. Егер мен сенімсіз болсам, онда...
9. Егер маған біреу ұнап қалса ...
10. Егер, мен шаршасам...
11. Мен бос уақытымда ...
12. Менің әлсіздігім ....
13.Маған жеркенішті....
14. Мен қуанамын, егер...
15. Менің жетістігім бұл ...
16. Менің байлығым ...
17. Егерде мен сиқыршы болсам...
18. Маған ұнамайтын қасиеттер...
19. Менің хоббиім...
20.
Өмір бұл...
– Сөйлемді аяқтағанда, қандай сезімде болдыңдар? Әрине, әрқайсымыз
қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген,
нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау
мен сүйенішті қажет етеміз.
3. Түлектерге арналған аффирмация
(Аффирмация тақтадан көрсетіліп, дауысталып
оқылады.)
Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту
сөздері болып табылады).
• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым
болады.
• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
• Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып
келеді.
• Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
• Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана
қабылдаймын.
• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен
айналысудамын.
• Өзіме деген сенімділік үнемі менің
жадымда.
4. . «Эксперимент» жаттығуы
Нұсқау: берілген мәтінді немесе өлең жолдарын кедергісіз, тез арада оқып шығу.
СеЗДірМей жҮРгеН,
ТеК өЗім біЛГен,
БІр сЕНім бАр
ЖОҒалМас мүЛДем.
Сол сЕНІм бАрДа,
АСЫғам аЛҒа,
Ақ тІЛегІм биІКке саМҒа!
2. сЕНбе
еШКіМге, тҰРса дА қАНша маҚТап,
ҚОр қЫЛаДы, қУЛыҒын іШКе саҚТап.
Өзіңе сен, өзІҢді аЛЫп шЫҒар,
АҚылың мЕн еңБЕгің еКі
жаҚТаП.
3. СеНІМді аҚЫл мен еРІкке бАҒындыру қаЖет. ТаБАндыЛЫқпЕн өЗІңді-өЗІң бИЛеу, өР рУх пен қаЙЫспаЙТын қаЙСарлық - еРЛік- Тің кеПІлі. Бауыржан Момышұлы
5. «Дыбыстық гимнастика»
Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.
А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады
Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді
И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады
О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді
Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі
Ха – ха – көңіл күйді көтереді.
6. «Айна» жаттығуы
Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар бір- біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар рөлдерін өзара ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Осылайша жұптар кезекпен ауысады, топ алдына барлық қатысушылар шығып жаттығады.
7. Рефлексия
Оқушылар бүгінгі тренингтен алған әсерлерін және болашақта қандай мазмұндағы тақырыптардың қамтылуын қалауы туралы баяндап өтеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тренинг "ҰБТ-ге психологиялық дайындық"

шағым қалдыра аласыз