400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг:Арманыңыз асқар таудай болсын!, Тренинг: Өзіңе сенімді бол. Тренинг: Бірқалыпты психикалық саулық.

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтарға 11- сынып оқушыларын ҰБТ -ге психологиялық тұрғыда қолдау, сыныптастары арасындағы қарым- қатынасты нығайту, өзіне деген сенімділіктерін арттыру,бірлесе жұмыс жасауларын ықпал жасау..
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тренинг: Арманыңыз асқар таудай болсын.

Мақсаты: ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда қолдау, сыныптастары арасындағы қарым- қатынасты нығайту, өзіне деген сенімділігін арттыру.

Қатысушылар: 11- сынып оқушылары.

Қажетті заттар мен құралдар: А4 форматтағы ақ қағаздар, доп, «Достық үйі» суреті, жұмсақ «жүрек» ойыншығы.

Нақыл сөздер: «Ерік- жігері күшті адам- нағыз мықты адам»; «Армансыз адам қанатсыз құспен тең»; «Адам баласының құндылығы- оның білімінде һәм ойлана білуінде» (Жүсіп Баласағұни).

Тренингтің барысы:

Психолог: Құрметті оқушылар, сіздер- Қазақстанның болашағысыздар, болашақ білімді ұрпақтан басталады! Сіздер кеше ғана кішкентай бүлдіршін бала болсаңдар, міне бүгін үлкен өмір жолына додаға қатысуға дайындық үстінде жүрсіздер. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы арман, мақсат пен міндеттерің тұр. Алдарыңдағы жолдарың әрқашанда ашық болсын, асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кімде кім көп еңбектенсе, соның бағы жанады, жолы болады.

1. «Менің есімім» жаттығуы

Мақсаты: топқа деген жағымды сезімді дамыту.

Нұсқау: қазір мына кішкентай доп сіздердің қолдарыңызға тиеді. Бұл допты ұстаған адам өз есімін айтуы тиіс. Доп барлығына тигеннен соң, доп қайта бір айналады. Сол кезде әрбір қатысушы тренингте қолданатын есімін айтуы тиіс.

Ал енді өз есімдеріңізді жазып, төсбелгіні әзірлеңіздер.

Талдау: Өз есіміңізді айтып топпен танысқан кезде қандай сезімдер тудырды?

Тренингке қандай тілектер айтар едіңіздер?

2. «Келісу керек» жаттығуы

Мақсаты: топты қыздыру, қатысушылардың зейінін тұрақтандыру, бірлесіп әрекет жасаудың құндылығын ұғындыру.

Барысы: Қатысушыларға қарапайым ойын ойнау ұсынылады. Яғни, 10-ға дейін санау керек. Бірақ оны біз топ болып орындауымыз керек. Кез келген бір қатысушы «бір» дегенде, кез келген екінші қатысушы «екі» дейді, және т.с.с. бір мәселені ескеру керек. Екі немесе одан да көп болып санды айтып қойсақ, ойын басынан басталады. Ойын барысында сөйлесуге тыйым салынады.

Талдау: Ойын қалай басталды?

Әркімнің бастапқыда не істегісі келді?

Басында неге шықпады?

Бұл ойын бізді неге үйретті?

3. «Маған керексіз қылықтар қош бол!» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың өз бойларындағы жағымсыз, қажет емес, кедергі жасайтын қылықтардан арылту.

Нұсқау: Ақ қағазға керексіз қылықтарды тізіп жазып, қағазды умаждап, бүкіл күшіңізбен кәрзіңкеге лақтыру.

Талдау: Жаттығуды орындаудан кейінгі көңіл- күйіңіз қандай?

4. «Достық үйі» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың мінез- құлық ерекшеліктері туралы анықтама беру.

Нұсқау: берілген «Достық үйіне» өзіңіздің қай қабатта тұрғыңыз келетінін белгілеңіз. Сол арқылы сенің қандай жеке тұлғалық ерекшелігің бар екенін байқаймыз.

ІҮ қабат

Сенімді адам

ІІІ қабат

Көмегін аямайтын адам

ІІ қабат

Шыдамды адам

І қабат

Сабырлы адам


5. «Мен кіммін» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың «Кеше кім?», «Бүгін кім?», «Ертең кім?» болатынын түсіндіре отырып, өзінің кімге сәйкестігін анықтау.

Нұсқау: оқушылар ортаға шығып шеңбер құрады, бір шетінен бастап өзінің кім екендігін айтады.

6. «ҰБТ-да жетістікке жетейік!» әнін орындау. («Біз дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен)

7. «Құрметтім, саған не тілейін» жаттығуы

Мақсаты: тренинг туралы топ қатысушыларынан қайтымды байланыс алу.

Нұсқау: Жайланып айнала отырып, менің қолымдағы ғажайып жүрекшеге қараңыздар. Қазір ол көңілді түрде сіздердің қолдарыңызға өтеді. «Жүрекшені» алған адам өз әсерлеріңізбен бөлісіп топ қатысушыларына тілек арнайсыз.

Талдау: Бүгінгі тренингтен алған әсеріңіз?



















Тренинг: Өзіңе сенімді бол!

Мақсаты: Оқушылардың психикалық көңіл- күйін көтеру. Есте сақтауды, зейінін аудару дағдыларын, жылдамдық реакциясын дамыту. Өзіне деген сенімділікті арттыра отыра, ұжымда сыйластық қарым- қатынас орнату.

Қатысушылар: 11- сынып оқушылары

Қажетті заттар мен құралдар: қобдиша, 11- сынып оқушыларынан хат, кесте7

Тренинг барысы:

1.Сәлемдесу. Барлық қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Әрбір қатысушы өзін таныстырады. Бүгінгі көңіл- күйімен бөліседі. Мысалы: «Менің есімім Фатима. Мен- психолгпын. Бүгінгі көңіл- күйім өте тамаша!»

2. «Жылдамдық» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың жылдамдық реакциясын дамыту.

Нұсқау: Мен сіздерге жылдам сөздер тобын оқимын, сіздер мұқият тыңдап әр сөздің 2- әрпін жазасыздар.

Психолог: Бастаймыз!

Ес, сезім, анықтау, білек, емен, адамгершілік, кітап, үлкен, білім, екі.

СЕНІМЛІЛІК. «Сенімділік» сөзіне түсініктеме беру.

* Сенімділік адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып саналады.

* Сенім- адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс- әрекет жасайды.

3.Кеңес «Адам қалай өзіне сенімді болуға болады»

- Өз бетінше жетіліңіз және өзіңізді сүйіңіз.

- Ешқашан өзіңізді басқалармен салыстырмаңыз.

- Өз бағаңызды жоғарылатыңыз.

- Барлық күдік пен қорқынышты бойыңыздан алып тастаңыз.

4. «Импульс» жаттығуы.

Мақсаты: бір- біріне және өзіне сенімділікті арттыру, топтағы ынтымақтастықты нығайту.

Нұсқау: Бәріміз шеңбермен тұрып, қолымыздан ұстап, бір- бірімізге үнсіз тұрып күш, энергия береміз. Ол үшін қолымызды кезекпен қысамыз.

Талдау: Қандай сезімде болдыңыздар?

«Өмір жаңғырығы» аңыз оқу.

Әкесі баласымен бірге тауға барады. Содан келе жатқанда аяғын тасқа ұрып алған ұлы:

- А-а-а-а!- деп айқай салады.

-А-а-а-а!- деген жауапты естіп таң қалады.

-Сен кімсің?- деп сұрайды бала.

Ал оған: - Сен кімсің?- деген жауап келеді.

Мұндай жауапқа ашуы келген бала:

-Қорқақ!- дейді.

Ол оған: -Қорқақ!- деп жауап береді.

Бала әкесінен:- Не болып жатыр?- деп сұрайды.

Әкесі жымиып күледі де, былай жауап береді:

- Ұлым менінің сөзіме құлақ сал, мұқият тыңда.

Әкесі тауға: - Мен сені сыйлаймын!- деп айқайлайды.

Ол оған: - Мен сені сыйлаймын!

- Сен кереметсің!

Ол оған: - Сен кереметсің!

Бала не болғанын білмей, сонда да таңдануын қоя алмады.

Сонда әкесі: - Бұл құбылысты жаңғырық деп атайды. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Шындығында бұл өмір деп аталады. Ол сен не айтсаң да, не істесең де, соның бәрін өзіңе қайтарады. Бұл өмір заңдылығы. Өмірде кездейсоқтық деген нәрсе жоқ. Сондықтан өзің түзелмесең, өзгелерді түзей алмайсың.

5. «Кестелер» жаттығуы.

Мақсаты: оқушы бойындағы сәтсіздіктен қорқу сезімін, мазасыздануды, қобалжуды жою.

Нұсқау: кесте біресе А кестесінен, біресе Б кестесінен цифрды іздеуге құрылған. А кестесінен цифр іздеу «жоғарылауына қарай»- 1-ден 25-ке дейін, ал Б кестесінен цифр іздеу- «төмендеуіне қарай»- 25-тен 1-ге дейін жүзеге асырылады. Мысалы: «1,25, 2,24,...» . бұл кезде цифрлар қаламмен немесе көрсеткімен көрсетіледі, сондай- ақ цифр іздеуге жұмсалған уақыт белгіленеді.

6. «Ұмытшақтықтан арылтатын 7 тәсіл» кеңес

Психолог: Адамның есте сақтау қабілетінің төмендеуі, яғни ұмытып қала беруінің себебінің бірі- шектен тыс ағзаға түсетін ауыртпалықты айтуға болады. Егер миға қатты салмақ түссе, жаңғалақтық пайда болады.

Миға көмектесудің тәсілдері

  1. Кофе ішіңіз. Холестерин мидың қан жолдарын бітеп тастайды. Сондықтан түскі астан тоя тамақтанғаннан соң, бір шыныаяқ табиғи кофе ішіңіз. Ол зиянды холестериндердің әрекетін бейтараптандырады. Алайда оны мөлшерінен артық ішпеңіз. Одан зиян шегесіз.

  2. Ассиметриялық жаттығу. Мұндай жаттығу мидың екі жағының бір уақытта бірдей жұмыс істеуіне көмектеседі. Мидың жұмысын жақсартатын жаттығу тәсілі мынадай: бір қолды бір бағытпен айналдырады. Екіншісін, кері қарай жасайды. Не болмаса оң аяқтың тізесі мен сол қолдың шынтағын, сол аяқтың тізесі мен оң қолдыңшынтағын кезектестіре бір- біріне тигізеді.

  3. Бір аяқпен тұрыңыз. Тепе- теңдікті ұстап тұру ми үшін қиындау. Дегенмен тепе- теңдікті ұстауда ми қатаяды, яғни бұл жақсы жаттығу саналады. Жіңішке сызық бойымен жүріңіз немесе бірнеше минут бір аяқпен тұрыңыз. Жаттығуды күн сайын 5-10 минут қайталап жасаңыз.

  4. Көп оқыңыз. Газет- журнал мен кітаптар оқыған кезде жаңа ақпараттармен танысасыз. Қарапайым ғана махаббат туралы романдар мен детективтер кинодан гөрі мида тез сақталады.

  5. Маңызды. Есте сақтауды жақсартуда спорттың пайдасы зор. Кез келген жаттығу мидағы қанайналымды жақсартады. Нәтижесінде есте сақтауды қайта қалпына келтіреді.

  6. Билеңіз. Қызық жағдай. Билеген кезде әуеннің ырғағымен әрбір қимылды жаттағанда бұл ми үшін керемет жаттығу болып саналады.

  7. Грек жаңғағы. Оның құрамындағы лицитин атты зат мидың жұмысын жақсартып, есте сақтауды күшейтеді. Тәуліктік дәрумендер мөлшерін толықтыруда, ойлауды жақсартуда күніне 5 жаңғақ жеудің өзі жеткілікті. Жаңғақ мидың тез қатаю процесін баяулатады.


  1. «Ақ тілек» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың көңіл- күйін жоғарлату, өздеріне деген сенімділікті, өмірге деген қызығушылығын арттыру.

Нұсқау: Оқушылар қобдишаның ішіне түрлі тақырыпта тілектер жазып, бүктеп салады. Оқушылар тілектерді таңдап алып оқиды.

Талдау: Тілек жазу ұнады ма? Өз сезімдеріңізбен бөлісіңіздер.


























Тренинг: « Бірқалыпты психикалық саулық»

Мақсаты: Оқушылардың өзінің ішкі сезімдерін басқаруын, қабылдау дағдысын қалыптастыру, түстердің адам организіміне тигізетін әсерін таныстыру, айналасындағылармен қарым- қатынасын, бір- бірлеріне сенімін, қолдауын ынтымақтастығын дамыту.

Қатысушылар: 11- сынып оқушылары, мектеп психологы.

Қажетті заттар мен құралдар: ватман, «Әлемнің жеті кереметі» бейне ролик, түрлі- түсті фломастерлер, майшам.

Тренинг барысы:

  1. «Әуенді шапалақ» жаттығуы.

Нұсқау: Ойыншылар ауаны шапалақтауды, санды шапалақтауды, саусақтармен шертуді бастайды. Мысалы: ауаны шапалақтап- менің атым Фатима деп есімін, санды шапалақтап- мен Қоғам ауылында тұрамын деп тұратын жерін, саусақпен шертіп- мен сыпайымын деп бойындағы қасиетін айтады. Мұндай ретпен барлық қатысушылар кезекпен өздерін таныстыруы қажет.

Талдау: Жаттығу сізге ұнады ма, неліктен ?

Өз бойыңдағы қасиеттерді айтқанда қандай күйде болдың?

  1. «Заттардың қасиеті» жаттығуы.

Мақсаты: ойлау жылдамдығын дамыту, ес қабілетінен ақпарат жылдамдығын алу, жаңа аймақтарға өту қабілетін сезіну.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мына апельсинді кезекпен бір- бірімізге бере отыра, оның бір ғана ерекшелігін айту қажет. Мысалы: «Апельсин- дөңгелек, қызғылт сары, иісі бар, бұжыр, тәтті, қышқыл, әдемі, симметриялы, т.с.с.

Талдау: Жаттығуды орындау қиынға соқты ма?

Жаттығу ұнады ма?

  1. «Мені қоршаған әлем» жаттығуы

Нұсқау: Қазір барлығымыз отырған аудиторияны мұқият қарап шығып, ондағы бар заттарды ретімен атап шығу керек.

  • Дөңгелек формалы заттарды;

  • Темір заттарды;

  • Ақ түсті заттарды.

Талдау: Жаттығу несімен ұнады?

  1. «Әлемнің жеті кереметі» бейне ролик көру.

Талдау: Қатысушылар өз ойларымен бөліседі.

  1. «Миға шабуыл» жаттығуы

Нұсқау: Қатысушыларға екі ватман қағазға «Оқу үрдісі» және «ҰБТ-ге дайындық» деп жазылған негізгі екі сөз тақтаға ілінеді. Қатысушылар кезекпен тақтаға шығып 11- сыныптағы оқу үрдісі мен ҰБТ-ге дайындық жайлы өз ассоциацияларын, пікірлерін айтып жазады. Мысалы: «Оқу үрдісі- үнемі еңбек, үнемі шаршау, күш пен ми жұмысы т.с.с» ; «ҰБТ-ге дайындық- уақыттың жетпеуі; депрессия; апатия; шаршау т.с.с.»

Талдау: Жаттығуды орындағанда қандай күйде болдыңыздар?

  1. «Түстердің психикаға әсері» дәріс.

Психолог: Сіздердің айтқандарыңа сүйене отыра, дәл қазіргі уақытта сіздердің эмоциялық күйлеріңізге мынадай нәтиже жасауға болады. Сіздерде уайым мен қобалжу сезімдері анықталуда. Өмірдің түрлі бояулары адамға тек қана психологиялық немесе эмоционалдық әсерін ғана тигізбейді, сонымен қатар сіздердің мінез- құлықтарыңызға және денсаулықтарыңа да түбегейлі қатысты.

Қызыл түс- күн, от, өмір түсі. Бұл түс тыныш, сабырлы адамның өзін мазасыздандырып, шамадан тыс белсенді және агрессивті етеді.

Сары түс- көңіл- күй көтеріп, бақытқа бөлейді. Психиканы зейінділікке, тыңдауға ынталандырады.

Жасыл түс- мінез- құлыққа бірден әсер етеді. Ол қоршаған ортаға деген қызығушылықты оятып, оқу- білімге деген зейінін арттырады.

Көк түс- бас ауруын басып, күйзелістен шығарады. Бұл түс барлық ағзаны тыныштандырады. Сонымен қатар ішкі қорқынышты басып, депрессия мен уайымнан арылтады.

Қызғылт түс (оранжевый)- қуаныш пен бақыт түсі. Деппресия күйіндегі адамға жақсы әсерін тигізеді. Бұл түс денсаулық түсі. Көңілді көңіл- күй сыйлайды. Жұмысқа деген құлшыныс тудырады. Бұл түс көбінесе үлкен материалды аз уақытта қамту үшін және жаңа материалды тез арада қабылдап, есте сақтау үшін тиімді.

Ақ түс- көңіл- күйге оң әсер етеді. Ішкі сезімді тыныштандырып, ашу- ызаны бірден басады.

  1. «Менің бөлмем» жаттығуы.

Нұсқау: Қатысушылар екі топқа бөлініп, әр ұжым келісе отыра, дизайнер ретінде өз бөлмелерін безендіру жоспарын құрып, таныстырады.

  1. «Майшам» жаттығуы.

Нұсқау: Оқушылар шеңберге тұрады. Майшам- ол жарық, шуақ. Жағылған майшамды қолымызға ала отыра бір- бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір- бір жылы сөз айтып майшамды беріп отырамыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
08.05.2019
1817
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі