Мамандық
таңдау-ертеңді ойлау
Мақсаты:
мамандық таңдауда жауапкершілікті
қалыптастыру.Оқушының кәсіби бағдарының
табандылығын анықтау,психологиялық
дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін
шыңдау.
Сыныбы:
9
Күтілетін
нәтиже:тренинг
соңында оқушылар мамандық таңдау кезінде
нақты шешім қабылдауы.Өзіне лайықты,ұнайтын
мамандық таңдап,сол мамандықтың қыр
сырын ұғынуы,ең басты қателеспеудің
жолын таңдау керек.
Тренинг
ережелері:
1.Сыйластық
2.Тыңдай
білу
3.Сөзді
бөлмеу
4.Белсенділік
таныту
5.Шығармашылық
6.Түсіністік
қарым-қатынас
1.Мамандық
туралы түсінік беру.
Қазақ
«Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу
керек:бірі жар таңдағанда, екіншісі-мамандық
таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.
«Мамандық» сөзі латын сөзінен шыққан,
«жұрт алдына сөйлеу,жариялау» дегенге
білдіреді. Есте жоқ ескі заманда
мамандықтың қазіргідей түр-түрі
болмады.Әр адам барлық жұмыспен өзі
ғана айналысатын.Дегенмен,әйелдер мен
ерлерге деп бөлінетін жұмыстар
болған.Ерлер аң аулап,үй тұрғызып,
қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды
өсімдіктерді жинап,тамақ пісірген,киім-кешек
тігіп, бала тәрбиелеген.Заман өзгерген
сайын,адам да жетіліп,нарықтық
қарым-қатынас пайда болды.Қоғам дамып
дүниеге түрлі жұмыстар,сәйкесінше,түрлі
мамандықтар келді.Кез-келген еңбек
мамандық емес.Еңбектің мамандық деп
аталуының өзіндік шарттары бар:бірі-маман
атануыңыз үшін білім алып,қолыңызға
сол саланың дипломын,куәлігін,аттестаты
не сертификатын алуыңыз керек
болса,екіншісі-еңбегіңізге ақының
төлену қажеттілігі.
ІІ.
«Кел,танысайық!» тренингі
Қатысушылар
өзі туралы айтады.Мысалы, «Мен Айнұр
педагогпын,сыпайымын,әдептімін,сымбаттымын»
деп таныстырады.
ІІІ.
«Сәйкестендіру»
Мына
берілген қасиеттердің қайсысы қай маман
иесінде басым болуы керек?
Мамандықтар:
Мұғалім
көру
Жүргізуші есте
сақтау
Дәрігер
иіс сезу
Аспаз төзімділік
Әнші жылдамдылық
Инженер талапшылдық
Тренер
әдептілік
Бухгалтер табандылық
Фермер шығармашылық
Дизайнер есту
қабілеті
ІV.
«Мамандықты тап» ойыны
Әр
топтан бір оқушыдан шығып,мамандықтардың
аттары жазылған карточканы таңдайды,ішінде
жасырылған мамандықты отырған оқушыларға
ыммен,мимикамен,іс-қимылмен көрсетуге
тырысу керек.Қалғандары мамандықты
табу керек.
Дәрігер
Фабрика
басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк
қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Дәнекерлеуші
V.Тесттік
тапсырмалар :
1.Ең
ақшасы көп мамандық қандай?
А)
еден жуушы ә) мал дәрігері,орманшы
Б)
бухгалтер,экономист
2.Ең
«жасыл» мамандық қандай?
а)мұғалім,дәрігер
ә)эколог,бағбан
б)мұнайшы,ұшқыш
3.Ең
«тәтті» мамандық қандай?
а)аспаз,кондитер
ә)сот,заңгер
б)
шахтер,ғарышкер
4.Ең
«күлкілі» мамандық қандай?
а)журналист,зергер
ә) клоун,карикатурашы
б)ғарышкер,ұшқыш
5.Ең
жауапты мамандық қандай?
а)сот,бухгалтер
ә)әнші,биші б)ұста,шебер
6.Ең
салмақты мамандық қандай?
а)
клоун,әзілкеш ә) мұғалім,заңгер
б) аспаз,кондитер
7.Ең
қарым-қатынасы күшті мамандық қандай?
а)
мұнайшы,орманшы
ә)бағбан,дихан б)бизнесмен,кәсіпкер
VІ.
«Әріпті
мамандық» сайысы
Әр
топқа бір әріптен беріледі.Қай топ сол
әріптен басталатын мамандық аттарын
көп тапса,сол топ жеңіске жетеді.Қағазға
жазу сұралады.Тапсырманы орындауға 1
минут беріледі.
«А»
-әрпінен басталатын мамандық
«С»
-әрпінен басталатын мамандық
«М»
-әрпінен басталатын мамандық
VІІ.
«Бұл кім?» кәсіби бағдар ойыны
Қазір
мен сендерге әртүрлі мамандықтар
айтамын,ал сендер секунд ішінде
жолдастарыңызға қарап аталған мамандық
көбірек кімге үйлесетінін іштей
анықтайсыңдар.Сосын не себепті сол
адамға таңдағандарыңды және не себепті
сол мамандыққа сәйкес келетіндігі
туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер.
Мұғалім,жүргізуші,дәрігер,тігінші,әнші,журналист,спортшы,программист,
эколог,заңгер
«Болашаққа
хат» жоспары:
1.Амандасу
2.Өзі туралы әңгімелеу
3.Кәсібі
туралы 4.Қоштасу
VІІІ.Суретті
тест
(тренингтен алған әерің)
Оқушыларға
ақ параққа күннің,бұлттың,жаңбырдың
суреттері бейнеленген парақ
таратылады.Тренингтен алған
әсерін,бір-біріне тілектерін сол берілген
суреттің біреуіне жазады.
Күннің
суреті-тренингке қатысушының толық
қанағаттанғаны,көңілденгені
Бұлттың
суреті- алған әсері төмен
Жаңбырдың
суреті-ешқандай әсер алмағаны
ІX.Қорытынды
Ж.Аймауытов
«Мамандықтың жаманы жоқ,бірақ мұның
кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай
күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы
емес,үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет
ететін нәрсе» деген екен.
«Отанның
болашағы ,мемлекеттің келешегі жастардың
қолында,яғни сендердің қолда,сондықтан
олардың өрісті ойы,өркенді ісі,табанды
тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің
арқасында биік белестерге жетеді» -
деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бүгінгі
тренинг сабағымызды аяқтаймыз.
Мамыт
негізгі орта білім беретін мектебінің
психологы-
Оразбаева
Сағыныш Оразбаевна