Сейдахмет Дінмухамбет Әлжанұлы,Ю.Гагарин атындағы ЖОМ әлеуметтік педагогы.ОҚО,Түлкібас ауданы,Майтөбе ауылы.
Тренинг тақырыбы:Тұлғааралық қарым-қатынасТренинг мақсаты: -Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру. -Оқушылардың айналасындағы адамдармен,қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамытуТренинг міндеттері: - тұлғалар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну; - өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу; - сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу; Көрнекіліктер: интерактивті тақта,плакаттар,үлестірмелі суреттер, ағаш макеті;Тренинг құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.ІІІ. Негізгі бөлім. 1 «Дұрыс демалу-денсаулық кепілі»Психологиялық жаттығу . Топқа бөлу.2 Жеке тұлға-саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы.3 «Жағымсыз қасиеттерден арылайық» жаттығуы.4«20 құнды қасиет» жаттығуы.5«Дос іздеймін және достық ережесін құру» жаттығуы.6 «Тимбилдинг»жаттығуы. Берік бірлік қорғаны.ІV. Қорытынды бөлім.а) «Саған сыйлаймын» жаттығуы.ә) «Кері байланыс» Пікір ағашы.Тренингтің жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/ ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау - Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер.ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру. - Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді. Топта жұмыс істеу ережесі:1. Бір-бірімізді тыңдау.2 Тренигке белсенді қатысу. 3 Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. 4 "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу. Негізгі бөлім. 1. Дұрыс демалу-денсаулық кепілі. Психологиялық жаттығу .Топқа бөлу2. Жеке тұлға –саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы. Мінез-құлқы, көңіл күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әртүрлі адамдарды түсіне білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжрибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптаса алады. Жеке тұлға дегеніміз кім? Оқушылар ойларын ортаға салады.3. «Жағымсыз қасиеттерден арылайық»жаттығуы. Оқушылар өз бойларындағы жағымсыз қасиеттерді атап, қағаз бетіне түсіреді. Жазған қағазды жағымсыз қасиеттерден арылу үшін ұсақтайды.4. «20 құнды қасиет» жаттығуы. Әр адамның алға қойған мақсат – мұраты, тілектері болады. Бойына жақсы адами қасиеттерді дарыта алғандар ғана өмір жолындағы қиыншылықтарға қарамастан шыдамдылық танытып, өзін - өзі тәрбиелеп мақсатына жетеді. Ал адам бойында болуға тиісті 20 құнды қасиет бар. Осы қасиеттердің қайсысы өз бойларыңызда бар деп ойлайсыздар . Екі топ постермен жұмыс, қорғауАдами құнды қасиеттер 1. Өмірге риза болу 2. Ақылдылық 3. Ұқыптылық 4. Кең пейілділік 5. Қарапайымдылық 6. Әділдік 7. Ашықтық 8. Өз бетінділік 9. Принциптілік 10. Шыншылдық 11. Өзіне сенімділік 12. Еңбекқорлық 13. Батылдық 14. Тұрақтылық 15. Төзімділік 16. Сабырлық 17. Тіл табысушылық 18. Саналылық 19. Бауырмалдық 20. Сыпайылық 5. «Дос іздеймін»жаттығуы.МАҚСАТЫ: бір-біріне ерекше мән беріп, достарын бағалауға үйретуОқушылар достарының асыл қасиеттерін оқиды, құрмет көрсетеді. ЕКІ ТОП «Достық ережесін құру» Постермен жұмыстарын қорғау«Тимбилдинг» жаттығуы Берік бірлік қорғанын жасау Екі топ бірге жасайды,мақсаты: бірлікке, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Қорытынды бөлім.а) «Саған сыйлаймын » жаттығуы Оқушылар мимикамен, жестпен сыйлық сыйлайды.б) «Кері байланыс» Пікір ағашына өз ойларын жазып іледі.- Тренингте не ұнады? - Не ұнаған жоқ? - Өзің жаңадан не білдің? "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі суреттер арқылы анықтау. Тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.