жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ТРИБОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ СЫРҒАНАУ ҮЙКЕЛІСІНІҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ.
ТРИБОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ СЫРҒАНАУ ҮЙКЕЛІСІНІҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ.
Нахадбай Серикбол
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты. Қазақстан. Өскемен қаласы.
e-mail: snahadbai@mail.ru.
ЗНАЧЕНИЕ ТРИБОЛОГИИ И ОСНОВНЫЕ УСЛОВИЯ ТРЕНИЯ СКОЛЬЖЕНИЯ.
Нахадбай Серикбол
Магистрант Восточно-Казахстанского государственного университета имени Сарсена Аманжолова. Казахстан. Г. Усть-Каменогорск. e-mail: snahadbai@mail.ru.
THE IMPORTANCE OF TRIBOLOGY AND THE MAIN CONDITIONS OF SLIDING FRICTION.
Nakhadbay Serikbol
Master's student of Sarsen Amanzholov East Kazakhstan State University. Kazakhstan. The city of Ust-Kamenogorsk.
e-mail: snahadbai@mail.ru.
АННОТАЦИЯ (аңдатпа)
Ұсынылған мақалада трибология саласының маңыздылығы мен сырғанау үйкелісін заңдылықтары мен шарттары туралы қамтылды.
Сырғанау үйкелісін орта мектептерде оқуда ескерілетін негізгі мәселелер мен ұсыныстар туралы жазылды.
АННОТАЦИЯ
В представленной статье освещены важность области трибологии и закономерности и условия трения скольжения.
Было написано об основных проблемах и рекомендациях, учитываемых при изучении трения скольжения в средних школах.
ABSTRACT
The presented article highlights the importance of the field of tribology and the laws and conditions of sliding friction.
It was written about the main problems and recommendations taken into account when studying sliding friction in secondary schools.
Кілт сөздер: Трибология, сырғанау, үйкеліс, күш.
Ключевые слова: Трибология, скольжение, трение, сила.
Keywords: Tribology, sliding, friction, force.
Трибология-бұл күнделікті өмірімізде денелердің бір-біріне қатысты қозғалысы барысында дене беттерінің бір-біріне әсер ету құбылысын зерттеу,
Трибология термині үйкеліс дегенді білдіретін грек сөзіне негізделген және терминнің өзі 1964 жылы енгізілген. Бірақ ежелгі Египеттен бастап, ертедегі трибологтар үлкен мүсіндердің сырғанауын жеңілдету үшін майды қолданғанын білеміз. Осындай мысалдардан трибологияның ілімінің өте ерте заманнан келе жатқанын көреміз. Қазіргі таңда, трибологияға негізделген көптеген өндірістік процесстер бар, мысалы, илектеу, бұрау, штамптау, тегістеу және жылтырату.
Сонымен қатар, тасымалдау әдістерінің көпшілігі трибологияға байланысты, оларды қозғалысқа келтіретін механикалық компоненттерде ғана емес, сонымен қатар дөңгелектер мен олар сырғанайтын беттер арасындағы байланыста да болады. Сондай-ақ, экскаваторлар, мұнай мұнаралары, шахта шламына арналған сорғылар және туннель қазуға арналған бұрғылау қондырғылары сияқты Құрылыс және барлау жабдықтарында да трибологияның мысалдары бар.
Трибологияның дәстүрлі қосымшаларынан басқа, біз трибологияға байланысты көптеген құрылғылар мен басқа өнімдерде үнемі қолданамыз. Олар денсаулық сақтау, спорт, табиғат және т. б. салаларда пайда болатын өнімдер мен процестерді қамтиды, кейбір жағдайларда біз үйкелісті барынша арттырғымыз келеді (мысалы, аяқ киіміміздің табанында), ал басқа бір жағдайларда үйкелісті азайтуды қалаймыз (мысалы, бобслей табанында.
Аталған салаларда трибологияның қолданылуының кейбір сәттеріне тоқталар болсақ:
Спорт әлемінде трибология мен трибологияны қолданудың көптеген мысалдары бар. Мысалы, спорттық аяқ киімнің төменгі жағы осы спорт түріне қажетті сырғанауға төзімділікті қамтамасыз ететін материалмен жасалады. Сонымен қатар, футбол доптары мен басқа спорт түрлеріне арналған доптар орынсыз сырғанауға қарсылық қабілеті бар болып, жасалуы керек, бірақ жабысқақ болмауы керек. Спорттық жабдықтар арқылы сырғанау үйкелісіне көптеген мысалдар келтіруге болады. Спорттық жабдықтар қызыметіне қарай трибологиясы басым немесе аз болуына байланысты өз арасында ерекшеленеді.
Мысалы: Қысқы спорт түрлеріндегі қарапайым мысалдар - шаңғы, бобслей және бұйра тастар. Бұл жабдықтар трибологиясы аз немесе көп жабдықтар болып келеді.
Сонымен біз қарастырған спорт жабдықтарында ғана емес мақаланың бас жағында айтылғандай кез-келген салада, музыка сияқты әр түрлі салаларда трибологияның көптеген басқа мысалдары бар - мысалы, ноталарды ойнауға арналған скрипка ішектеріне таяқты тарту және косметикада теріге немесе шашқа арналған өнімдерді қолдану. Біз қайда бұрылсақ та, айналамыздан трибологияның тағы бір мысалын табуға болады!

Трибология яғни үйкеліс өміріміздегі жасанды денелерде ғана емес,көптеген табиғи процестерде де бар. Трибология өте маңызды болып табылатын табиғи процестердің бірі- жер сілкінісі. Бұл процесс өте үлкен масштабта жүреді. Мысалы, жер сілкінісі уақыт өте келе үйкеліс күшейген кезде пайда болады, жер күшке төтеп бере алмай, ығысу пайда болады, Ал судың немесе желдің әсерінен айналамыздағы тау-тастардың эрозиясы уақыт өте келе жердің тозу процесі болып табылады.
Негізінен, трибология үш негізгі тақырыпты қамтиды: үйкеліс, тозу және майлау.
Сонымен трибология ғылымы ауқымды сала екенін білдік.Мен осы мақаламда трибология ғылымының бір саласы үйкеліс заңы, соның ішінде сырғанау үйкелісі ұғымына тоқталатын боламын.
Үйкеліс дегеніміз:
Үйкеліс дегеніміз, анықтама бойынша, қозғалысқа қарсылық. Бұл қарсылықтың мәні материалдарға, геометрияға және байланысатын денелер бетінің сипаттамаларына, сондай-ақ жұмыс жағдайлары мен қоршаған ортаға байланысты Үйкеліс-бұл жанасатын денелер беттерінің байланыс жазықтығында пайда болатын өзара әрекеттесу деп те айтамыз. Үйкеліс күшін өзара әрекеттесудің магнитудасы мен бағыты бойынша сипаттаймыз.
Үйкеліс күші – шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен немесе қар үстімен сүйреген ыңғайлы болатынын білесіңдер. Тетік бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да киынға түседі. Жол бойымен келе жаткан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында конъки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жаткан доп та біраздан соң токтайтынын көріп жүрміз.
Негізгі ерекшелігі: үйкеліс күші беттері жанасатын екі денеге де қолданылады және денелердің бір-біріне қатысты лездік жылдамдығына қарама-қарсы бағытта бағытталған. Сондықтан кез-келген көлденең бетте еркін қозғалатын денелер ақыр соңында тоқтайды. Денені тежеусіз көлденең бетте жылжыту үшін оған қарама-қарсы және кем дегенде үйкеліс күшіне тең күш болуы керек. Бұл үйкеліс күшінің мәні.
Үйкеліс қайдан пайда болады:
Біз "мүлдем тегіс бет" дегенде, ойлаймыз демек жанасатын денелер арасында үйкеліс жоқ деп. Нақты өмірде мұндай жағдай іс жүзінде болуы мүмкін емес. Үйкелістен құтылу өте қиын.
Барлық денелер кедір-бұдыр. Тіпті өте жақсы тегістелген металдардың өзін электронды микроскоппен қарасақ, беттердің біркелкі тегіс емес екенін көреміз. Толығымен тегіс беттер үйкелісті елемеуге болатын идеалды тапсырмалар әлемінде ғана болады.
Үйкеліс күші – дененің тіреу бетімен сырғанаған кезінде әсер ететін күш; жанасатын денелердің сұйыктар немесе газдардың қабаттарынын салыстырмалы орын ауыстыруына кедергі жасайтын күш; электромагниттік күштер қатарына жатады. Дене беті тегіс болмайды. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда осы тегіс емес жерлер деформацияланады, үйкеліс күштері пайда болады.
Демек үйкеліс күштері денелер беттерінің атомдары мен молекулалары арасында электромагниттік тартымды және серпімді күштер әрекетінен пайда болады. Осылайша, үйкеліс күші электромагниттік сипатқа ие.
Көбінесе "үйкеліс" деген терминді естігенде оның "қараңғы" жағы ойға келеді — үйкеліс салдарынан әткеншектер қысылып, тербелуді тоқтатады, машиналардың бөлшектері тозады, үйкеліс салдарынан киім жыртылады т.б көптеген мысалдармен дәлелелдерді айтуға болады. Күнделікті өміріміздегі кездесетін жағдайларды ескере отырып үйкелістің қажет жағдайда көп болуы да маңызды екеніне көз жеткіземіз. Мысалы: Сіз мінсіз тегіс жерде тұрғаныңызды елестетіп көріңіз, сізге жүру немесе жүгіру керек. Бұл жерде үйкеліс сөзсіз қажет болар еді. Онсыз сіз бір қадам жасай алмайсыз, өйткені аяқ киім мен бет арасында ілініс жоқ, алға жылжу үшін сізді итеруге яғни күш алуға ештеңе жоқ.
Ал егер керісінше үйкеліс күшінің мәні жоғары болса тағыда біздің еркін қозғалуымыз қиын болар еді. Мысалы қара жерде жүк тиелген шананы сүйреу, кедір бұдыр бетті аумақта ауыр заттарды сырғанату т.б көптеген мысалдар келтіруге болады.
Осы келтірілген мысалдардан үйкеліс құбылысының аз немесе көп болуы қандай жағдайда қолдануымызға байланысты, екі жағдайда да тең дәрежеде қажет екеніндігін көреміз.
Жалпы алғанда, үйкеліс жүктеме мен бетінің кедір-бұдырымен жоғарылайды және оны майлау арқылы азаяды.
Көптеген механикалық компоненттердің бір немесе бірнеше қозғалмалы бөліктері бар. Бұл бір нәрсе басқа нәрсеге қатысты қозғалатынын білдіреді, сондықтан трибология жүреді. Мойынтіректер мен тістер сияқты кейбір компоненттерде үйкеліс кезінде сырғанау мен домалауға жұмсалатын энергияны азайту мақсаты қойылады. Тежегіштер мен іліністер сияқты басқа компоненттерде салыстырмалы қозғалыстарды шектеу үшін сырғанауға максималды қарсылық қажет.
Төменде суретте көрсетілген құрылғылар арқылы үйкелісті арттыруға немесе кемітуге болатынын көреміз.

Шын мәнінде, үйкеліс тек жүктеме мен бұрыштың функциясы ғана емес, сонымен қатар екі жанасатын дененің материалы мен беттік қасиеттерінің күрделі функциясы болып табылады.үйкеліс трибометр деп аталатын құралмен өлшенеді, онда көлденең күш (үйкеліс) және қалыпты күш (жүктеме) өлшенеді, егер бір дене екіншісіне қатысты қозғалса. Көптеген трибометрлер өзара немесе бір бағытты қозғалыс кезінде үйкелісті өлшейді. Төмендегі суретте көрсетілгендей, өзара қозғалыс бір дене алға және артқа екінші денеге сырғыған кезде, ал бір бағытта қозғалыс бір дене дөңгелек жолмен екінші денеге өткен кезде пайда болады. Төменде оң жақта көрсетілген Трибометр үйкелісті өлшеу үшін өзара қозғалысты қолданады.

Үйкеліс күшінің түрлері
Үйкелетін беттердің түріне байланысты құрғақ және тұтқыр үйкелісті ажыратамыз. Өз кезегінде, екеуі де үйкеліс күшінің басқа түрлеріне бөлінеді.
Құрғақ үйкеліс сұйық немесе газ тәрізді қабат болмаған кезде қатты беттердің жанасу аймағында пайда болады. Үйкелістің бұл түрі тіпті тыныштық кезінде немесе бір денені екінші денеге айналдыру нәтижесінде де пайда болуы мүмкін, сондықтан үйкеліс күшінің үш түрі осы жерде бөлінеді:
Сырғанау үйкелісі,
Тыныштық үйкелісі,
Домалау үйкелісі.
Сырғанау үйкеліс күші
Тіпті ежелгі құрылысшылар егер ауыр зат доңғалақтарға салынса, оны орнынан жылжытып, содан кейін оны орамамен тартқаннан гөрі оңайырақ болатынын байқады Дегенмен, ол тоқтап қалмас үшін денені итеру немесе тарту керек. Сонымен, сырғанау үйкеліс күші оған әсер етеді. Бұл бір денені екіншісінің бетіне домалату кезінде қозғалысқа қарсы тұру күші.
Сырғанау үйкелісінің себебі-роликтің және тірек бетінің деформациясы. Сырғанау үйкеліс күшін арттыру үшін, үйкелісетін беттегі қысым күшінен сырғымалы үйкеліс күші жүздеген есе аз болуы керек. Тыныштық үйкелісті сырғанау үйкелісіне ауыстыру арқылы үйкеліс күшінің төмендеуіне мысалдар, подшипниктер, чемодандар мен сөмкелердегі доңғалақтар, илектеу станцияларындағы роликтер сияқты құрылғылар болып табылады.
Сырғанау үйкеліс күші әрқашан жанасатын денелердің салыстырмалы қозғалыс жылдамдығына қарама-қарсы бағытталған, жанасатын денелердің әрқайсысының өзіндік үйкеліс күші бар екенін есте ұстаған жөн.
Күнделікті өмірімізде кездесетін сырғанау үйкелісіне мысалдар:
Сырғанау үйкелісінің көптеген мысалдарын күнделікті өмірде жиі байқауға болады. Сырғанау үйкелісі кез-келген мөлшердегі объектілерде пайда болуы мүмкін. Бұл ұғымды жақсы түсіну үшін сырғанау үйкелісінің бірнеше мысалдарын қарастырып көрейік.
Біз күнделікті өмірімізде қандай да бір іс-әрекеттермен айналысқан кезде, көбінесе оның физикалық мағынасын түсінбестен сырғанау үйкелісін жасап жатамыз. Мысалы: Екі қатты затты бір-біріне сырғытқан сайын, біз сырғымалы үйкеліс жасап жатқанымызды байқай бермейміз.Көбінесе сырғанау үйкелісінің анық көріністерін ауыр заттарды жылжытқан кезде байқаймыз. Себебі сырғанау үйкелісінің негізгі тәуелді шамаларының бірі дененің салмағы екендігінде. Бұл жерде оқушыларға сырғанау үйкелісін оқыту барысында ерекше ескеретін жағдай сырғанау үйкелісін өміріміздің барлық саласында кездестіретінімізді айтып өткен дұрыс деп ойлаймын. Күнделікті тұрмыста, өнерде, спортта, ойнағанда да сырғанау үйкелісіне сан мәрте тап боламыз.
Мұзда сырғанау, аяқта би әрекеттерін жасау, боз кілемдегі балуандардың тіресі,киімдерімізді үтіктеу, орындықтарды сырғытып үстелдің астына кіргізу, принтерден қағаз басып шығару, терезенің шаңын сүрту шкафтардың тартпасын ашып, жабу сияқты өте көп мысалдармен дәлелдерді келтіруімізге болады.
Білім алушыларға жалпы үйкеліс заңын, соның ішінді сырғанау үйкелісін терең меңгерту үшін тек теориялық білім беру жеткіліксіз деп ойлаймын. Сонымен білім алушылардың білім дағдыларын толық қанды қалыптастырып, жақсы нәижеге жету үшін көбірек оқыту керек деп есептеймін. Пратикалық тапсырмалар мен тәжірибелер жасау арқылы үйкеліс күшінің нақты қандай шамаларға тәуелділігін біле отырып, практикада тиімді қолдана білулеріне ықпал ете аламыз.
Мысалы күнделікті сабақ барысында қолда бар қарапайым құралдармен де үйкеліс заңдарын демонстрациялауға яни қарапайым эксперименттер жасауға әбден болады. Бұл процесс көп уақытта алмайды және балалардың өтіліп жатқан материалды жеңіл қабылдауына ықпалы зор. Ол үшін мына бір жабдықтармен жасауға болатын бірнеше қарапайым тапсырмаларды ұсынамын.
Мақсаты:үйкелетін үйкеліс күшінің келесі шамаларға тәуелділігін анықтау:
Жүкке, үйкелетін беттердің жанасу аймағына, үйкелетін беттердің материалдарына; (құрғақ беттерде).
Эксперимент жасауға қажет құрал жабдықтар: серіппелі жылдамдығы 40 Н / м зертханалық динамометр; дөңгелек демонстрациялық динамометр (шегі - 12Н); ағаш блоктар - 2 дана; салмақ жиынтығы; ағаш тақтай; қаңылтыр парағы; жалпақ шойын бар; мұз; резеңке.
Тәжірибелік нәтижелер
1. Сырғанау үйкеліс күшінің жүктемеге тәуелділігі.
|
м, (г) |
120г |
240 |
360 |
|
||||
|
|
F (H) |
82мН |
164мН |
246мН |
||||
2. Үйкеліс күшінің үйкелетін беттердің жанасу аймағына тәуелділігі.
|
S (см2) |
40 см2 |
60 см2 |
160 см2 |
|
F (H) |
0,35 |
0,35 |
0,37 |
3. Үйкеліс күшінің үйкелетін беттердің әртүрлі материалдарға тәуелділігі: ағаш ағашқа (әр түрлі беттерді өңдеу әдістері).
|
|
1 лакталған |
2 ағаш |
3 мата |
|
|
0,9H |
1,1Н |
1, 4H |
Үйкелетін беттердің материалдарынан үйкеліс күшін зерттеу кезінде біз массасы 120 г бір штанганы және әр түрлі жанасу беттерін қолданамыз. Біз формуланы қолданамыз:
Біз келесі материалдарға үйкеліс коэффициенттерін есептедік:
|
P / p № |
Үйкелетін материалдар (құрғақ беттерде) |
Үйкеліс коэффициенті (қозғалыс кезінде) |
|
|
Ағаш пен ағаш (орташа) |
0,28 |
|
|
Шойын мен ағаш |
0,47 |
|
|
Мұздағы ағаш |
0,033 |
Қорытынды
Біз үйкеліс құбылысы туралы эмпирикалық жолмен алынған білімді адамның бұрыннан қолданып келе жатқанын білдік. XV - XVI ғасырлардан бастап бұл құбылыс туралы білім ғылыми болып қалыптасты. Үйкеліс күшінің көптеген факторларға тәуелділігін анықтайтын тәжірибелер жасалады, заңдылықтар нақтыланады.
Енді біз үйкеліс күшінің неден тәуелді болатынын және оған ненің әсер етпейтінін жақсы білеміз. Нақтырақ айтқанда, үйкеліс күші: жүктеме немесе дене салмағына, жанасатын беттер түріне, денелердің салыстырмалы қозғалу жылдамдығына, бұзушылықтардың мөлшері немесе бетінің кедір-бұдырлығына тәуелді екенін біле алдық. Бірақ байланыс аймағына байланысты емес екен.
Енді біз практикада байқалатын барлық заңдылықтарды заттың құрылымымен, молекулалар арасындағы әсерлесу күшімен түсіндіре аламыз.
Біз заңдылықты зерделеу барысында жүргізгілген қарапайым эксперименттер мен ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып үйкеліс шамасының теорияда айтылған шамаларға расымен де тәуелді екеніне нақты көз жеткізе алдық.
Біз кейбір «қиын» бақылауларды түсінуге және түсіндіруге көмектесетін бірқатар тәжірибелер жасадық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген