400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тригонометрия формулалары

Материал туралы қысқаша түсінік
бұрыштардың қосындысы мен айырымының және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тригонометрия

Мектеп: № 33 ЖОББМ

Күні: 28.02.20

Мұғалімнің аты-жөні: Билялова Ж.К.

Сынып: 9

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тригонометрия формулалары. Екі бұрыштың қосындысы мен айырмасының тангенсі мен котангенсі формулалары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

9.2.4.3 бұрыштардың қосындысы мен айырымының және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану;

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • бұрыштардың қосындысы мен айырымының тригонометриялық формулаларын біледі;

  • есептер шығаруда бұрыштардың қосындысы мен айырымының тригонометриялық формулаларын қолданады.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • бұрыштардың қосындысы мен айырымының тригонометриялық формулаларын біледі;

  • бұрыштардың қосындысы мен айырымының тригонометриялық формулаларын қолданып түрлендіруге арналған тапсырмалар орындайды.

  • тригонометрия формулаларын қолданып, тепе-тең түрлендірулерді орындайды.

Тілдік мақсаттар:


Тілдік мақсат

  • тригонометриялық функциялардың аргументтерінің қосындысы мен айырмасының формулаларының қорытылуын түсіндіреді;

  • тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде формулалардың таңдалуын дәйектеу.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • аргументтердің қосындысының синус/косинус/тангенс/котангенсы;

  • аргументтердің айырмасының синус/косинус/тангенс/котангенсы;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • тригонометриялық функциялар аргументтерінің қосындысы/айырмасы формулаларын өрнекке қолданамыз;

Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру

Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Архитектура, география

АКТ қолдану дағдылары

Оқу материалдарын іздеу үшін интернет ресурстарын қолдану

Бастапқы білім

Қосу формулалары.

Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару

Сабақ тақырыбы мен мақсаттары айқындалады.


10 мин
















































5мин










Сабақтың ортасы

5 мин





10 мин










  1. Топтық жұмыс. Оқушылар топпен жұмыстанады.

Ауызша жаттығулар (Сыныппен жұмыс)

Мақсат: өткен тақырып бойынша білімді жинақтау, ынтымақтаса жұмыс жасай отырып өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету.

І топ. «Бос торкөзді толтыр»

  1. Шеңберге тиісті В нүктесінің ординатасының радиусқа қатынасы α бұрышының синусы деп аталады.

  2. Шеңберге тиісті В нүктесінің абсциссасының радиусқа қатынасы α бұрышының косинусы деп аталады.

  3. Шеңберге тиісті В нүктесінің ординатасының абсциссасына қатынасы α бұрышының тангенсі деп аталады.

  4. Шеңберге тиісті В нүктесінің абсциссасының ординатасына қатынасы α бұрышының котангенсі деп аталады.

Өрнектің таңбасын анықтаңдар:

  1. tg500□0

  2. ctg1000□0

  3. tg2200□0

  4. ctg3000□0


ІІ топ. «Сәйкесін тап»



Формула жартысы

Сәйкестендір

Формула жартысы

1


2


1 +

3

1 -


4

1 +


1

5


6


ІІІ топ. «Жалғасын тап»
  1. sin(α+β) = sinα cosβ + cosα sinβ

  2. sin(α-β) = sinα cosβ – cosα sinβ

  3. tg(α+β) =

  4. tg(α-β) =

  5. ctg(α+β) =

  6. ctg(α-β) =

Әр топ келесі топты бағалап отырады.

  1. Жеке жұмыс. «Дөңгелек» тапсырмасы. Тригонометриялық функциялардың мәндерін табуға берілген есептер.

Мақсат: Өткен тақырыптар бойынша дағдыны қалыптастыру.

Бір парақ қағазға әр оқушы атын жазып, сағат тілі бағытымен көршісіне жалғайды. Көршісі параққа есеп жазып әрі қарай жалғайды. Өз аты жазылған парақ өзіне қайта келгесін ішіндегі тапсырманы орындайды.

«Дұрыс - Бұрыс» стратегиясымен ресурстар (мәндер кестесі) арқылы өзін-өзі бағалайды

  1. Жұптық жұмыс. Оқулықпен жұмыс

№ 25.5

Дескриптор

  • Екі бұрыштың қосындысы мен айырмасының тангенсі формулаларын біледі

  • Тригонометриялық функциялардың мәнін біледі

  • Өрнектің мәнін табады

Әр жұп өз жұмыстарын басқа жұппен салыстырып бағалайды. Соңынан тапсырмалар әр топтан бір жұп ауызша жауап беріп, талқыланады.

  1. Сыныппен жұмыс.

№25.8

Дескриптор

  • Қысқаша көбейту формуласын біледі

  • Екі бұрыштың қосындысы мен айырмасының тангенсі формулаларын қолданады

  • Өрнекті ықшамдайды

  1. Сараланған таппсырмалар. Тригонометрия формулалары

Оқу мақсаты 9.2.4.3 Бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану.

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Бұрыштардың қосындысы мен айырымының формуласын қолданады;

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

№1. Өрнекті ықшамдаңдар:

Дескриптор

  • Келтіру формулаларын біледі

  • Тригонометриялық функциялардың жұп, тақтылығын анықтайды

  • Екі бұрыштың қосындысы мен айырмасының тангенсі формулаларын біледі

№2. α және β бұрыштары І ширекке тиісті және

екені белгілі. сtg(α + β) өрнегінің мәнін табыңдар.

Дескриптор

  • Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді біледі

  • Қажетті тригонометриялық функцияларды табады

  • Қосу формуласын біледі

  • Есептеулер жасап, өрнектің мәні табады

№3. Эйфель мұнарасы 180м қашықтықтан 600-бұрышпен көрінсе, мұнара биіктігі қандай?

Дескриптор

  • Есептің сызбасын салады

  • Бұрыштың тангенсі анықтамасын қолданады

  • Қажетті есептеулер орындайды

  • Жауабын жазады















Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылап, оқушылардан кері байланыс алынады.












3 мин

  1. Үйге тапсырма: № 25.9

  2. Рефлексиялық нысана.


Тақтаға нысана суреті ілінеді. Ол нысанаға «Белсенді қатысты», «Түсінікті болды», «Жаңадан білдім», «Қызықты болды» деген жазулар жазылып, нысананың төрт ширегіне сәйкесінше орналастырылады. Оқушылар сабақ соңында сабақтың мақсатына қаншалықты жеткенін нысана бөліктерін 1-5 балл аралығындағы көрсеткіштермен бағалайды, өз пікірлерін жазып іледі.


Саралау

Бағалау

ҚТ және денсаулық

Топтық немесе жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында тапсырманы орындау жолдарын бақылап үйренеді.

Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырмалар беріледі

Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолдану.

Сабақта «көз жаттығуын» жасатуға болады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
2508
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі