400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Ашық сабаққа ҚМЖ. 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Семинарда өткен ашық сабағым, ұйымдастырудан бастап өзім құрастырғанмын. Пайдаңызға жараса қуанамын
Материалдың қысқаша нұсқасы





Қысқамерзімді жоспар


Бөлім:

Тригонометрия

Педагогтің аты-жөні:

Ниязбекова Бибіайша Қалжігітқызы

Күні:

14.04.2023ж

Сыныбы: 9 «Ә»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

9.2.4.8 Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді біледі, орындайды, есептер шығаруда формулаларды қолдана алады


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

3 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

1 Сабақты жағымды ахуалдан бастау. Оқyшылaрдың көңіл-күйлерін көтеру және сабаққа қызығушылығын оятy мaқcaтындa «Жарық» әдіcі aрқылы пcихологиялық жaғдaй орнaтaмын жәнe үш топқa бөлeмін.

1-топ

2-топ

3-топ



Үй тапсырмасын тексеру: Интербелсенді тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады.

«Мен саған, сен маған» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.


1.Оқушылар мұғалім- мен амандасады.

2. Сабаққа дайындалады.


Мақсаты: Оқушылар күн бейнесін таңдап көңілдері көтеріледі, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.


Күн бейнесінде жасырылған топтарын әр оқушы жарықтың (фонариктің) көмегімен анықтайды




Оқушылар бір-бірінің үй жұмыстарын тексереді.

Оқушылардың белсенділігі үшін «Жарайсың!», «Керемет!» деген сақтау сөздерімен бағалайды.


Тиімділігі: Оқушылар көңіл-күйін көтереді және сол арқылы өз топтарын анықтайды

Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


ҚБ. Бағалауға «Смартфон» әдісін қолданамын, әр оқушы өз смартфонына лүпіл жинайды. Үй тапсырмасын дұрыс орындағандарға мадақтау сөздері арқылы бағалаймын.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, күн бейнесі бейнеленген қима қағаздар топтамасы

ДК экраны






Бағалауға арналған смартфондар, лүпілдер









Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өтіп жүрген тақырыптарды қайталауға арналған сұрақтар. Wordwall платформасында «Ұяшықтар» әдісі арқылы әр оқушыға сұрақтар қойылады. Оқушылардың әрқайсысына төмендегідей сұрақтар беріледі.

Сұрақтар:

1. sin750°=

2. ʆ бұрышының синусы дегеніміз не?

3. ʆ бұрышының котангенсі дегеніміз не?

4. Косинустың ширектегі таңбалары.

5. ctg(ʆ+β)=

1. Оқушылар ұяшықтар таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

ҚБ: «Смартфон» әдісі бойынша өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру және дұрыс жауабы үшін лүпіл жинау


Дескриптор:

Сұраққа дұрыс жауап береді-1 балл

Жауап бере алмаған оқушы орнына жауап бергендерге ынталандыру сыйлығын беріледі.


https://wordwall.net/ru/resource/55003759

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

15 мин.

Топтық жұмыс

«Білім почтасы» әдісі арқылы топтық тапсырма беріледі

  1. Қатесін тап:


2. Ықшамдаңдар:

3. Егер tg x=2 болса,



өрнегінің мәнін табыңдар.

Егер tg2α= болса, онда өрнегінің мәнін тап.

Е гер tg 2x= болса,

өрнегінің


мәнін тап

1.Оқушылар топ болып бірігіп берілген тапсырмаларды орындайды.

2.Деңгейі қиын тапсырманы тақтаға жазып, өз дәптерлеріне жазып алады.

ҚБ: Топ мүшелері бірігіп орындап, есептерді шығарғанына қарай топ басшысы мүшелерін лүпілдермен бағалайды. Дескриптор:

1.Формулалардың қатесін тауып, түзетеді-1 балл


1.Қысқаша көбейту формуласын қолданады;

2.Тригонометриялық формулаларды қолданады, есепті дұрыс шығарады

Жалпы - 2 балл


1. sinx пен cosx-ты tgx-ке келтіріп өрнектейді

2.Сан мәнін қойып, өрнекті ықшамдап, жауабын жазады.

Жалпы – 2 балл.

Слайд

ДК экраны





Почта жәшігі, тапсырмалар салынған хаттар




5 мин

Жеке жұмыс

«Жауабын тап» әдісі бойынша әр оқушыға жеке есептер беріледі, шыққан жауабы мұғалім қолындағы парақшалармен сәйкестендіру керек.

3)

4)

5)



Оқушылар өз тапсырмаларын орындап, жауаптарын парақшадағы жауаптармен сәйкестендіреді

ҚБ: Жеке оқушының жұмысын тексерген мұғалім оқушы жұмысына қарай лүпілдермен бағалайды. Дескриптор:

1.Формулаларды дұрыс пайдаланады 2. Есепті шығарып, жауабын табады.

Жалпы - 2 балл (Алғашқы болып шығарған 5 оқушыға қосымша ынталандыру сыйлығы)

ДК экраны

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Таратпа материалдар

10 мин

Жұптық жұмыс

«Макбук» әдісі бойынша жұптарға есептер беріледі.


sin64° – cos64°



sin2⁡(270° + α+ cos2⁡(270° – α) – ctg⁡(180° + α) ∙ tg⁡(180° – α)

Оқушылар өз жанындағы жұбымен бірігіп тапсырманы орындайды. Тапсырманы телефондары арқылы qr кодты сканерлеу арқылы алады

ҚБ: Жұптар бір-бірінің жұмысын тақтамен тексеріп, шығарған есебінің дұрыстығына қарай лүпілдермен бағалайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
03.12.2023
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі