400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тригонометриялық теңдеулердi және теңдеулер жүйесiн шешу әдiстерi

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика пәнінің мұғалімі: Қалдыбекова Ақжарқын Әбілсейтқызы


Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық теңдеулердi және теңдеулер жүйесiн шешу әдiстерi

Сабақтың мақсаты:

Теңдеулердi және теңдеулер жүйесiн шешу әдiстерi, тригонометриялық тепе- теңдiктер мен формулалар, қарапайым тригонометриялық теңдеулердi шешу жолдарын үйрету.

Оқушыларға функция ұғымы оның анықталу облысы мен мәндер жиыны, функцияның графигi, берiлу тәсiлдерi бойынша бiлiм, бiлiк, дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрi: Жаңа бiлiмдi меңгерту

Сабақтың әдiсi: Сұрақ-жауап, жеке жұмыс.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңi

II. Жаңа материалды меңгерту

III.Есеп шығару

IҮ.Бекiту

Ү. Қортындылау.

ҮI. Бағалау.

ҮII. Үй тапсырмасы. §10. №117; №124; №127.

Жаңа материалды меңгерту

Алдыңғы параграфта қарапайым тригонометриялық теңдеулердi шешу жолдарымен таныстық. Ендi тригонометриялық теңдеулердi жалпы түрде шешудiң әр түрлi әдiстерiн қарастырайық.

I. Бiр тригонометриялық функциямен берiлген алгебралық теңдеулерге келетiн тригонометриялық теңдеулер.

1 мысал. 2sin2x+3sinx-2=0 теңдеуiнiң шешiмiн табайық.

Шешуi. Берiлген теңдеу sin х функциясына қатысты квадрат теңдеу болып табылады. Егер sin х=u алмастыруын жасасак, онда 2u2 + Зu — 2 = 0 түрiндегi алгебралык квадрат теңдеу аламыз, оның түбiрлерi и1=-2; и2 =1/2.

Сонда берiлген теңдеу sin х функциясына катысты sin х=-2 және sin х=1/2 түрiндегi қарапайым екi теңдеуге келедi. sinх=-2 теңдеуiнiң шешiмi жоқ, себебi теңдiктiң оң жағы |-2| > 1. sin х=1/2,х=(-1 )п•π/6 + πп, пεz. Ендi табылған шешiмiнiң берiлген теңдеудi канағаттандыратынын тексерейiк. Ол үшiн х= π/6 -ны берiлген теңдеуге коямыз. Сонда 2sin2 π/6 + 3•sin π/6 - 2 = 2 • (1/2)2+ 3•(1/2) - 2 =(1/2) +(3/2)-2 = 0. Табылған шешiм берiлген теңдеудi қанағаттандырады.

Жауабы: х= (-1 )п•π/6 + πп, пεz


2-мысал. 3 соs2х = 7 соsх теңдеуiн шешейiк.

Шешуi. Берiлген теңдеудегi тригонометриялык функцияларды соs2х = 2соs2х — 1 формуласын пайдаланып, аргументтерi бiрдей тригонометриялық функцияға келтiремiз. 3(2соs2x- 1) = 7соsх немесе 6соs2 х - 7 соsх - 3 = 0.

соs х = и деп белгiлеп, 6и2 — 7и - 3 = 0 теңдеуiн аламыз. Сонда

и1=3/2, и2=1/3.Алынған мәндi орнына койып,

соsх = 3/2 , соsх=-1/3

түрiндегi қарапайым теңдеулер.Бiрiншi теңдеудiң шешiмi жоқ,екiншi теңдеудiң шешiмi =arccos(-1/3)+2πп =±(π-arccos1/3)+2πп, пεZ

Жауабы: =±(π-arccos1/3)+2πп, пεZ


II.Тригонометриялық теңдеулердi түрлендiру жолымен шешiлетiн тригонометриялық теңдеулер.

Мысалдар қарастырайық.

3-мысал. sinх+ sin2х + sin3х = 0 теңдеуiн шешейiк.

Шешуi.Берiлген теңдеудi шешу үшiн қосылғыштардың орнын ауыстырып , топтаймыз. Сонда (sinх+sin3х)+sin2х=0 шыгады.

Ендi жақша iшiндегi өрнекке синустардың қосындысының формуласын, яғни sinα+ sinβ =2sin(α+β)/2· соs(α-β)/2 пайдаланамыз.Сонда 2sin(х+3х)/2· соs(х-3х)/2+ sin2х = 0, 2sin2х· соs(-х)+ sin2х = 0,sin2х· (2соsх+1)= 0,

Берiлген тендеу sin2х= 0, соs х =-1/2 түрiндегi екi қарапайым теңдеуге келедi.

Бiрiншi теңдеудiң шешiмi: 2х = πп, х = π/2п, пεZ.

Екiншi теңдеудiң шешiмi: х = ±2π/3+2πп, пεZ.

Жауабы: π/2п, пεZ; ±2π/3+2πп, пεZ.

4-мысал. соs4х • соs2х = соs5х· соsх теңдеуiн шешейiк.

Шешуi. Тригонометриялық формулаларды қолданып, көбейтiндi түрiнде берiлген өрнектердi қосындыға алмастырамыз:

соs4х • соs2х = 1/2(соs6х+ соs2х), ал соs5х • соsх = 1/2(соs6х+ соs4х).

Осыдан

соs6х+соs2х-соs6х-соs4х=0

соs2х-соs4х=0

Ендi косинустардың айырымының формуласын қолданып, 2sin3х·sinх=0 аламыз.

Егер sin3х =0 болса, онда 3х = πп, х = π/3п, пεZ.

Егер sinх = 0 болса, онда х = πп, х = πп, пεZ.


Алынған шешiмдердi бiрiктiрсек, онда х = π/3п, пεZ шығады.

Жауабы: х = π/3п, пεZ.


III. Функциялардың дәрежесiн төмендету арқылы шешiлетiн тригонометриялық теңдеулер.

5-мысал. соs2 х + соs22х + соs2Зх +соs24х = 2 теңдеуiн шешейiк.

Шешуi. Теңдеуде берiлген функциялардың дәрежесiн төмендету үшiн жарты бұрыштың формуласын (соs2 х/2 = (1+соs х)/2) пайдаланамыз.

Сонда (1+соs 2х)/2) +(1+соs 4х)/2) +(1+соs 6х)/2) +(1+соs 8х)/2) = 2

(соs2х+соs8х)+(соs4х+соs6х)=0

2соs5хсоs3х+2соs5хсоsх=0

2соs5х(соs3х+соsх)=0.Қосындыны көбейтiндiге түрлендiрiп, 2соs5хсоs2хсоsх=0 аламыз.

Осыдан соs5х= 0, соs2х= 0, соsх= 0 теңдеулерi алынады.ǂ

Осы теңдеулердiң шешiмдерi сәйкесiнше: 5х =π/2+πп немесе х =π/6+πп/5; 2х =π/2+πп немесе х =π/4+πп/2; х =π/2+πп, пεZ.

Барлық шешiмдердi бiрiктiрiп, х = π/10+π/5 п = π/5(1/2+ п), пεZ аламыз.

Жауабы: х = π/5(1/2+ п), пεZ.


  1. Бiртектес тригонометриялық теңдеулердi шешу.

Анықтама. Бiртектес тригонометриялық теңдеулер деп әрбiр қосылғыштың дәреже көрсеткiштерi өзара тең болатын теңдеулердi айтады.

6-мысал. 6sin2x - 3sinx • соsх - соs2 х = 1 теңдеуiн шешейiк.

Шешуi. Теңдеудiң оң жак бөлiгiндегi 1 санын соs2 х + sin2x = 1 түрiндегi негiзгi тригонометриялық тепе-теңдiкпен алмастырып, сол жақ бөлiгiне көшiремiз.

Сонда 6sin2x - 3sinx • соsх - соs2 х - sin2x - соs2 х = 0,

5sin2x - 3sinx • соsх - 2соs2 х = 0.

Осы шыккан теңдеудiң сол жағында тұрған қосылғыштардың әрқайсысының дәрежесi 2-ге тең. Демек, берiлген теңдеу екiншi дәрежелi бiртектес теңдеу. Бұл теңдеудi шешу үшiн теңдiктiң екi жағын соs2 хǂ0 немесе sin2xǂ0 деп алып, мүшелеп бөлемiз.

Егер соs2 х -ке бөлсек, онда tgх, ал sin2x -ке бөлсек, онда ctg функциясына қатысты квадрат теңдеуге келемiз. Бiрiншi жағдайды карастырайык. Сонда

5·(sin2x/соs2 х)-3(sinx • соsх/соs2 х)- 2соs2 х/ соs2 х=0,5tg2x-3tgx-2=0,

tgх = и деп белгiлейiк, сонда 5и2 - Зи - 2 = 0, бұдан и1 =-0,4; и2 = 1.

Сонымен, tgх = -0,4; tgх= 1 тендеулерiн аламыз.

Демек, х1 = -агсtg0,4 + πп,пεZ; х2 = π/4+ πп, пεZ.

Жауабы: -агсtg0,4 + πп,пεZ; х2 = π/4+ πп, пεZ.


  1. Қосымша аргумент енгiзу арқылы шығарылатын тригонометриялық теңдеулер.

а соsх +вsinx = с түрiнде берiлген теңдеудi шешу үшiн теңдiктiң екi жағын А>0 санына мүшелеп бөлейiк.

Сонда а/( ) соsх+ в/( ) sinx= с/( ); (а/( ))2+(в/( ))2 =1Shape1


Shape2


Shape3


Shape4


Shape5


Shape6


Shape7


. Демек,бiрлiк шеңберде координаталары (а/( ); в/( )) болатын нүктеге сәйкес ⱷ бұрышы бар. sinφ= а/( ), соsφ = в/( ), ал теңдiктiң оң жағы с/( ) = 1.

Сонымен sinφ•соsх+ соsφ•sinx=c/A, sin(φ+x)=c/A.Егер │ c/A│˃1 болса,онда теңдеудiң түбiрi болмайды; егер│c/A│≤1 болса, онда теңдеудiң түбiрлерi болады және олар мына формулалар арқылы табылады:


φ+x=(-1 )п•arcsinc/A + πп; x=(-1 )п•arcsinc/A-φ + πп, пεZ.



VI. Тригонометриялық теңдеулер жүйесiн шешу.

Анықтама. Тригонометриялық теңдеуi бар жүйенi тригонометриялық теңдеулер жүйесi деп атайды.

Тригонометриялық теңдеулер жүйесiн шешу алгебралық тендеулер жүйесiн шешу әдiстерiне негiзделген, демек, ол алгебралық теңдеулер жүйесiн шешу әдiстерiн тригонометриялық формулаларды түрлендiрулер кезiнде колдана бiлу мен тригонометриялық теңдеулердi шешу дағдысын меңгерудi қажет етедi.

Оқулықпен жұмыс. Есеп шығару: №115; №123; №126;

Үй тапсырмасы. §1. №119; №127.


Shape9



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі