Материалдар / Триз технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Триз технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
ТРИЗ — дің мақсаты — тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін — өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады. ТРИЗ технологиясының міндеттері: -Балалалардың танымдық қабілеттерін арттыру; - Шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау; - Балаларды шығармашылық әдеттен тыс ойлауға дамыту; - Үнемі ізденіске қарай итермелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2020
485
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Триз технологиясы

ТРИЗ — дің мақсаты — тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін — өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.

ТРИЗ технологиясының міндеттері:

-Балалалардың танымдық қабілеттерін арттыру;

- Шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;

- Балаларды шығармашылық әдеттен тыс ойлауға дамыту;

- Үнемі ізденіске қарай итермелеу.

Тризшылардың ұраны — “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.

ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.

Мектепке дейінгі балаларға тілді оқыту  ТРИЗ технологиясының әдіс тәсілдері:

ТРИЗ технологиясы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдіс-тәсілдер төмендегідей:

Жүйелі жақындау. Компоненттік, құрылымдық фунционалды және генетикалық жақындау элементтері негізінде қоршаған ортаның жүйелі көріністерінің бастауларын қалыптастыру, бір-бірімен тығыз байланыста болатын бөлімдерден құралған жүйені біртұтас ретінде түсінік беру обьектінің осы шақтағы, өткен шақтағы және келер шақтағы жағдайын бөліп ала отырып, уақыт және кеңістік туралы түсінік қалыптастыру.

Каталог әдісі. Балалардың кез- келген тандалған сөздің белгілелрін екінші бір кез-келген басқа кітаптан алған сөзге ауыстыруға үйрету.

Қарама-қайшылықты шешу әдісі- ұсынылған заттармен құбылыстарды әр қырынан қарау;

Сиқырлы обьектілер әдісі- балаға таныс обьектінің сипаттарын екінші бір обьектіге таңып айттыру, қолдану;

Салыстыру әдісі- заттармен обьектілердің ұқсастық ерекшеліктерін анықтау.

Осы әдістерді жүзеге асыру үшін келесі ойындарды қолдануға болады. 1-10 дейінгі өткен және өтетін сандарды бекітуде «Не жетпейді?», «Ертегі түстері», «Бейне құрастыр» ойындары кең қолданады. Балаларға математикалық бой жазарлар, соның ішінде цифрлар туралы да ойсергектер қызықты болады. Мысалы : мұрны таяқ. Қандай сан ? (1) Қай цифр жүйрік (3) Қай сан көтергіш кранға ұқсайды?(7) Оқу жылында балалар заттар қасиетін: түсін,пішінін, өлшемін ажыратуды үйренеді. Ол үшін ұқсас және өзге ше қасиеттерін анықтауға жаттығулардың мәні зор: «Фигуралар несімен ұқсас және қандай айырмашылықтары бар?» «не өзгергенін анықта?» «Фигураларды аяқта?» «Артық затты тап?» «Нүктелер жаттығуы».

ӨТШТ технологиясын қолдану бала тілін дамытуда, қоғамдық және әлеументтік түсінігін кеңейтуде, сөздік қорын молайту, үғымын байыту мен қатар ойлау белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмыс жүргізуге баулуға, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыруда тиімді.

Мектепке дейінігі уақыт адам зат өміріндегі ең шешуші кезең болып табылады. Өйткені, осы кезеңде баланың бойындағы табиғи дарындылығы жан-жақты дамиды. Сондықтан да, осы шақтағы бала мен ана ғұрлым жан-жақты дамытулық әрекеттер жүйелі жүргізілсе , соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне, осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытудың «Тақырыптық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын қолданудың маңыздылығы зор. ӨТШТ – ны ұзақ қолданса өнертапқыштық қасиет баланың ойлау қабілетін барынша жетілдіреді . Кейбір психологтар шығармашылықты былай деп бағалайды: ол яғни, алғырлық, білімпаздық, жүйелік, түп нұсқалық. Ал тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының мақсаты- ойлау стилін жетілдіру, ереже шығара білу.

Яғни, адамның өмірге деген көз- қарасынан шығармашылық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді, дамуды қабылдауына байланысты болады. Баланың шығармашылық потенциялының тұлға ретінде даму мәселелері білім философиясындағы негізгі ұғым.Балалардың шығармашылық қабілеттерінің даму түрлі бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс балалмен педагогтың бірлескен шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар ӨТШТ – ақылдылардың, құрастыушылардың, ізденушілердің символы, яғна балалардың қаншалықты абстрактылы ойлауын , қиялдауы мен бақылағыштығын, зейіндерін ертерек дамытудың жолы. Бұл теорияның тілдік қабілеттерді дамытудағы өте бір мағызды орын алатыны айқын.

Бала тілін дамытуда ӨТШТ технологиясын қолдану аса маңызды. Аталмыш технологияны жүйелі пайдалана білген әр-бір педагог, тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтеді, сөздік қорын мүлайтып, ұғымын байытады. Сонмен қатар баланың ойлау белменділігі арытады, тілдері ширап, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз таптарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізеді.

Әрине, аталған мақсат- мүдделерді орындауда педагог кадырлардың рөлі зор. Сондықтан балабақша педагогтарымен қатар мектептердегі мектепалды дайындық сыныптары мұғалімдері мен аталған жұмыстарды жүргізу тәсілдерін арнайы жоспарланған оқыту семинарлары мен біліктілігін арттыру курстары бойынша ұйымдастыру керек деп ойлаймын.


ӨТШТ технологиясын қолданудың мақсаты біріншіден, ойлаудың икемділігін, жылжымалылығын, диалектілігін дамыту болса, екіншіден – ізденіс белсенділігі жаңалыққа талпыну, сөйлеу мен шығармашылық қиялға талпынысты дамыту болып табылады. Заманауи мәселелерді шешу жүйелі амалды, мәселені толық көру мүмкіндігін, өз әрекеттерінің жеке салдарларын көру іскерлігін қажет етеді. Шығармашылық зерттеу міндеттерімен үнемі бетпе-бет кездесу, ешкім әлі жауабын білмейтін міндеттермен кездесу. Ерте жастан бастап баланы жүйелі ойлауға шығармашылық тұрғыдағы мәселелерді шешуге үйретуге болады. Балаларға шығармашылық тапсырмалар бере отырып, келесі дидактикалық қағидаларды ескеру қажет:

Еркін таңдау қағидасы. Кез келген педагог немесе басқарушы әрекетте балаға таңдау құқығын беру қажет.

Ашықтық қағидасы. Балаға ашық тапсырмалармен (бірнеше дұрыс жауабы бар) жұмыс жасау мүмкіндігін беру. Шығармашылық тапсырманың шартына түрлі жауап нұсқаларын енгізу қажет.

Қызмет қағидасы. Кез келген шығармашылық тапсырмаға практикалық қызметті енгізу қажет. Кері байланыс қағидасы. Тәрбиеші балалардың ойлау операцияларын меңгеру үрдісін үнемі қадағалай алады, өйткені жаңа шығармашылық тапсырмаларда өткендегі тапсырмалардың элементтері болады.

Идеялық қағидасы. Шығармашылық тапсырмалар арнайы құрал – жабдықтарды қажет етпейді, балалардың мүмкіндіктері, білімі мен қызығушылықтарын барынша пайдалануға мүмкіндік беретін кез-келген сабақтың бөлігі бола алады.

Балабақша жағдайында балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы түрлі бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс бала мен педагогтың бірлескен шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуда қамтамасыз етеді. Сонымен қатар,ӨТШТ – ақылдылардың, құрастырушылардың, ізденушілердің символы, яғни балалардың қаншалықты абстрактілі ойлауын, қиялдауы мен бақылағыштығын, зейіндерін ертерек дамытудың жолы. Педагог міндеті:

Баланың ойлауын, шығармашылығын жүзеге асыру;

Жеке тұлға дамуында заманауиинновациялық әдістерін қолдану;

Балаларды ашықтыққа, тапқырлыққа және байқағыштыққа тәрбиелеу. ӨТШТ – технологиясының негізгі құрылымы:

Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының шығармашылық тапсырмалары;

Адам үшін шығармашылық тәжірибенің бағалығы;

Оқыту шығармашылықтарының негізгі ерекшеліктері;

Әрине, аталған мақсат- мүдделерді орындауда педагог кадрлардың рөлі зор. Мектепке дейінігі уақыт адам зат өміріндегі ең шешуші кезең болып табылады. Өйткені, осы кезеңде баланың бойындағы табиғи дарындылығын жан-жақты дамиды. Сондықтан да, осы шақтағы бала мен ана ғұрлым жанжақты дамытуылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі болады.Міне, осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытудың «Тақырыптық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын қолданудың маңыздылығы зор. ӨТШТ–ны ұзақ қолданса өнертапқыштық қасиет баланың ойлау қабілетін барынша жетілдіреді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!