«Трюфелька» антикафесін ашу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Трюфелька» антикафесін ашу

Материал туралы қысқаша түсінік
«Трюфелька» антикафесінің бизнес-жоспары әзірленді. Зерттеу мақсатына жету үшін келесі міндеттер шешілді. 1) жобаның бизнес-идеясы әзірленді. 2) жобаны қаржыландыруға қажеттілік есептелді. антикафе нарығына зерттеу жүргізілді және кіріс пен шығыс болжамы жасалды. 3) ұйымдастыру-өндірістік жоспар әзірленді. 4)антикафе нарығына зерттеу жүргізілді және кіріс пен шығыс болжамы жасалды. 5) экономикалық тиімділігі мен қаржылық жоба іске асырылды. 6) тәуекелдерді бағалау жүргізілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Трюфелька» антикафесін ашу



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ...................................................................................................................3

Жобаның түйіндемесі.............................................................................................5

Өнімнің қысқаша сипаттамасы..............................................................................7

Нарық пен бәсекелестерді талдау..........................................................................7

Бірегей сауда ұсынысы..........................................................................................9

Маркетингтік жоспар..............................................................................................9

Өндіріс жоспары....................................................................................................12

Ұйымдастыру-басқару жоспары..........................................................................13

Қаржы жоспары.....................................................................................................16

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІІМІ...................................................20

КІРІСПЕ

«Трюфелька» антикафесін ашу бойынша бизнес-жоспар ұсынылды. Оны жазу барысында қажетті талдау жасалып, жұмыс мазмұнын бейнелейтін кестелер көрсетілді. Барлық көрсеткіштерді есептеу бойынша түсініктемелер келтірілген.

Жұмыстың мақсаты антикафе ашудың бизнес-жоспарын әзірлеу болып табылады. Бірінші тарауда бизнес-жоспарлаудың теориялық негіздері жазылған. Екінші тарауда орындылығын көрсететін барлық есептер жүргізіліп, жобаны әзірлеу және оның пайдалылығы, сондай-ақ ықтимал тәуекелдер қарастырылды. Зерттеу мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет.

1) жобаның бизнес-идеясын әзірлеу.

2) антикафе нарығына зерттеу жүргізу және түсім болжамын жасау.

3) ұйымдық-өндірістік жоспарды әзірлеу.

4) антикафенің маркетингтік стратегиясының негізгі элементтерін әзірлеу.

5) «Трюфелька» антикафесінің бәсекелестеріне талдау жүргізу.

6) инвестициялық жобаны қаржыландыру қажеттілігін есептеу.

7) экономикалық тиімділік пен қаржылық

8) тәуекелдерге бағалау жүргізу, оларды бейтараптандыру.

Жүзеге асырудың орындылығы туралы қорытынды жасау.

Антикафе- жағымды уақыт өткізуге, шығармашылық кездесулерге, жайлы жағдайда достық әңгімелесулерге, мастер-кластар мен коворкинг өткізуге арналған. Негізгі сипаттамасы,төлем тамақ үшін емес, антикафеде жүргізілген уақыт үшін алынады. Болу уақытын төлегеннен кейін тегін бонустар,ыстық сусындар мен тәттілерді алуға болады. Тегін сапалы Wi-Fi орнату және фильмдер мен матчтарды көрсетуді ұйымдастыру. «Трюфелька» антикафесінің мәзірінде алкогольдік сусындар мен таңдаулы тағамдар жоқ. Мұнда тек тегін шоколад, кондитерлік тәттілер,печенье, шай беріледі.

Осы форматтағы мекеменінң тұрақты келушілері арасында мектеп- оқушылары, студенттер, 18-30 жас аралығындағы шығармашылық бағдарламашылар, дизайнерлер мен педагогтар құрайды.

Ақсай қаласы бойынша бүгінгі күні антикафе ашу саласында тікелей бәсекелестер жоқ,ал тікелей емес осындай форматтағы бәсекелестер кафе, мейрамханалар саны аз.Біздің жобаны іске асыру үшін 1 500 000 көлемінде инвестициялар қажет.

«Трюфелька» антикафесі үстел және бейнефильмдерге екпін жасайды және біз коворкингтің жұмыс атмосферасын құруды жоспарлап отырмыз. Антикафеде тегін Wi-Fi және түрлі кеңсе техникасы тауарлары болады,келушілердің интернетке тегін қосылып,жұмыс жасап сонымен қатар еш кедергісіз жұмыс жасауларына барлық жағдайлар жасалады.

Бүгін таңда антикафе форматындағы мекемелер өз жұмысын Қазақстан қалаларында: Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Орал және т.б

«Трюфелька» антикафесінің артықшылығы.

  • Біріншіден, мұндай кафелер анықтамаларды, келісулерді және өзге де бақылау органдарынын тексеруін талап етпейді.

  • Екіншіден, антикафеге арналған шығындары дәстүрлі қоғамдық тамақтандыру орындарынан әлде қайда төмен. Осылайша, "ерекше мекеме" ашуға 1 500 000теңгеге жуық қаражат кетеді, ал ай сайынғы кететін шығындары 437 000-нан басталады.

Бұл ретте 20% тағамдар мен сусындарға кетеді, ал қалғандары 70-

80% - ай сайынғы жалдау ақысы мен әкімшілік-басқару шығындарына кетеді.

  • Үшіншіден, өте жылдам өтелу мерзімі, бірнеше айдан екі жылға дейінгі аралық уақытын алуы мүмкін.


































1. Жобаның түйіндемесі:


Аты-жөні

Арыкбаев Умирбек Нуржигитович

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Мекенжайы

-

жеке куәліктің №

-

Туған күні және туған жері

-

ЖСН

-

Мамандығы

-

Байланыс деректері

-

Қарыздың нысаналы мақсаты:

Антикафе «Трюфелька» ашу

Валюта:

Теңге

Жобаның жалпы сомасы, мың теңге:

1 500 000

Оның ішінде қарыз/гранттық қаражат, мың теңге:

1 500 000


1-кесте. Жоба құны


Атауы

Сомасы, теңге

Кредиттік / гранттық қаражат

Сомасы, теңге

%

Күрделі шығындар

157 500

157 500

10,5%

Шикізат және айналым қаражатын сатып алу

14000

14000

1%

Негізгі құралдарды сатып алу

1 101 970

1 101 970

73,5%

Қор


226530

15%

Барлығы

1 273 470

1 500 000

100%















2-кесте. Қарыздың нысаналы мақсаты


Атауы

Саны

Бағасы, тг

Сомасы, тг

Мекемені жалға алу

1

77500

77500

Мемлекеттік құжат рәсімдеу

1

80000

80000

Үстел «Горизонт Квадро Венге-Дуб»(Ресей)

3

13000

39000

Диван «Номад»

6

57800

346800

Ілгіштер

2

3500

7000

Кітәп сөресі «Стеллаж Хвоя»

2

7780

15560

Теледидар «Artel TV LED 24 AH90 G»

1

39110

39110

Интерактивті тақта « Digi touch»

1

105000

105000

Проектор «Optoma»

1

80000

80000

Пуфиктер «Кресло мешок»

6

6500

39000

Рулонды перделер

2

3500

7000

Бар тіреуі

1

70000

70000

Тоңазытқыш

1

50000

50000

Қысқа толқынды пеш «Samsung»

1

50000

50000

Үстел ойындары

20

2500

50000

Кітаптар мен журналдар

20

1000

20000

Кулер «Almacom WD»

1

15000

15000

Роутер Beeline

1

10000

10000

Кофе машинасы «Polaris PCM 1535E»

1

97000

97000

Поршенді шәйнектер «Fissman»

3

4500

13500

Шәй сұрыптары

3

2000

6000

Кофе сұрыптары

1

8000

8000

Ыдыс-аяқтар жиынтығы

1

48000

48000

Қор



226530

Барлығы

80

832 690

1 500 000

2. Өнімнің сипаттамасы


«Трюфелька» антикафесі Ақсай қаласы 4-ші шағынауданында ашылуды көздеп отыр. Себебі осы шағынауданда қаламыздың көпшілік халықтық мерекелік іс-шаралардың өткізілетін орны және жастардың бос уақыттарын өткізетін орталықтар және балаларға арналған ойын-сауық орталықтары мен тыным саябаяқтары орналасқан.

Антикафе- әлеуметтік бағыттағы қоғамдық мекемелердің түрі, жағымды уақыт өткізуге, шығармашылық кездесулерге, жайлы жағдайда достық әңгімелесулерге, мастер-кластар мен коворкинг өткізуге арналған. Негізгі сипаттамасы,төлем тамақ үшін емес, антикафеде жүргізілген уақыт үшін алынады. Болу уақытын төлегеннен кейін тегін бонустар,ыстық сусындар мен тәттілерді алуға болады. Тегін сапалы Wi-Fi орнату және фильмдер мен матчтарды көрсетуді ұйымдастыру. Антикафенің негізгі пайдасы антикафедегі жүргізілген уақыт үшін ақы төлеуден қүралады. Антикафедегі баға диапазоны минутына 10-13 тг дейін. Антикафе шағын компанияларға арналған кеңістіктік, шамамен 30 адам сиятын залды құрайды. Зал үстел ойындарына арналған үстелдермен және киновечер, бизнес-тренингтер және т. б. өткізуге мүмкіндік беретін проектормен жабдықталған.


3. Нарық пен бәсекелестерді талдау


Ақсай қаласындағы 2017 жылғы Ондағы 5-11 сынып аралығында 529 оқушы санын құрады. Ал 2018 жылы Қызылтал ЖББОМ қала мектебі болып есептеліп, оқушылар саны 553-ке артты. Березов ауылына арналған жаңа мектеп салынып, Аралтал ауылдық округіндегі мектеп қала мектептері қатарына қосылып,оқушылар саны 2019 жылы 564-ті құрады.


1-диаграмма. Бөрлі ауданындағы қала мектептері бойынша 5-11 сынып аралығындағы оқушылар саны.


Ақсай қаласындағы 18-30 жас аралығындағы жастар саны 2017 жылы Березов селолық округіндегі халықтың Ақсай қаласына көшірілуіне байланысты 12825 адамды қамтыды,ал 2018 жылы Қызылтал селолық округін Ақсай қаласына қосылуына байланысты 13110-ға артты. 2019 жылы жастар саны 15213-ті құрады.


2-диаграмма. Ақсай қаласы бойынша 18-30 жас аралығындағы жастардың саны

Ақсай қаласындағы 18-30 жас аралығындағы жастар саны 2017 жылы Березов селолық округіндегі халықтың Ақсай қаласына көшірілуіне байланысты 12825 адамды қамтыды,ал 2018 жылы Қызылтал селолық округін Ақсай қаласына қосылуына байланысты 13110-ға артты. 2019 жылы жастар саны 15213-ті құрады.

Шағын қалада антикафе ашу жобасының әлсіз және күшті жақтарын талдай отырып, оң сәттердің басым болуы туралы қорытынды жасауға болады. Шағын қалаларда шағын бәсекелестіктің болуына байланысты Ақсай қаласы бойынша антикафе жоқ. Төмендегі кестеден Орал қаласындағы антикафелер тізімін көруге болады.


3-кесте. Орал қаласындағы антикафелер тізімі


Атауы

Мекен-жайы

Контакты

Антикафе«ПМЖ»

Орал қаласы, Курмангазы 156/1

Тел: 87778725457


Антикафе«Метро»

Орал қаласы, Комсомольская 64

Inst: Uralsk.metro




4-кесте. БСҰ кестесі

Тауардың немесе қызметтің атауы

+ Сіз бәсекелестерден немен артықсыз?

+ Неге?


-Тұтынушылардың жағымды уақыт өткізуі;

-Шығармашылық кездесулер;

-Мастер-кластар мен коворкинг өткізу;

-Киновечерлер мен бизнес-тренингтер өткізу;






Қаланың орталығында орналасуы;

Бәсекелестердің болмауы;

келушілерге уақытты бақылауға көмектесетін дабыл беру;

келушілерді сусындармен және тәттілермен тамақтандыру;

жеңілдіктер мен акциялар өткізу, мысалы, күндізгі уақытта студенттер үшін немесе туған күн иелеріне бонустар жасау;

кеңістік фишкаларын жасау: шкаф арқылы кіретін бөлме немесе суретке түскісі келетін ерекше декор заттарды жасау;

Антикафе кабырғасында асүйдің болмауы және алкогольге тыйым салу;

Басқа қоғамдық тамақтану орындардан тағамдарға тапсырыс беру мүмкіндігі;

осы шағынауданда қаламыздың көпшілік халықтық мерекелік іс-шаралардың өткізілетін орны және жастардың бос уақыттарын өткізетін орталықтар және балаларға арналған ойын-сауық орталықтары мен тыным саябаяқтары орналасқан.



3. Маркетингтік жоспар


«Трюфелька» антикафесінде жарнамалық науқанды өткізу интернетте жүзеге асырылады, себебі антикафе мақсатты аудиториясын желінің белсенді пайдаланушылары құрайды. Әлеуметтік желілерде алға жылжудың негізгі артықшылықтарына аудиторияның белгіленген өлшемдер бойынша таңдау үшін кең мүмкіндіктерінің барын және жылдам кері байланыс пен жоғары емес құнын айтып кетсек болады. Вирустық маркетинг мүмкіндігін атап өту керек: егер желідегі ақпарат қызықты болса, пайдаланушылар өз аккаунттары арқылы белсенді түрде бөлісе бастайды. Instagram-дағы профиль ашылады. Антикафенің Instagram желісіндегі «Truffle_Aksai» парақшасы ашылғаннан кейін, оның қалпақшасында орналасқан "ақпарат" бөлімінде сипаттама оқуға болады.

Антикафе «Трюфелька»- бұл жайлы кеңістік. Жақсы, ақылды, шығармашылық адамдар жиналуы және араласуы мүмкін бос кеңістік. Бұл достармен кездесу, жұмыстан кейін демалу, жаңа қызықты адамдармен танысу үшін тамаша орын. Іскерлік кездесулер, шығармашылық кештер, пайдалы шеберлік сабақтарын өткізуге мүмкіндік беретін орын. Парақшаның ақпараттар бөлімінде міндетті түрде антикафе байланыс нөмірі мен WhatsApp желісіне көшетін сілтеме және оның мекенжайы болады.

Келушілерді тартудың басқа тәсілі- онда іс-шаралар кестесін, бірінші келушілердің пікірлері, акциялар мен жеңілдіктер туралы жаңалықтар, мекеменің фотосуреттері мен т. б. жариялауға болады. Түрлі жеңілдіктер бағдарламасы немесе конкурс өткізу.Олардың бірі:

  • Тегін, жақсы WI-FI болуы керек;

  • Тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер енгізу;

  • Туған күн иелері мен студенттерге қосымша жеңілдіктер беру;

  • Клиенттердің пайдасының белгілі бір пайызы қайырымдылыққа(Ай сайын жаңа ұйымды немесе қорды таңдап, үстелдерде клиенттердің қандай да бір ұйымға қай соманы қайырмалдағаны туралы ақпараты бар буклеттер орналастыру, клиенттерді жақсы істерге шақыру);

  • Бірінші сағат минутына 6 теңге, 2-ші сағаты 5теңге

Әр түрлі акцияларды жоспарлау кезінде бизнестің маусымдылығын ескеру керек. Мәселен, антикафеге бару шыңы күз бен қыста келеді, ал жазда келушілер азаюда. Сондықтан келушілерді тарту бойынша акциялар жазғы кезеңде өткізіледі. Антикафенің интернет желісіндегі парақшасын жиі жаңартып тұру керек. Жаңарту жұмыстарына күнделікті мекеменің және келушілердің уақыттарын қалай өткізіп жатқандарын фотосуреттер, видеобейнелер салу арқылы көрсету , парақшадағы қызықты блогында өтетін акциялар мен конкурстардың нәтижелерін жариялап тұру керек. Бұл мекеменің беделін арттырады, орындарды брондау жүйесін жеңілдетеді және келушілерді қосымша тартуға ықпал етеді.



5-кесте. SWOT-талдау


КҮШТІ ЖАҚТАРЫ

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

-Шағын қалаларда шағын бәсекелестік;

-Бірінші сағат үшін алдын ала төлеу;

-Маңызды әлеуметтік функцияны орындау - пайдалы уақыт өткізу үшін орын ұсыну;

-Бөгде ұйымдармен өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндігі: мастер-класс, психологиялық және бизнес-тренингтер өткізу үшін үй-жай ұсыну;

-аниматорлар қызметіне тапсырыс беруден кіріс алу.

-Бизнестің айқын маусымдылығы;

-Клиенттердің тар тобы, негізінен 30 жасқа дейінгі жастар;

-Келушілердің саны бір мезгілде көп болған кезде, уақытын есепке ала отыру күрделілігі.

МҮМКІНДІКТЕР

ҚАУІПТЕР

-Жағымды уақыт жүргізу;

-дәрістерді, презентацияларды және тренинг-сабақтарды өткізуге арналған құралдардың болуы;

-Жаңа адамдармен танысу мүмкіндігі.

-Достық әңгімелесулер мен кездесулер мүмкіндігі;

-Киновечерлер мен бизнес-тренингтер өткізу мүмкіндігі;

-Келушілер санының төмендігі;

-Бизнестің айқын көрінген маусымдылығы;

-сатып алу материалдарының, үй-жайды жалға алудың құнын артуы.




Қандай тауар немесе қызмет сатуды жоспарлап отыр?

  • Антикафенің еркін кеңістігінде болу;

  • Интернетке тегін қосылу;

  • Кітаптар және ойын-сауық құралдарын пайдалану мүмкіндігін беру;

  • ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастыру;

  • тегін сусындар мен тәттілер ұсыну;

  • үстелдерді, ойын орындарын резервтеу (брондау) мүмкіндігі;

  • үстел ойындары бойынша әртүрлі іс-шаралар-турнирлер, концерттер, тренингтер, дәрістер, семинарлар, түрлі бейіндегі мастер-кластар өткізу.

  • Киновечерлер ұйымдастыру және матчтердітікелей эфирде көрсету;


Кімге сатуды жоспарлап отырсыз?


«Трюфелька» антикафенің негізгі аудиториясы 35 жастан аспайтын жастардан тұрады. Олар жоғары сынып оқушылары, студенттер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен шығармашылықпен айналысатын адамдар. Мекемеге келушілердің жіктелуі:

  • іскерлік кездесуді ұйымдастыру үшін;

  • шағын конференция немесе мастер-класс өткізу үшін антикафеге келетін келушілер;

  • жұмыс істегісі келетін немесе тыныш жағдайда оқумен айналысқысы келетін адамдар;

  • шығармашылық ұжымдар немесе достық компаниядағы жастар, олар антикафедегі үстел ойындарымен немесе электрондық ойындарда уақыт өткізгісі келеді.


4. Өндіріс жоспары


«Трюфелька» антикафены ашу кезінде күрделі салымдардың негізгі бөлігі жиһаз, техника, ойын мүкәммалын(инвентаря) сатып алуға тура келеді. Ойын-сауық мекемесін жайластыруға арналған заттардың үлгі тізбесі төменде берілген:

  • Үстелдер;

  • Дивандар;

  • Ілгіштер;

  • Кітәп сөрелері;

  • Теледидар;

  • Интерактивті тақта;

  • Проектор;

  • Пуфиктер;

  • Рулонды перделер;

  • Бар тіреуі;

  • Тоңазытқыш;

  • Үстел ойындары;

  • Кітаптар мен журналдар;

  • Кофе машинасы;

  • Поршенді шәйнектер;

  • Шәйжәне кофе сұрыптары;

  • Ыдыс-аяқтар жиынтығы;

1 апталық және 1 айлық орташа табыс көлеміне келетін болсақ:

1 апта бойына мекемеге келушілердің орташа саны 150 адамды құрайды. Ал антикафедегі баға диапозоны минутына 10 тг, яғни 2 сағаты сағаты 600 тг болса, 3-ші сағаттан бастап 500теңгені құрайды. Сонда, 1 аптадағы табыс көлемі 180 000 теңгені құрайды. Ал 1 ай көлемінде 450 келуші болса, бір айлық табыс құны 540 000тг болады.


6-кесте. Өндірістік бағдарламасы


Көрсеткіштер

1-жыл

2-жыл

3-жыл

Бір айдағы өнім саны, бірлік

450

675

800

Бір жылда өндірілген өнім саны, бірлік

5400

8100

9600

Өнім бірлігінің бағасы, теңге

1200

1200

1400

Бір айдағы сатудан түскен түсім, мың тг.

540 000

810 000

1 120 000

Бір жылғы сатудан түскен түсім, мың тг.

6 480 000

9 720 000

13 440 000




7-кесте. Жоба үшін қажетті жабдықтар тізімі (Инвестициялар)


Атауы

Саны

Бағасы

Сомасы

Үстел «Горизонт Квадро Венге-Дуб» (Ресей)

3

13000

39000

Диван «Номад»

6

57800

346800

Ілгіштер «IKEA»

2

3500

7000

Кітәп сөресі «Стеллаж Хвоя»

2

7780

15560

Теледидар «Artel TV LED 24 AH90 G»

1

39110

39110

Интерактивті тақта « Digi touch»

1

105000

105000

Проектор «Optoma»

1

80000

80000

Пуфиктер «Кресло мешок»

6

6500

39000

Рулонды перделер

2

3500

7000

Бар тіреуі

1

70000

70000

Тоңазытқыш «Indesit»

1

50000

50000

Қысқа толқынды пеш «Samsung»

1

50000

50000

Үстел ойындары

20

2500

50000

Кітаптар мен журналдар

20

1000

20000

Кулер «Almacom WD»

1

15000

15000

Роутер Beeline

1

10000

10000

Кофе машинасы «Polaris PCM 1535E»

1

97000

97000

Поршенді шәйнектер «Fissman»

3

4500

13500

Шәй сұрыптары

3

2000

6000

Кофе сұрыптары

1

8000

8000

Ыдыс-аяқтар жиынтығы

1

48000

48000

Барлығы

78

674190

1 115 970



5. Ұйымдастыру-басқару жоспары


«Трюфелька» антикафесінің ұйымдастыру жұмыстары жұмыс берушінің ұйғарымымен шешіледі. Жұмыс беруші өз қызметінде бизнесті дамыту үшін қажетті қызметкерлерді ҚР-ның «Еңбек кодексінің» 33-бабы негізінде жұмысқа қабылдайды. Жұмысшылардың атқаратын қызметіне сай біліктілігінің болуы, басқару жұмысы әлеуметтік бағыттағы қоғамдық мекеменің басшысының құзыретінде.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде қойылатын талаптар :

  • кәсіптік жоғары немесе орта-арнайы білім;

  • кәсіби дайындықтан өту немесе жұмыс тәжірибесі болу;

  • өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастыра білу;

  • қызметкерлерді бақылауға және клиенттермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін ережелерді, санитарлық нормалар мен техникалық талаптарды білу;

  • қызметкерлер арасындағы да, келушілер арасындағы да даулы жағдайларды конструктивті шеше білу;

  • қауіпсіздік техникасын білу, өртке қарсы жабдықпен жұмыс істей білу;

  • этикет ережелерін білу.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде екі тараптың ортасында еңбек шарты жасалады. Еңбек шартында жұмыс беруші төмендегідей міндеттемелерді жүктейді:

  • ҚР заңдарына сәйкес жұмыскерге еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;

  • жұмыскерге айына бір рет тариф бойынша еңбекақы төлеу;

  • жұмыс уақытының ұзақтығын қолданыстағы ҚР-ның Еңбек кодексіне сәйкес белгілеу;

  • жұмыскерді зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары туралы хабарландыруға және егер жұмысты жалғастыру жұмыскердің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтата тұру;

  • ҚР-ның нормативті құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерге еңбек міндеттерін атқаруына байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру;

  • Еңбек заңдарына сәйкес еңбекақысы сақталмайтын демалыс беру.

Төмендегі кестеден жұмысқа алынатын кадрлар тізімі берілген:


8-кесте. Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары


Лауазымы

Міндеттері

Талап етілетін сапа

Жеке кәсіпкер-басшы

Кызметкерлермен айналысады(қабылдау және жұмыстан босату), персоналдың жұмысын үйлестіреді,бұйрықтар шығарады,келісім-шарттар мен басқа да құжаттарды жасайды.Бухгалтер қызметін қоса аткарады(жалақы есептеу және төлеу,салықтарды есептеу және төлеу)

Басшының негізгі қасиеттерінің бірі-адамдардың бірлескен жұмысын ұйымдастыра білу,жоғары моральдық қасиеттері: қызметкерлерді бағалаудағы әділдік пен объективтілік, ізгілік, сезімталдық, әдептілік, адалдық,мінездің эмоциялық-ерік белгілері.

Зияткерлік қабілеттер,өз беделін және басшының имиджін сақтай білу.

Әкімші(администратор)

Антикафенің тиімді жұмысын ұйымдастыру, персоналды басқару (жұмыс кестесін құру, жұмыс процестерін бақылау және мекеме стандарттарын сақтау);

жабдық жұмысын және дайындалатын тағамдардың сапасын бақылау;

келушілермен қарым-қатынас;

даяшыларға көмек;

қажетті құжаттар мен есептілікті рәсімдеу және кассамен жұмыс жасау.

Адамдардың бірлескен жұмысын ұйымдастыра білу, жауапкершілік, орындаушылық, коммуникабельділік, ұқыптылық, зейінділік, сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу, ұйымдастырушылық қабілеті, парасаттылық, ұқыптылық..

Еден жуушы(толық емес жұмыс күні)

Ішкі тәртіп ережелерін, еңбек тәртібін сақтау, жуу, дезинфекциялау құралдары мен шығыс материалдарына қажеттілік және сақтау тәртібін білу, қажет болған жағдайда администратор тапсырмалары орындалады: мысалы, залда еден жуу, қоқыс пен Т. Б. тазалау.

Төзімділік, зейінділік; тәртіптілік; орындаушылық.


«Трюфелька» антикафесінің жұмыс кестесі әр аптаның сейсенбі-жексенбі күндері аралығында сағат түскі 14.00-ден түңгі 02.00-ге дейін жұмыс жасайды. Дүйсенбі күні тазалық күні болып белгіленеді. Қызметкерлердің жұмыс уақыты атқаратын қызметіне сай болып келеді. Әкімшінің жұмыс уақыты түскі 14.00-ден түңгі 22.00-ге дейін болса, жеке кәсіпкер басшының жұмыс уақыты түңгі 22.00-02.00 аралығында. Ал еден жуушы толық емес жұмыс күніне байланысты түскі 14.00-16.00 аралығымен, кешкі 20.00-ден түңгі 22.00-ге дейін тазалық жұмыстарын жүргізеді.


9-кесте. Штаттық кестені және еңбекақы төлеу қоры, теңге


Штаттық бірлік

бірлік саны

Айлықақы

жылдық жалақы қоры, мың тг

Негізгі қызметкерлер




Жеке кәсіпкер-басшы

1

80 000

960 000

Администратор

1

120 000

1 440 000

Бухгалтер

0,5



Жиыны

2,5



Жұмысшылар



-

Еден жуушы(толық емес жұмыс күні)

0,5

42500

510 000

Жиыны

0,5



Еңбек ресурстарына жұмсалатын барлық шығындар

3,0

242 500

2 910 000


Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбекақыны төлеу жүйесін ҚР "Еңбек туралы" заңының 70-бабына сәйкес және жеке еңбек, ұжымдық келісім-шарттары арқылы жүзеге асырады. ҚР "Еңбек туралы" заңның 71-бабы негізінде жұмыс беруші жалақы мөлшерін ҚР заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен қылмауы тиіс.

Қызметкерге бір ұйымда өзінің негізгі жұмысымен қоса, келісілген жеке еңбек шартына сәйкес, басқа лауазым бойынша қосымша жұмысты атқара алады немесе уақытша жоқ қызметкердің міндетін жүргізе алады.

Сондай-ақ, жалақыны есептеу тәртібінен басқа, жұмыс істейтін персоналдың табысынан ақша қаражатының бір бөлігін ұстап қалу тәртібі де бар екенін ескеру қажет. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс беруші қызметкерлердің жалақысынан: жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын(10%), жеке табыс салығын(10%) ұстап қалады.


10-кесте. Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары


Іс-шара / ай

Айлар

наурыз

сәуір

Мамыр

маусым

Маркетингтік зерттеулер және ТЭН дайындау


 

 

 

Қаржыландыру мәселелерін шешу

 

 

 

 

Рұқсат беру құжаттарын дайындау


 

 

 

Несие/грант алу

 

 

 

 

Ғимаратты, жабдықты дайындау


 

 

 

Шикізат сатып алу

 

 

 

 



6. Қаржы жоспары


«Трюфелька» антикафены ашу кезінде қаржы салымдарының негізгі бөлігі мекемені жалға алу, жиһаз, техника, ойын мүкәммаларын(инвентаря) сатып алуға кетеді. Жобаны жүзеге асыру үшін гранттық қаражаттан 1 500 000 теңге көлемінде бөлінеді.


Шығындар жоспарын жасаңыз


Бизнес жоспарды жүзеге асыру үшін гранттық қаражаттан бөлінетін 1 500 000 теңгенің ең негізгі шығындарының біріне:

  • «Трюфелька» антикафесін ашу барысындағы рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу- 80 000тг

  • мекемені жалға алу-77 500тг

  • мекемені жиhаз, техника жабдықтарымен қамтамасыз ету- 1 115 970 тг;

Ай сайынғы шығындар

  • Еңбекақы: 242 500

  • Су: 2 000

  • Электр энергиясы: 7 000

  • Шикізат сатып алу: 35 000


11-кесте. Жылдар бойынша шығыстар, мың теңге


Көрсеткіштер атауы

1-жыл

2-жыл

3-жыл

Жоба үшін барлығы

1 кофе сұрыптары

96 000

96 000

96 000

288 000

2 шәй сұрыптары

72 000

72 000

72 000

216 000

3 кондитерлік тағамдар

80 000

80 000

80 000

240 000

4 сусындар

178 000

200 000

250 000

628 000

Электр энергиясы

84 000

84 000

84 000

252 000

Еңбекақы төлеу қоры

2 910 000

2 910 000

2 910 000

 8 730 000

Әкімшілік-басқару шығындары

1 100 000

1 100 000

1 100 000

3 300 000

Төленетін әлеуметтік салық

427 752

427 752

427 752

1 283 256

ЖТС (төлеуге )

297 000

297 000

297 000

1 505 000

Барлық шығыстар

5 244 752

5 266 752

5 316 752

15 828 256



















12-кесте. Сіздің жобаңыздың кірістері мен шығыстары


Атауы

Барлығы

1

2

3

жыл

жыл

жыл

Өнімдер мен қызметтерді сатудан түскен кіріс





Клиенттердің келуі

29 640 000

6 480 000

9 720 000

13 440 000

Тағамдардан түскен кіріс

3 089 200

649 200

1 000 000

1 440 000

Өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны





Кофе сұрыптары

288 000

96 000

96 000

96 000

Шәй сұрыптары

216 000

72 000

72 000

72 000

Кондитерлік тағамдар

240 000

80 000

80 000

80 000

Сусындар

628 000

178 000

200 000

250 000

Жалпы кіріс

32 729 200

7 129 200

10 720 000

14 880 000

Амортизация

400 000

100 000

100 000

200 000

Кредиттер пайыздары бойынша шығыстар

1 500 000

500 000

500 000

500 000





Пайда мен шығындардың қаржылық есептері


Бизнес рентабельділігі

1 айдағы рентабельділік көлемі:

1 жылдағы рентабельділік көлемі: 7 129 200

Бизнестің өзін-өзі ақтау уақыты:


X= .

Қорытынды- 10 ай.

Таза табыс: 554 000-454 896= 99 104 тг

Орташа жылдық таза табыс: 7 129 200-5 244 752= 1 884 448тг


13-кесте. Жобаның тәуекел дәрежесін бағалау


Тәуекел түрі

Тәуекелдерді жою әдістері


1

Бизнестің айқын көрінген маусымдылығы

Түрлі жеңілдіктер бағдарламасы немесе конкурстар өткізу;

Тегін, жақсы WI-FI орнату;

Тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер жасау;

Туған күн иелері мен студенттерге қосымша жеңілдіктер беру.

2

Cатып алу материалдарының, үй-жайды жалға алудың құнын артуы.

Бірнеше жыл аралығына тұрақты келісім шартқа тұру.





















ҚОРЫТЫНДЫ

«Трюфелька» антикафесінің бизнес-жоспары әзірленді. Зерттеу мақсатына жету үшін келесі міндеттер шешілді.

1) жобаның бизнес-идеясы әзірленді.

2) жобаны қаржыландыруға қажеттілік есептелді. антикафе нарығына зерттеу жүргізілді және кіріс пен шығыс болжамы жасалды.

3) ұйымдастыру-өндірістік жоспар әзірленді.

4)антикафе нарығына зерттеу жүргізілді және кіріс пен шығыс болжамы жасалды.

5) экономикалық тиімділігі мен қаржылық жоба іске асырылды.

6) тәуекелдерді бағалау жүргізілді.

Жүргізілген SWOT-талдауға сәйкес, іске асыру жоспарланған бизнес,

әлсіз жақтарымен салыстырғанда, күшті жақтары көп. Сондай-ақ, мүмкіндіктер саны сыртқы қауіп-қатерлердің санынан асып түседі. Антикафені ашуды жоспарланған кезде күшті жақтарын ескере отырып,мекеме жақсы әлеуетке және табысқа ие болу ықтималдылығының жоғары үлесі болатынына көз жеткізілді. Алынған деректерге сүйене отырып, жобаны экономикалық тиімді деп айтуға болады. Аталған қызмет көрсету саласы тек нарықта қарқын алып келеді, бірақ ол өте сұранысқа ие және аса танымал. Негізгі тұтынушылар ретінде қарастырылатын жас адамдар жыл сайын өз кірістерін өсіреді, табысты тұтыну сегменттеріне айналады. Мұндай үрдіс кәсіпорынның ұзақ мерзімді перспективада өміршеңдігін қамтамасыз етеді. Жұмыста бизнес-жоспар деп жалпы болашақ өндіріс орны туралы, жоспарланған бизнестің мамандануы (өнімдер немесе қызметтер ұсыну), ықтимал тауарлар мен өткізу нарықтары, өнім туралы мәліметтерді мақсатты аудиторияға жеткізу үшін маркетингтік іс-шаралар, әлеуетті сатып алушылардың конверсиясын талдау, сондай-ақ ықтимал тәуекелдер туралы мәліметтерді жеткізу үшін маркетингтік іс-шаралар туралы мәліметтерді қамтитын бизнесті жоспарлаудың егжей-тегжейлі бағдарламасы деп түсіндіріледі. Жұмыста «Трюфелька» антикафесін ашу жобасы қарастырылады. Антикафенің дәстүрлі қоғамдық тамақтану ұйымдарынан ерекшеленетін ерекшелігі-өткізілген уақыт үшін төлем. Бұл ретте антикафеге бару құнына базалық қызметтердің кең тізімі кіреді. Антикафе базасында қосымша түрлі корпоративтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Саланың жүргізілген талдауы антикафе сегментінің салыстырмалы жастығына қарамастан (осы типтегі бірінші мекеме 2011 жылы ашылған) нарық даму сатысында, шағын қалаларда, атап айтқанда Ақсай қаласында осы типтегі мекемелердің тапшылығы бар.







ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Нормативтік-құқықтық актілер:

1. САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ (САЛЫҚ КОДЕКСІ) Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.

2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ.

3. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.

Негізгі әдебиеттер:

4. Е.С.Дүйсенханов, Н.Е.Жұлдызбаев, А.С.Успаева, А.С.Өтепқалиев, С.Атагельдиев, Ғ.Е.Керімбек «Кәсіпкерлік негіздері» әдістемелік құралы, 2019 жыл.

5. Ертаев К.Е «Бизнес жоспар» оқу құралы , 2015 жыл.

6. «Кәсіпкерлік құрылымдардың бизнес-жоспарды жасау процесінің методологиялық негізі» 2014 жыл.

7. Джолдасбаев Г.К., Уркумбаева А.Р.- «Бизнес жоспарлау» оқу әдістемелік құралы, 2019 жыл.

8. «Маркетинг және бизнес жоспарлау» оқу әдістемелік нұсқауы, К.Г Балабекова, 2019 жыл.

Қосымша әдебиеттер

9. Уикипедия материалы. Антикафенің тарихы https://ru.wikipedia.org/wiki/ история антикафе

10. Антикафені ашу бойынша бизнес-жоспарлар https://vipidei.com/uslugi/kak-otkryt-antikafe/

11.https://atameken.kz/kk/projects/24001-0-shagov-po-razvitiyu-predprinimatel-stva антикафе бизнес-жоспарын дамыту туралы әдістемелік құралы.

12.http://idea-lab.kz/?p=3253 БИЗНЕС СТАРТАП. Антикафені қалай тиімді етуге болады?

13.НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА https://prz.enbek.gov.kz/kk/node/1096

14.https://nbiplus.com/idea/biznes-ideya-otkrytiya-antikafe-naskolko-eto-vygodno Антикафе ашу бизнес идеясы-бұл қаншалықты тиімді?

15.http://elib.bsu.by/bitstream/123456789/167049/1/туризм_Воробьёва_1.PDF

16.Антикафе әлеуметтік-мәдени сервис объектісінің жаңа форматы ретінде https://www.cultmanager.ru/article/7803-nashe-mesto-konkursnyy-proekt-smk-2017 Мақсаты мен міндеттері.

17. http://antikafe.kz/o_nas Антикафе миссиясы.



26


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.12.2024
180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі