400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Түбір мен қосымша. Менің інім

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар жасай алады: • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. Оқушылардың көбі жасай алады: • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Дені саудың – жаны сау

Күні:

Сынып: 2-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түбір мен қосымша

Менің інім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

•Оқушылардың тілдік, қатысымдық дағдыларын қалыптастыру тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым оқу мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар


Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., «Т» кестесі, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

«Әдебиеттік оқу», «Дүниетану» және «Жаратылыстану» пәндерімен сабақтастық байланыста қарастырылған. Бөлім материалдарын оқыту барысында оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазуға ден қойылған.

Сабақтың барысы


Сабақтың

Жоспарлан ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

  • Топқа бөлу.Сандықшадан топ аттарын алу

  • 1.Күн

  • 2.Ай

  • 3 Жұлдыз

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек, 1 рет қол шапалақтаймыз. Ұйымшыл боламыз десек, 2 рет қол шапалақтаймыз.

Белсенділік танытамыз десек, 3 рет қол шапалақтаймыз.

Топ ережесі

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау


Алдыңғы білімді еске түсіру


«Ашық микрофон» әдісі

Бір-біріне сұрақтар қою.






ҚБ: Жұлдызшалармен бағалау


Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.




















Ақ

парақ түрлі -түсті қарындаштар








Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,

Жұлдызша беру,

толық тыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

«Ойлан, жұптас,бөліс» әдісі

43-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы.

Менің інім компьютерге әуестеніп алды. Достарымен футбол ойнауды қойды. Мен інім үшін қатты алаңдадым. Өйткені компьютерде үнемі ойнау зиянды. Інімді далада ойнатудың бір амалын таптым. Екеуміз далаға шығып спортпен айналысамыз. Енді ол компьютерге емес, даладағы ойындарға қызыға бастады. Қазір біз ауладағы балаларды жинап, футбол командасын құрдық. Інім сол команданың капитаны болып сайланды.

«Балдырған» журналынан.

• Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.

• Мәтінге ат қой.


«Т» әдісі «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбында топта талқылау.

«Т» әдісі компютер

Пайдасы

Зияны






Дескриптор:

• Мəтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін ажыратады. Жаңа білімді
меңгереді. Сауатты, көркем жазады.
• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
• «Т» әдісі бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: жұлдызшалармен бағалау.

44-жаттығу

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Жұптық жұмыс арқылы зат атауларына қосымша қосып,екінші бағандағы сөздермен байланыстырып жаз.

Ат-қа мін су-ға шомыл

Парашют-тен секір доп-пен ойна


Дескриптор:

• Зат атауын біледі, қосымшасын табады.
•Екінші бағанмен байланыстырып жаза алады.


ҚБ: Жұлдызшалармен бағалау


45-жаттығу

Ойлан,тап.

Жүгіру жарысынан Әсет, Марат, Талғат үш орынды

алды.Марат екінші орын алмаса,ал Талғат үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?

Жауабы: Әсет –ІІІ, Марат-І, Талғат-ІІ


Дескриптор:

• Шапшаң ойлай алады.


ҚБ: Жұлдызшалармен бағалау


Жеке жұмыс

Кесте толтыру арқылы білімдерін шыңдау.

Сөздің түбірі

түбір

Жұрнақ

жалғау

мұнайшылар




кітапханашы




балықшылар





Дескриптор:

• Түбірді таба алады.
• Қосымшаларды ажыратады.


ҚБ: Жұлдызшалармен бағалау



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


оқулық











кесте




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Дәптер, қалам



























кесте

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау, өмірмен байланыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Дескрипторлар арқылы жұлдызшалармен бағалау.

Мадақтау

От шашу

Қауіпсіздік техникасы

ережелерін пысықтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1696
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі