400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегім тиер деген ойдамын. Жаңартылған білім мазмұнына сай тиімді әдіс-тәсілдер пайдаланылды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Күні

26.01.2018ж

Тақырыбы

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Түбір мен қосымша жайлы алған білімдерін жинақтау, пысықтау.

Дамытушылық: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. Шығармашылық жұмыс түрлері арқылы белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік:
Ұлттық салт – дәстүрлеріді қадірлей білуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері

сұрақ – жауап, ойын, ой қозғау.

Көрнекілігі

Орамал,слайд,смайликтер,кәмпит қағаздары

Сабақтың түрі

дәстүрден тыс, ұлттық ойын сабағы.

Негізгі бөлім

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Біз қандаймыз,қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

ІІ. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме.

Мұғалім:

— Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті өтіп жүрген сабақтан өзгеше , ұлттық ойын сабағы.

—         Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер ?

—         Алтыбақан, хан талапай, қыз қуу, аударыспақ,көкпар,теңге алу,орамал тастамақ, ақ сүйек,асық алу,соқыр теке,тоғызқұмалақ,бес тас т.б.

Ендеше мен сабағымызды қазақтың салт – дәстүрлерінің бірі шашудан бастағым келіп тұр.

  «Шашу». Шашуды ережені еске түсіру мақсатында шашамын.

Қазақ халқы кішігірім қуаныштың өзіне қуанып, шашу шашып, ақ тілегін көрсеткен.

—         Мына кәмпиттер жай кәмпиттер емес, сиқырлы кәмпиттер. Олардың әрқайсысында сұрақтар жазылған. Мен шашу шашамын,шашу алған балалар сол сұрақтарға жауап бересіздер.

- Сөз дегеніміз не ?

— Түбір сөз дегеніміз не?

— Туынды сөз дегеніміз не?

— Қосымшалар нешеге бөлінеді ?

— Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар қандай болады ?

— Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар қандай болады ?

— Қандай қосымшалар жалғанғанда кейбір түбір сөздердің түбірі өзгереді ?

Иә, дұрыс айтасыңдар балалар,біз осы апта бойына түбір мен қосымшаның жазылу тақырыбына жаттығу жұмыстарын жүргізіп келе жатырмыз. Міне, бүгін де осы тақырыптың аясында жаттығу жұмыстарын жүргіземіз. Олай болса дәптерді ашып бүгінгі күннің жадын жазамыз.

Көркем жазу: Халқын сүйген – салтын сүйер.

ІІІ Оқулықпен жұмыс.

Ендеше балалар,жаттығу жұмысына көшеміз. Оқулыққа назар аударайық,жаңа сіздерге сабақты ұлттық ойын түрінде өткіземіз деген болатынмын. 69 – жаттығуды орындау үшін мен сіздермен ойын ойнаймын.

Бір ойым бар ойын бастамақ,

Аты оның орамал тастамақ.

Бұл ойынның шарты қазір мен мына орамалды бір оқушының алдына тастаймын. Сол оқушы тапсырманы тақтаға шығып орындайды. Қане, олай болса кеттік.

Келесі жаттығуды орындау үшін «Теңге алу» ойынын ойнаймыз.

Бұл ойынның шарты қос тартпалы мықты ерттелген атқа мініп 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам ғана иеленіп кетеді. Біздер бұл ойынның ережесін өзгертіп,берілген жұмбақты шешеміз алдымен.

70-ж. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Мойны ұзын көзі үлкен,

Бұл не? (Түйе)

Қарамен жазылған сөзді теңге деп іліп алып,осы сөздің түбірін табамыз. Мойны - мойын

Осы жерде ережені тағы бір рет еске түсіріп жіберейік. Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді. Мыс: әріп-әрпі, халық-халқы, ерік-еркі,құлып-құлпы т.с.с.

Ал енді келесі жаттығуға көшеміз. Мақалды жаттаймыз және жатқа жазамыз.

72-ж. Мақалды оқып,жатқа жаз.

Ел көркі – мал,

Өзен көркі – тал.

Сергіту сәті

Сіздерге ой сергіту мақсатында «Кім жылдам?» ойынын әкелдім. Қазір ұлттық ойындардың суретін көрсетемін,кім атауын тез атай алады екен.

Ой толғаныс

Ал енді келесі жаттығуларды орындау үшін «Ойлан,тап!» ойынын ойнаймыз.

73-ж. Тізбектің басында тұратын сөзді тауып,көп нүктенің орнына жаз.

74-ж. Жұмбақтардың шешуін тап. Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап.

Үйге тапсырма

Ережелерді қайталап келу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау

Күнделікке қою

Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,смайликке жабыстырады.

Тақтаға жабыстырады


Тексерілді:

























Рефлексиялық есеп

26.01.2018 ж жас мамандар семинарында 3 «Б» сыныбына қазақ тілі пәнінен

«Түбір мен қосымшаның жазылуы» тақырыбында ашық сабағын өткіздім.

Мақсаты:

Білімділік: Түбір мен қосымша жайлы алған білімдерін жинақтау, пысықтау. 

Дамытушылық: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. Шығармашылық жұмыс түрлері арқылы белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік:
Ұлттық салт – дәстүрлеріді қадірлей білуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақты ұлттық ойын сабағы түрінде өткіздім. Жоспар бойынша психологиялық дайындықтан бастап, өткен материал бойынша оқушылардың білімдерін қазақтың «Шашу» ұлттық дәстүрі негізінде пысықтап алдым. Жаңа сабақты жүргізу барысында оқулықтағы жаттығуларды «Орамал тастамақ», «Теңге ілу», «Оқы,жатта,жаз», «Ойлан,тап!» ойындары арқылы орындаттым.

Сергіту сәтіне оқушылардың ойын сергіту мақсатында және шапшаңдғын арттыруға «Кім жылдам?» ойынын ұйымдастырдым.

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

Ережені еске түсіру мақсатында «Шашу» дәстүрі, яғни таратылған кәмпит балалардың қызығушылығын оятты.

Шапшаңдық пен танымдық қабілеттерін арттыруға арналған сергіту сәтінде балалардан күтпеген қызықты жауаптар алдым.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

Оқулықтағы жаттығуды тақтаға көшіртіп жазуда балаларға бұдан да қызықты әдіс-тәсілдер алу, әр сабақты түрлендіріп өткізу керек екен.



























«Боранқұл орта мектебі» КММ
















Түбір мен қосымшаның жазылуы


(Ашық сабақ)



















Сыныбы: 3 «Б»

Өткізген: А.Мырзаханова








2018 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі