400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Түбір сөз және туынды сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне ҚМЖ құруға керек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп меңгерушісі_______________

Пән:Қазақ тілі Бөлім:Уақыт

Сабақ тақырыбы

38-сабақ.Түбір сөз және туынды сөз

Күні: 13.11

Мектеп: Көкарық бастауыш мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:Нурпеисова Жазира

Сынып: 3

Қатысқандар:9

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

  • мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

  • түбір сөзге тиісті жұрнақтарды жалғау арқылы туынды сөз жасайды;

Оқушылардың көбі:

  • мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

  • туынды сөздердің құрамына ажыратады;

  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

Оқушылардың кейбірі:

  • мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтайды;

  • туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атайды;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

Бағалау критерийлері

  • негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды,

  • түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады;

  • өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазады;

  • жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзетеді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік сөздер

Түбір сөз және туынды сөз, өмірбаян.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Берілген жұрнақтарды қандай сөздерге қосып жаңа сөз жасауға болады?

  • Жаңа сөздердің мағынасын түсіндір.

Құндылықтарды дарыту

Уақытты ұтымды, пайдалы іске қолдана білуге баулу;

Оқушыларды уақыттың қадірін  білуге, оны қастерлей білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек,Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай алады, түбірлес сөздердің мағынасын ажырата біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Он сұрақ» әдісі

Мұғалім кез-келген бір оқушыны ортаға шақырады. Оның маңдайына тақырып (түбір сөз, туынды сөз т б) жазылған стикерді жабыстырады. Оқушы сыныпқа он сұрақ қояды. Оқушылар сұраққа қысқаша «ия», «жоқ» деп жауап қайтарады.

Мысалы:

  • Қосымша екіге бөлінеді ме? (ия)

  • Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі жұрнақ па? (жоқ)

  • Түбірге жұрнақ жалғағанда туынды сөз шыға ма? (ия)

  • Жалғау сөздің мағынасын өзгерте ме? (жоқ)

  • Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі түбір ма? (ия)

  • Сөз дыбыстан құрала ма?(ия)

  • Сөзге бірінші жалғау жалғана ма? (жоқ)

  • Сөйлемдегі сөздер бөлек жазыла ма? (ия)

  • Жұрнақ сөздің мағынасын өзгерте ме? (ия)

  • Түбір сөз бен қосымша бөлек жазыла ма? (жоқ) т б

Мұғалімнің ауызша бағалауы.Жарайсың! Жақсы! Талпын! т.б.

Топқа бөлу. «Пазл» әдісі арқылы сыныпты 2 топқа бөлемін

I топ «Түбір сөз»

II топ «Туынды сөз»

Топтары туралы айтып өтеді.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.


Стикерге жазылған сөздер.














Пазлдар

Сабақтың ортасы

3 минут


6 минут























5 минут














4 минут





2 минут



7 минут




















4 минут

ІІ. Негізгі бөлім

Көркем жазу.

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Оо Отан озық оқушы отбасы

1) 18-жаттығу. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді түсініп оқы «Ұтымды жауап»

  • Мәтін кім туралы?

  • Ә. Қастеев туралы не білесің?

  • Ә. Қастеевтің Н. Г. Хлудовқа берген жауабын топта талқыла. Ол неліктен солай жауап берді?

  • Мәтін кімнің атынан баяндалып тұр?

  • Мәтіннен туынды сөздерді тап.

Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Берілген сұрақтарға жауап алу арқылы мәтіннің негізгі ойы анықтатылады. Атақты суретші туралы не білетіндерін әңгімелеп, ой бөліседі. Сонымен қатар Ә. Қастеевтің Н.Г. Хлудовқа берген жауабын топта талқылайды. Мәтіннің кімнің атынан баяндалып тұрғанын анықтайды. Мәтіннен туынды сөздерді тауып, дәптерге қатесіз көшіріп жазады.

Бағалау дескрипторы:

  • мәтінді түсініп оқиды;

  • мәтіндегі сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

  • мәтіннен туынды сөздерді табады;

«Шапалақ» әдісімен бағалау

2) 19-жаттығу. Мақалдың қатесін түзеп жаз.

  • Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талда.

  • Мақалдың мағынасын қалай түсінгенінді айт

Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Болған соң ортаға шығып ой бөліседі. Соңында дәптерге көшіріп жазады.

Бағалау дескрипторы:

  • мәтіннен туынды сөздерді табады, сөз құрамына талдайды;

  • қателерді түзеп жазады;

«Бағдаршам» әдісімен бағалайды


3) ) 20-жаттығу.Берілген жұрнақтардан жаңа сөз жаса.

  • Берілген жұрнақтарды қандай сөздерге қосып жаңа сөз жасауға болады? (саралау)

  • Жасаған жаңа сөздерінің мағынасын түсіндір.

«Фигуралармен» бағалайды


Ой сергек!

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.


4) «Балық аулау» ойыны арқылы постер қорғау

Түбір сөз бен туынды сөзді тап!


1-топ

Түбір сөздерді тап

сүт, қазан, жастық,бала, егінші, есеп, өнер, сегіз, ойыншық, аспаз,сыз,кітап,

2-топ

Туынды сөздерді тап

сызғыш, жазушы,жас, балапан, сөз, торсық,ас, дүкенші, ерлік, дәптер, сүзгіш, тапқыр

Бағалау дескрипторы:

- жұрнақтардан жаңа сөз жасайды;

- түбір сөздерді табады;

- туынды сөздерді ажырата алады;

- сөздерді қатесіз жазады.

«Басбармақ» әдісімен бағалау

5) Шығармашылық жұмыс

(Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы)

Оқу мақсаты 3.4.2.1 Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Бағалау критерийі Білім алушы

• Негізгі түбірден туынды сөздер жасайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Берілген сөздерден үлгіде көрсетілгендей бірнеше туынды сөз құрап жаз.Үлгі:

сын

С у лы

ат



А с Өнер Оқу Бала


Дескриптор:

- берілген түбір сөздерден туынды сөздер жасайды;

- түбір сөзге тиісті жұрнақ жалғайды.

«Смайликтермен» бағалау

№2 Дәптермен жұмыс

4-слайд



5-слайд






















№2 ж.д.

6-слайд











А4 қағазы

7-слайд





Интерактив

ті тақта


А3 форматқа

8-слайд















\



А4 парағына жазылған тапсырма


9-слайд



Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия:Сабақты қорытындылау.


Оқушылардан кері байланыс алынады.

Үй тапсырмасы: 16-жаттығу

10-слайд

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
898
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі