400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Түбірлес сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқа мұғалімдермен тәжірибе айналысу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Пән: Қазақ тілі

3-бөлім: «Уақыт»

Күні:15.11.2019ж

Сынып: 3 «Ә»

Мектеп:№51 гимназия

Мұғалімнің аты-жөні: Алтынсариева Э.Б.

Қатысқандар саны: 29

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Түбірлес сөздер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырата алады

Оқушылардың көбі жасай алады:

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қоя алады,мәтіндерді салыстыра алады

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

  • Оқушылар тақырыпқа байланысты мəтіндерді оқиды,кесте бойынша әңгімелейді

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек,қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., , кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Бұл бөлім материалдарын оқытуда алдыңғы сыныптарда жəне бөлімдерде алған білім, білік, дағдылары басшылыққа алынады

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Оқушыларға берілген қима қағаздардан ереже құрастыру

Түбір – сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі ͡

Жұрнақ – сөз мағынасын өзгертетін қосымша ˄

Жалғау – сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша

Туынды сөз-түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз

Түбірлес сөз- Бір түбірден тараған сөздер

І – топ: « Түбір»; ІІ – топ: «Жұрнақ», ІІІ – топ: «Жалғау»,IV-«Туынды сөз» V-топ «Түбірлес сөздер»






Оқушыларды топтарға бөлу


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың ортасы

Балалар тақтаға назар аударайықшы.

-Бұл суретте не көріп тұрсыңдар?

-Дәрі деген не?

-Дәріні кім бізге ішуге нұсқау береді?

-Ал біз дәріні қайдан аламыз?

-Балалар осы сөздерден қандай ұқсастық байқап отырсыңдар?

-Яғни бұл сөздердің түбірі бір болып тұр.Мұндай түбірі бір сөздерді бір сөзбен түбірлес сөздер деп атайды екен.


Дескриптор:

1.Сұрақтарға жауап береді

2.Сабақ тақырыбын және мақсатын анықтай алады

«Галерияғс саяхат» әдісі арқылы оқулықпен жұмыс:

22 – жаттығу:

Әбілхан Қастеев, 1904 жылы Алматы облысының Жаркент өңіріндегі Шежін ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1928 жылы Түркісібте қара жұмыстан бастады.

Николай Хлудовтың студиясында 1929 – 1932 жылдары оқыды.

1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі атағын алды. 1945 – 1956 жылдары Қазақстан Суретшілер одағын басқарды. Өнерден бөлек оқытушылық және қоғамдық жұмыстармен де айналысты.

Топтарға тапсырма

І – топ: « Түбір» Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қой және жауап бер

ІІ – топ: «Жұрнақ» Осы мәтіндіт «Ұтымды жауап» мәтінімен салыстыр

ІІІ – топ: «Жалғау» Жұбыңнан сұрап,оның өмірбаянын айтып бер

IV-«Туынды сөз» Кесте бойыша әңгімеле


1904 жылы

1928

жылы

1929 – 1932 жылдары

1944 жылы

1945 – 1956 жылдары

Дүниеге келді

Жұмыс бастады

оқыды

Суретші атағын алды

Суретшілер одағын басқарды

V-топ «Түбірлес сөздер» Сурет-суретші, мал-малшы сөздерін салыстыр.

Бағалау. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау


Олай болса барлығымыз дәптерімізді ашып,бүгінгі күннің жадын жазамыз.

Көркем жазу

Гг Гг Гг Гг

23-жаттығу.Жас атауларын өсу ретіне қарай жаз,түбірлес сөздерді тап.

Нәресте,сәби,бөбек,бүлдіршін,балақай,бала

Дескриптор:

  1. Оқушылар жас атауларын өсу ретіне қарай жүйелеп жазады

  2. Түбірлес сөздерді табады

  3. Қатесіз жазады

  4. Әдемі жазады

Бағалау. Жұп бойынша балл қою арқылы бағалау

Сергіту сәті. «Шеңбердегі доп» әдісі арқыды қолына доп тиген оқушы сұраққа жауап береді.

Әр топқа тапсырма беріледі.

І – топ: Кітап

ІІ – топ: Бала

ІІІ – топ: Жұмыс

IV- топ: Бас

V-топ: Ойын

Дескриптор:

1.Сөздерден түбірлес сөздер құрастыра алады

2.Сөздерді талдайды

Бағалау. «Стикер» арқылы бағалаймын




Белсенді оқу тапсырмалары.





Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

25 – жаттығу: Түбірлес сөздерді тап,артығын алып таста.

Оқу

Оқушы

Оқулық

оқуға

Дескриптор:

  1. Түбірлес сөздерді табады.

  2. Артығын алып тастайды


Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы»әдісі.Оқушылар сабақта алған әсерлерін алдарындағы стикерлерге жазып,тақтадағы жетістік баспалдағына жабыстырады.



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
479
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі