400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Түбірлес сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: қазақ тілі

Сабақтың   тақырыбы:             Түбірлес сөздер

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік: Сөз құрамымен  таныстыру. Түбір  мен  қосымшаның  бір- бірінен  айырмашылығын  аңғарту.  Қосымшаның түрлері жалғау  және  жұрнақ. Олардың  өзіндік  белгілері.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту,сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыланады.

Тәрбиелік: Ұлттық салт – дәстүрлеріді қадірлей білуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.

Сабақтың   типі: Оқушылардың  жаңа  білімді  меңгеру  сабағы.

Әдіс-тәсілдері: СТО  технологиясының  тәсілдері, түсіндіру,  сұрақ-жауап,

көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс,  ойын.

Көрнекілік:  Сөйлем  , слайд, сызба қағаздар, ережелер, кесте түріндегі таратпа қағаздар, суреттер,  қи ма қағаздар.

Сабақтың   барысы:

 Ұйымдастыру  кезеңі: 

а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу,психологиялық  дайындық.

Бір, екі, үш,

Жинап алдық күш.

Бестік баға аламыз,

Қуанып әнге саламыз.

ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Оқушыларға арнайы 3 топ дайындалып қойылады. 1-ші топ Түбір, 2-ші топ- Жұрнақ, 3-ші топ –жалғау. Бірақ, оқушылар қоржындағы түбір, жұрнақ, жалғау сөздерді өздері ажыратып, өз топтарына барып отырады.

.     «Шашу».

Қазақ халқы кішігірім қуаныштың өзіне қуанып, шашу шашып, ақ тілегін көрсеткен. Ендеше, сендердің нұрлы келешектеріңе қуаныш, сәттілік тілеп, шашу шашайық.

—         Мына кәмпиттер жай кәмпиттер емес, сиқырлы кәмпиттер. Олардың әрқайсысында сұрақтар жазылған. Осы сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, кәмпитіміз шын түріне айналады.

Үй  тапсырмасымен  жұмыс:.

45-жаттығу.Берілген жұрнақтар арқылы тібірлес сөздер жасап жаз.

Біл – гіш

Біл-гір

Оқу-лық, оқу-шы. Бала-лық, лы.

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.

Балалар, біз алдыңғы сабақтарда қандай тақырыппен таныстық? Сол тақырыптарды еске түсірейікші. Сөз және оның құрамы. Сөздің өзі нешеге бөлінеді? Екіге, түбір және қосымша. Қосымшаның өзі екіге бөлінеді.Жұрнақ, жалғау. Туынды сөз,түбір сөз. Ендеше түбір сөз дегенімз не? Туынды сөз дегеніміз не? Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жаслаған сөзді туынды сөз дейміз: ерлік, татулық, жұмысшы. Мысал келтіру. Жазушы, өнер, ек, ертең, жарыс, сарғыш, іскер, ертеңгі, көңілді, егін, жаз, балапан.

Түбір  мен  қосымшаның  шартты  белгілері.

Қосымша– түбірге жалғанып, оның мағынасын өзгертетін сөзді айтамыз. Мысалы, кел-ді, тұр-ды, айт-ты, кет-ті; ауыл-ға, жер-ге, ат-қа, т.б. Қазақ тілінде мағыналық және қолданыс ерекшеліктеріне қарай жұрнақ және жалғау болып бөлінеді.

Түбір – сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі.

өнер        лі              — жаңа  мағына  беріп  тұр

 өнер        ге              — сөзді  байланыстырып  тұр.

Жұрнақтар

Мысалдар


-шы/-ші

Жазу+шы

Етік +ші

-лық/лік,

-дық/-дік

-тық/-тік


Бала +лық

Дос +тық

Қала+лық,

ауыл+дық

-лас/-лес

-дас/-дес

-тас/-тес


Жер +лес

Сынып+тас

Жол +дас

Құрбы +лас

Жаңа  сабақты меңгерту.

Оқушыларды  сабақтың  тақырыбы  мен  мақсатын  таныстыру.

  1. Сөздің түбірі  мен  қосымшасын  таба  алу;

  2. Түбір сөз  және  қосымшалы  сөзді  қатыстырып  сөйлем  құрай  алу;

  3. жұрнақ пен  жалғауды  бір-бірінен  айыра  алу;

  4. Жұрнақ пен  жалғау  жалғанған  сөзді  қатыстырып  сөйлем  құрау.

Дәптермен  жұмыс.  Көркем  жазу  сәті

Жж

Жж

Қаламсапты  дұрыс  ұстау  мен  дұрыс  отыру  ескертіледі.

 Бір түбірден өрбіген сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы: кітап, кітапша, кітапхана, кітапханашы.

 46-жаттығу.Жаңылтпашты көшіріп жаз.

Шежіреші кісі шежіре айтты,

Ішіндегі шежіресін шешіле айтты.(Ескен Елубаев)

  • Түбірлес сөздерді тап, олардың мағынасын түсіндір.

.     «Орамал тастамақ» ойыны.48-жаттығу орындауға әр топқа уақыт беріледі, әр топ дайын болған жағдайда бір топқа ормал тасталады.Сол топ бірінші болып жауап береді.

47-жаттығу.Топпен жұмыс.

Әр топқа 3 таратпа А3 қағаз беріледі, уақты шектеледі.

Shape3 Shape1

көр

Shape2

жаз

бас





Шы, тық, та ушы, ды, да,ғы ші, дім, ді, ме

Үлгі: жаз-жазғы, жазу-жазғыш.

48-жаттығу. Суретке қара. Түбірлес сөздерді оқы.

Оқу, оқушы, оқулық, оқуға.

Қай сөз түбірлес сөздер тобына жатпайды?

.     «Асық алу» ойыны. Шарты: әрбір оқушыға асық нөмері бойынша карточка беру, карточкамен жұмыс жүргізу.

49-жаттығу.Сөздерді оқы. Бәрі түбірлес сөз бола ала ма? Тек түбірлес сөздерді көшіріп жаз. Әр сөздің түбірін тиісті белгімен белгіле.

Бала, балақай, балақан, баламен, балалық.

Сый, сыйлау, сыйлық, сыйлы.

Ек, егін, егіндік, егінші, егінді.

«Сақина салмақ» ойыны. 

50-жаттығу. Суретке қара.

  • Сұрақтарды оқып, жауаптарын жаз.

  • Суретте суретші ненеі бейнеленген?

  • Дәріханда кім жұмыс істейді?

  • Дәрігердің қолындағы не?

  • Түбірлес сөздердің астын сыз.


Қарамен  берілген  сөздерді  сөз  құрамына  талда.

Машина,  жолға,  сен,  інім,  кім,  домнада,  металл,  құрышшы,  машинаны,  зауытта,  іскер,  жұмысшы.

 «Қыз қуу» ойыны. Шарты: Тақтаға бір ұл мен бір қыз оқушы шығады. Тапсырманы бірінші орындаған оқушы жеңіске жетеді. Ұл жеңілсе, қызға қамшымен арқасынан ұрғызады. Қыз жеңілсе, өз өнерін көрсетеді.

Тапсырма: Сөздерді сөз құрамына талдау: сызғыш, үйректер, оқыды.

Бекіту: Құлақшын,  құлақшындар,  әнші,  әншінің,  биші,  бишіге,  жұмысшыны,  жұмысшылар,  жұмыстан,  дәптерлер,  теміршілер,  қалаларға,  мектепке,  білімді,  орындаушылар.

Бір түбірден өрбіген сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы: кітап, кітапша, кітапхана, кітапханашы. Түбір  мен  қосымшаның  шартты  белгілері.

Қосымша– түбірге жалғанып, оның мағынасын өзгертетін сөзді айтамыз. Мысалы, кел-ді, тұр-ды, айт-ты, кет-ті; ауыл-ға, жер-ге, ат-қа, т.б. Қазақ тілінде мағыналық және қолданыс ерекшеліктеріне қарай жұрнақ және жалғау болып бөлінеді.

Түбір – сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі.

өнер        лі              — жаңа  мағына  беріп  тұр

 өнер        ге              — сөзді  байланыстырып  тұр.

Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып жазу.

Еңбек…… нан…. тәтті, жалқау….. жан….. тәтті. Ер…. ат….. еңбек шығарады. Жер…. бай…. – ел….. бай. Шеге таға…. сақтайды, таға тұлпар….. сақтайды.

Қорытынды:

Ойын: «Әр көбелекті өз гүліне қондыр» Түбір сөздерге жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жасап, әр көбелекті өз гүліне қондыру. Семантикалық карта.

Сөздер

Түбір

Жұрнақ

Жалғау

Ағаш




Құлақшын




ауылдан




балалар




кезекші




халық





Үйге  тапсырма: 

51-жаттығу. Жұмбақты шеш.

Үлпілдегене аппағым.

Өзім күтіп, баптадым.

Күзде сыймай қапшыққ,

Айла, амал таппадым.

Төмендегі сөздердің ішінен жұмбаққа жауап болатын сөзді тап. Оны түбірлес сөздерімен бірге көшіріп жаз.

Қар, мақтадай, қарлы, мақташы, мақат, мақталық, қардай.

Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап өту, мадақтау әдісін қолдану.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қазан
7389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі