Сынып: 3 «в» сынып
Мерзімі: 14\11\18
Мұғалім: Оңласынқызы
Мөлдір
Пән: Қазақ
тілі
Сабақтың тақырыбы:
Түбірлес сөздер
.
Білімділік: Оқушылардың түбір мен қосымша туралы алған
білімдерін тереңдете отырып, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын
қызметі, түбірлес сөздердің жасалу жолдары туралы білім
беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін, тіл
байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында өз беттерінше
ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке,
адамгершілікке, көркем, сауатты жазуға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Сабақтың
типі: пысықтау
Сабақтың әдіс – тәсілі:
Сұрақ –
жауап, әңгімелеу, талдау, ажырату, дәлелдеу,
ізденушілік.
Сабақтың
көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, дәріхананың, оқушы
баланың суреттері, түрлі-түсті қағазға жазылған түбірлес
сөздер.
Пән аралық
байланысы: әдебиеттік оқу.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (2
мин).
-
Оқушылардың оқу-құралдарын
дайындату.
-
Қане балалар орнымыздан тұрып, психолоиялық
дайындық кезеңін өткіземіз.
-
Назарларын сабаққа
аудару.
Психологиялық
дайындық:
Сендерге табыс
тілеймін,
Жақсы оқып
сабақты.
Әдеп сақтау
сәніміз,
Сәлем бердік
сіздерге,
Басымызды иіп
бәріміз.
Жарайсыңдар, балалар олай болса сабағымызды
бастаймыз. Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан ерекше,
себебі қонақтар келіп отыр. Ол кісілер сендердің тәртіптеріңді,
білімдеріңді көргелі келіпті.Сыныпты топқа
бөлемін. І топ: «Түбір»
).
Қызығушылықты
ояту.
-Ерте – ерте, ертеде, біз білмейтін сиқырлы
көп өлкеде бір қария өмір сүріпті. Оның үйінде алтын ағаш өсіпті.
Қария сол ағашта өскен алманы базарға апарып сатып күнін көреді
екен. Бір күні көршісі оны қызғанып, түнде келіп, ағашты кесіп алып
кетеді де, оны өз үйне отырғызады.
Түбірі кесілген ағаш өспей, өліп
қалыпты.
-«Ия», балалар, себебі ағаштың түбірі
қарияның бағында қалып қояды. Қария ертесі есіктің алдында тұрған
ағаштың жоқ екенін байқайды. Ағаштың түбіріне су құйып күте
бастайды.Сонда ағашқа қосымша бұтақтар өсіп, кейін қайтадан жеміс
береді. (Осы ертегідегі оқиғаны салыстыра отырып, түбір- сөздің
одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін қосымшаның мағынасы
болмайтындығы түсіндіріледі).
Бізде тапсырмаларды орындай отырып, атайдың
ағашының жайқалып өсуіне көмек берейік.
ІҮ.Жаңа
сабақ:
Туынды сөздер дегеніміз не? Түбір
сөзге жұрнақ жалғанған сөзді айтамыз.
Түбірлес сөздер бір түбірден
тарайды.
Мысылы:
Бас
басшы,
бастық, басқар.
Кітап
кітапша, кітапхана, кітапханашы.
Бізде түбірлес сөздерді өткен едік, бүгін
сол сабағымызды қайталап отырмыз.
Оқулықпен
жұмыс: Оқулықтарыңа қараңдаршы 1 – тапсырма 46- жаттығу.
Жаңылтпашты көшіріп жаз.
Шежіреші кісі шежіре айтты,
Ішіндегі шежіресін шешіле
айтты.
(Есен Елубай)
-
Қане түбірлес сөздер бар ма? Бар шежіреші.
Шежіреші – түбірлес болады, себебі шіл-жұрнақ. Ал шежіресін деген
сөз, түбірлес сөзге жатпайды, себебі сін –
жалғау.
-
Жалғау жалғанған түбір сөз – түбірлес сөз
бола алмайды.
-
Міне қараңдаршы.1 – тапсырманы орындау
арқылы түбіртек ағашқа бұталар пайда болды. Түбіртек ағашымызға су
құйып қоямыз.
Балалар ағашымызға қарайықшы жемісін салып
жайнап тұр. Ендеше түбірлес сөздер де бір түбірден тараған
туынды сөз екенін ұмытпайық.
ҮІІ.Бағалау: (2
мин).
Оқушыларды жетон арқылы бағалау,
мадақтау.
.
ҮІІІ.Үйге тапсырма: (2
мин).