Күні: 25 қаңтар,
сәрсенбі
|
Уақыты:
0920-1000
|
Мұғалімі:
Ахатаева Б.С.
|
«Бекітемін»----------------
Оқу ісінің
меңгерушісі: Курпебаева Ш.К.
|
|
Пәні: Қазақ
тілі
|
Сыныбы:
3«А»
|
|
Cабақтың
тақырыбы: Түбірлес сөздер (3
сабағы-қорытындылау сабағы) 3
сынып
|
|
Талантты және дарынды
балалар: Дайана, Анзия, Расул, Інжу,
Әліхан
|
|
Құндылық: Бес құндылық және
құндылықтарға байланысты
қасиеттер.
|
|
Сабақтың дәйексөзі: ЕҢБЕК
ТУРАЛЫ БОЛАДЫ. Оны балалар ойлап
табады.
|
|
Пәнаралық
байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
|
|
Сабақтың түрі:
білімді қорыту және жүйелеу, білімді
интеграциялау
|
|
Сабақтың типі:
интербелсенді аралас сабақ
|
|
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары: «топтастыру»,
«топпен жұмыс», ойын технологиясы
|
|
Негізгі
түсініктер: Сөз, сөз кұрамы, туынды сөз, түбірлес
сөздер
|
Өткен сабақпен
байланысы: Өткен сабақтарда алған білімдерін басшылыққа ала отырып,
оқушыларға өз беттерімен жұмыс жасату арқылы білімдерін
толықтыру.
|
Бағалау:
|
Керекті құрал
жабдықтар:
Теледидар, ойын
құралдары, оқулық пен кесте,
тапсырмалар
|
Өлшемдік ойлау қабілеті:
8-9 жас, 3«А» сыныбы
|
|
Сабақтың мақсаты: Сапалы
оқыту мен оқу барысында жеті модульді тиімді қолданып, алған
білімді интеграциялау және оқушылардың сыни тұрғыдан ойлап, алған
ақпаратты ой елегінен өткізе білу, еркін сөйлеу, Неге? Қалай? Не
үшін? сұрақтарына жауап беру мүмкіндіктерін ашу, кері байланыс
жасау арқылы кедергілерді жою.
Білімділік: Сөз және оның
құрамы , түбір сөз, туынды сөз, түбірлес сөздер тақырыптары бойынша
алған білімдерін кеңейту, бекіту, оқушылардың сауатты жазу
дағдыларын жетілдіру;
Дамытушылық: Оқушылардыің
сөз және оның құрамы ,
түбір сөз, туынды сөз, түбірлес сөздер жайлы жүйелі
ой-пікірлерін дамыту;
Тәрбиелік:
жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау
арқылы интеллектуалдық
қиындықтарды жеңе білу және өзін-өзі бағалай білуге
тәрбиелеу.
|
|
Бағалау түрі: Оқушылар
жетістігін сыни тұрғыдан бағалау, формативті және жиынтық
бағалау («жасыл»-өте
жақсы, «сары»-
жақсы, «қызыл»-қанағаттанарлық)
|
|
Уақыты
|
Жұмыстың түрі
|
Мұғалімнің
ролі
|
Оқушының ролі
|
|
Басталуы:
5 мин
09:20 –
09:25
|
Нұрға бөлену. Сыртқы
интеграция
Cыныпта ынтымақтастық ахуал
қалыптастыру.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
Кәнеки, күндей күлімдеп, аппақ қардай таза көңілмен сабағымызды
бастайық. Балалар денелеріңді бос ұстап, 5 құндылықты, 5 Т-ны
басшылыққа ала отырып, «Үш көмекшімізді» еске түсіріп
алайық:
-
Нұрға бөленген басымыз өте жақсы ойлар
ойлайды.
-
Нұрға бөленген қолымыз көркем етіп
жазады.
-
Нұрға бөленген жүрегіміз дұрыс әрекет жасауға
жетелейді.
-Балалар, біз қандай тақырып
өтіп жатырмыз?
-
-Бүгін түбірлес сөздерді
қорытындылау, бекіту үшін мақсат
қойыңдаршы?
- Сөз құрамы тақырыбын жақсы
меңгеру;
- Түбірлес сөздердің жасалу
жолдарын түсіну;
- Сөздік қорларымызды
молайтамыз.
-Дұрыс айтасыңдар ,балалар.
Сабақтың тақырыбында, мақсатында өздерің тауып айтыңдар.
Жарайсыңдар!
- Сендерге Астана қаласынан
хат келіпті. Сол хаттың ішінде сендерге арналған сыйлық бар екен.
Сол сыйлық арқылы топқа бөлінейік.
І топ: Мәңгілік
ел
ІІ топ: 28 Қысқы
Универсиада
ІІІ топ:
ЭКСПО-17
|
Мұғалім сабақты
бастайды.
Бүгінгі сабақта оқушылар
өздерін фишкалар арқылы формативті бағалап, отыратынын түсіндіріп
айтамын
Балалар, бір
түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздерді түбірлес
сөздер деп атаймыз. Ендеше түбірлес сөздер бір атадан тараған
ұрпақтар сияқты.
|
Оқушылар интербелсенді
тақтадан Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» іліміндегі бас, қол,
жүрек суреттерін көріп отырады.
Әр топ басшысы топ
мүшелерімен ақылдаса отырып, топтарының атын қорғап
шығады.
|
|
Түсіну:
5 мин
09:25 –
09:30
Қолдану,
талдау:
(тапсырма)
15
мин
09:30 –
09:45
|
Сабақтың
барысы.
Тірек білім, білік, дағдыларын
белсендіру.
-Балалар, дәптерімізді ашып,
күннің ретін және сабақтың тақырыбын жазып, көркем жазу минутын
өткізейік.
І топ: (130-беттегі 52
тапсырма) Қағазға жазылған сөздер беріледі. Сол сөздердің ішінен
түбірлес сөздерді теріп жазамыз.
ІІ топ: (130-беттегі
53-тапсырма) Өлеңді оқып, трансляция жасап, түбірлес сөздердің
астын сыз.
ІІІ топ:(131-беттегі
57-тапсырма) Шаңғы сөзіне жалғаулар жалғап, түрлендір.Сызбамен
көрсет. Олар түбірлес сөздер бола алады ма? Өмірмен байланыстыр.
(28 Қысқы Универсиада туралы айта кету)
Сергіту сәті: «Ой сергек»
Музыка ойнап тұрады. «Ой сергек» миымызды тынықтырып,
сергітеді.
- 131-беттегі 56-тапсырманы
жан-жақты талдаймыз
І топ: Артық сөзді
табыңдар.Неге? Дәлелде.
ІІ топ:Түбірлес сөздердің әр
түрлі сөз табынан болатынын дәлелде.
ІІІ топ:Еңбек, тәрбие жайлы
мақал ойла.
Сол мақал бүгінгі
сабағымыздың дәйексөзі болады.
Өткен материалмен
жұмыс.
130-беттегі 54-тапсырманы
жалпы сынып болып, Прожектор моделі бойынша жан-жақты талдап,
орындаймыз. Прожектор моделі деген бір мәтінді шамшырақ сияқты
жарықтандырып, анықтап
талдау.
-
Тапсырма : Мәтінге тақырып
қой.
-
Мәтіннің мазмұнын айт және
жоспарын
құр.
-
Мәтін ішіндегі сөздерді жасалу
жолдарына қарай
зертте.
-
Бірінші сөйлемді грамматикалық
талда.
-
Түбірлес сөздерді тап, оны
басқа түбірлес сөздермен
толықтыр.







|
Мұғалім сабақ барысын
түсіндіреді.
Мұғалім сабақ барысындағы
тапсырмалардың дұрыстығын бақылап отырады.
Сыни тұрғыдан
ойлау
Дарынды балалар тексеруге
көмектеседі.
Түбірлес сөздер
бір атадан туған аталас туысқандар
сияқты.
|
Оқушылар
Өткен тақырыпты қайталауға
қатысып, тапсырманы орындай отырып, топқа
бөлінеді.
Әр топ мүшелері фишкамен
бағалап отырады.
Оқушылар әдемі, көркем етіп
жазады, мұғалім ескерпесі бойынша фишкамен
бағалайды.
Әр тапсырма
орындалып болған соң топтың топ басшысы әр топ мүшесін қадағалап
отырады.
|
|
Ой толғаныс (жинақтау),
бағалау:
10
мин
09:45 –
09:55
|
Үй
тапсырмасы:
131-бет 58-
тапсырма
Бағалау:
жиынтық бағасын
қоямын.
|
Оқушылар жауаптарын
бақылап, әр топ мүшелерінің жинаған фишкаларына байланысты жиынтық
бағалаймын.
|
|
|
Рефлексия:
5 мин
09:55 –
10:00
|
-Оқушылар, бүгінгі
сабаққа барлықтарыңда жақсы қатысып отырдыңдар.. Сабақ
аяқталғандағы көңіл-күйлеріңді Білім кемесінің түстеріне қарай
бағалап, Ақордадағы Есіл өзеніне
орналастырыңыздар.
|
«Білім» кемесі стратегиясы
арқылы кері байланыс жасаймыз.
|
Оқушылар саусақтарын
көрсетеді.
|