жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Тұғыры биік Тәуелсіздік!»
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Н.Байбеков.
«Тұғыры биік Тәуелсіздік!»
Мақсаты:
1. Тәуелсіздік күнін атап өту.Тәуелсіздік тарихына шолу жасау арқылы оқушылардың танымдылық қабілетін жетілдіру.Олардың өз бетімен ізденісін шығармашылығын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтей білуге ,ұлттық патриотизмге, Отан сүйгіштік сезімге тәрбиелеу.
2. "Жас Ұлан" және «Жас қыран» ұйымына қабылдау,оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық - шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Барысы:
Би: Д/Т тәрбиеленушілері. (хабарланбайды)
1- жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, аяулы оқушылар және де қадірменді қонақтар. Бүгінгі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне және де «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар ұйымы қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиынға арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Қазақ елі тәуелсіздігін алғанына биыл 27 жыл толды. Өз алдына егеменді ел болып, тәуелсіз ел атанды, қазақ халқы үшін, әрине, үлкен қуаныш. Өз елін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қараса көз жетпейтін кең, таулары айбатты, халқы мерейлі ғажайып өлке.
1 – Жүргізуші:
Отаным менің кең байтақ Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз ауызына қаратқан
Кім бар, кәне, артық дейтін қазақтан
О, Отаным, құлыныңмын қойныңда
Өзіңменен өмірім, өзіңде болар ойым да
Болашағың күлімдеген ертеңгі
Отан – ана, мына менің мойнымда
2-жүргізуші:
Моя Родина -это предков завет,
Это будущее, принадлежащее нам,
Это грядущего нового века рассвет,
Осветляющий путь городам!
Мой родной Казахстан, ты велик и могуч
Твоя слава незнает границ,
И скользит по тебе процветания луч!
Пред тобою я падаю ниц!
Моя Родина -это красоты природы,
Это счастья любви большой океан,
Это символ богатства, символ свободы,
Это мой независимый Казахстан!
1-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін!
Ту енгізіледі, ән ойналады
1 жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін
Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық әнұраным!
ҚР әнұраны орындалады.
2-жүргізуші:
Салтанатты жиынды ашып беру үшін «Достық» ЖОМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Сұлтановаға сөз береміз.
Ән: «Салем саған тұған жер!» (хабарланбайды)
1- жүргізуші:
Бүгін оқушылар
«Жас Ұлан»
және «Жас
қыран» балалар
ұйымы қатарына қабылданады.
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты –
оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық
қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту
және дамыту, мектепішілік тәртіпті
жүзеге асыру болып
табылады.
2 жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі
мен бостандығы үшін күресуші
Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның
мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады. Жасұлан ұйымының мүшесі -
оқуда, еңбекте және спортта өжет те
қайсар.
1 жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал дос, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
Білімді
–көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!
«Достық» ЖОМ ұланбасы 10 «А» сынып оқушысы _____________________________
Ұланбасы: Сап! Түзел! Тік тұр! «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымына қабылдануға дайындығы туралы рапорт берілсін! (топ басшылар рапорт береді)
2-жүргізуші:
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» және «Жас қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
Анттың мәтіні:Мен ____________________, «Жас Ұлан»
балалар ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны
өз достарымнан талап етуге ант етемін.Біздің жерлестеріміздің
даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз
қызмет етуге салтанатты түрде АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
1 жүргізуші:
«Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгілері табысталсын.
Оқушыларды құттықтау үшін сөз кезегін ДТІЖО Ө.Қонысбаевқа береміз
Ән: «Мереке» 9 «А» сынып оқушысы Кадирова Мадина
2-жүргізуші:
Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан 27 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбайдай айбынды батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын сақтады.
1- жүргізуші:
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай дәрежеге жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 6 «А» сынып қыздары қазақша би
2-жүргізуші:
Қуаныштан қалай кеуде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!
Еркіндік, азаттық біздің халқымыздың ежелгі арманы еді. Атажұрт үшін, азаттық үшін жан беріп, жан алысқан небір сұрапыл шайқастар өтті. Сол шайқаста қаншама арыстың қаны төгілді, жаны қиылды. Тамыры тереңге байланған алып бәйтеректей қазақ халқы талай боздағынан айырылды, талай тозақты көрді, талай теңселді, бірақ құламады. Құламау үшін қаншама қыршынды құрбандыққа шалды. Мінеки, бүгінде біз – Тәуелсіздіктің берік тұғырына мінген егеменді елміз.
1- жүргізуші:
Кең
байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
«Би» күйі орындайтын 9 «Ә» - сынып оқушылары
2- жүргізуші:
«Мен қазақпын, қазақпын деп мақтанам,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын»- деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын- сүргінге ұшырады.
Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан- жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін емес.
1- жүргізуші:
Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орнымыздан тұрып бір минут еске алайық! (1 минут үнсіздік)
2- жүргізуші:
Қалмады жалын жастық басқа амалы,
Шалқайды империя тас қамалы.
Қазақтың тәуелсіздік алған күні.
Ызғарлы желтоқсаннан басталады.
7 «А» сынып оқушысы Исмаилова Аружанның орындалуында «Желтоқсан желі» әні
1- жүргізуші:
Желтоқсанның мұзға жанған алауы,
Қайсар рухты ұл-қыздардың қалауы.
Сағым болып ерліктерге шақырды
Көз ұшында тәуелсіз ел жалауы.
Күн шыққанда түнерген бұлт астынан,
Қанат қақты қияларға жас қыран.
Шықты алаңға бейбіт шеру жасауға
«Туған жерім,Қазақстан!» боп ұран.
Мұз жастантып, ұрды, соқты, сабады,
«Ұлтшылдар» деп түрмелерге қамады.
Ерліктерін батырлардың Қайраттар,
Ербол, Ләззат, Сәбиралар жалғады.
1986 жылғы Алматы толқулары сол кездегі билік иелерінің күш қолдануымен аяусыз басылып тасталса да, халықтың санасына түскен демократия саңылауын мүлдем өшіре алмады, халықтың әділетті қоғам құруға деген құлшынысын тежей алмады.
2 -
жүргізуші:
1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы
тәуелсіздік алып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі
Тәуелсіз, Демократиялық және Құқықтық мемлекет деп, біздің
еліміздің Тәуелсіздігі жарияланды.
Әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Міне, содан бері егемен елміз, өзгелермен тереземіз тең.
Қазақпын, қойнауы – құт, жері – дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам, - демекші ендігі кезекті әнге береміз, орындайтын 11 – сынып оқушысы __________________________________
1-жүргізуші:
Елбасымыз «Ел ертеңі жастардың қолында» дегендей еліміздің тұғыры мықты болуы сендерге байланысты. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді естен шығармайық.
2-жүргізуші:
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол -
Тәуелсіз Қазақстан» деп Елбасымыз айтқандай, кең - байтақ Қазақстан
– туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу - барлығымыздың парызымыз.
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
ҚР Мемлекеттік Туы шығарылсын!
1-жүргізуші:
16 желтоқсан – тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жанында қалған күн
Жасай берсін ұлы күн, үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы –нағыз көркі жерімнің!
Мәңгілік болсын, баянды болсын 27жылдық ғұмырың!
Би: «Тәуелсіздік толғауы» 9 «А» сынып қыздары
2-жүргізуші:
Настал декабрь и первые метели
Свистя, кружат над нашею страной
Он памятный декабрь, в самом деле,
Стал нашей гордостью и нашею судьбой
Мы помним день, когда свершилось это,
На площадь вышла наша молодежь,
Чтобы продолжить дело наших дедов
Отправилась под пули и под нож.
Но час настал и праздником желанным
Стал этот день для Родины моей
И реет над счастливым Казахстаном
Орел свободы, славный царь степей.
Пусть будет так всегда – спокойно, мирно
Мы будем жить в согласии, как живем,
Для всех людей, живущих в этом мире
День Независимости будет ярким днем!
Осымен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты мерекелік шараны аяқтаймыз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік!
1-жүргізуші:
Мерекелік іс – шараны «Жаса тұған жерім» әнімен аяқтаймыз
1,2-жүргізуші: (Бірге)
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар! (Бірге)
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Н.Байбеков.
«Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиын
Мақсаты:
Барысы:
1 жүргізуші: Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, қонақтар! қош келдіңіздер!
2 жүргізуші:
1 жүргізуші: Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде турғанымызға бақыттымыз. Бүгін қонақтар, ұстаздар және оқушылар «Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.
Сап! Тік тұр! Қазақстан Республикасының туы енгізілсін! (БӘД жетекшісі хабарлайды)
Ту енгізіледі! / ән ойнайды “Көк ту желбірісің”/
1 жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін
Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық гимн әнім!
ҚР гимні орындалады
2 жүргізуші:
1 жүргізуші:
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымына
кіре отырып: ҚР патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Отанымызды мақтаныш етуге;
Ата-ананы қадірлеуге;
Білімге ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз
достарымнан талап етуге; Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі
негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге
салтанатты түрде ант етесіңдер ме?
2 жүргізуші:
Топ басшылары бүгінгі бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы мәлімдеме тапсыруға дайындалсын. «Жас Қыран» тобы мәлімдеме берсін! «Жас Ұлан» тобы мәлімдеме берсін!
1 жүргізуші:
“ Жас Ұлан”гимн айтады (Төс белгілері мен галстуктары тағылады)
Біз ұланы қазақ елінің
Туған жерін, сүйген Отанын.
Әке жолын, ана мейірімін,
Бойға жиған қасиетін.
Қайырмасы:
Жас ұлан, қалыспа!
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!
Көп білуге ұмтыламыз
Өнер, білім, ғылымға.
Кеудемізде ар мен намыс
Жетелейді бізді алға.
Қайырмасы:
2 жүргізуші:
«Жас ұландықтар» мен «Жас қырандықтарды» құттықтау сөз кезегін Н.Зулпыхаровқа береміз.
1 жүргізуші:
Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» және «Жас қыран» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
«Жас Ұлан» - шыншыл патриот
«Жас Ұлан» - нағыз топжарған
«Жас Ұлан» - қоғамға қызмет етеді
«Жас Ұлан» - жауапты азамат
«Жас Ұлан» - сенімді дос
«Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан»
Сап! Тік Түр! ҚР туы
шығарылсын./ ән ойныйды/
2 жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
1
жүргізуші:
«Жас Ұлан» балалар ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Н.Байбеков.
«Елбасы елдің тірегі!»
Мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші 1: Елімнің атын айтсам - Қазақстан,
Жерімнің атым айтсам- Қазақстан!
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығым атын айтсам – Қазақстан!
Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.
Жүргізуші
2: Күнге беттеп бара жатыр көш
жүріп,
Елдің даңқы бар жаханға
естіліп.
Елбасыны құрметтейтін
ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік
!
Жүргізуші 1: Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы елдің тірегі!» атты іс - шараға қош келдіңіздер!
Елбасына деген ел құрметін айырықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлі іс – шараға айналуын шынайы сезіммен айтып өтуге болады. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз!
Жүргізуші 2: Елі үшін олжа салып қиырдан
Ықпаған еш ауыртпалық қиыннан
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын.
Жүргізуші 1: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012жылы 1 – желтоқсан Қазақстанда алғаш рет Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін құанышты оқиға болды. 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
Құттықтау сөзін «Достық» ЖОМ
директоры Н.Байбеков ағайға
береміз.
Жүргізуші
2: Бар әлемге шын танылдық міне,
біз.
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең
аталып Қазақстан-Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен
Қазақстан тұр егіз.
3 «А» сынып оқушысы Бөгенбай Мерейдің орындауында «Мерекем» әні.
Жүргізуші
1: Азаттық пен елге қонды
тосқанбақ,
Қазақ елін
мойындауда дос таңдап.
Елбасының
еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі
тұр аспандап
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезбеу мүмкін емес. Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерін де қалың елі қазағына тебірене тұрып - «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып , санатына қосудан үлкен мақсат жоқ десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президеттік те, перзенттік те парызым » деген болатын.
Жүргізуші 2: Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсылтанмен кім мақтанбас бүгінде?! 8 «Ә» сынып оқушысы Тұрмаханова Жадыраның және Садыкова
Умидалар өз шығармасынан өлеңдер және 8 «Б» сынып оқушылары
Маметова Сымбат пен Өмірзақ Ақниеттер өлең жырларын
орындайды.
Жүргізуші 1:Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім, қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Қазақ халқының тұтқасын Нұрсұлтандай ер ұстағаннан кейін Қазақ елінің тарихының жаңа парақтары жазылды. Елбасымыз жаңа тарихымызды асқан сүйспеншілікпен және зор жауапкершілікпен жалғастырды.
Сахнада 7 – сынып оқушысы Юсуф Мақсаттың орындауында «Жаным қазақ » әні.
Жүргізуші
2: Бір басында кемеңгерлік,
даналық
Елін сүйген елі үшін
жаралып
Сол кісідей болса - болсын әр
алып
Адамдықтың аласармас
үлгісі
Бір өзінен жатқанышын
таралып
Бүгін тұңғыш Президенттің
күніне
Әсем әнді шырқата бір
салалық. 6 «А» сынып оқушысы
Несібелінің орындауында «Егемен қазақтың қызымын!»
әні.
Жүргізуші
2: Қазақ елі желбіреп көк
байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен
аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге
бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан
таймағын!
Жүргізуші 1: Ел тынысын тереңінен танып кең
Шарапаты бар адамға дарып тең
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен!
Мерекелік іс – шараны қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, жас маман, «Өнерлі ұстаз- 2018» аудандық байқауының ІІ орын иегері – Мысқалбай Айдананның орындауында «----------------------------------------» әні.
1
жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш
Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп
жарияланады.
2 жүрг. Қазақстан Республикасының Гиміні шырқалсын.
1 жүрг. Ардақты ағайын, 1991жылы 1желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1желтоқсан- мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
2 жүрг. Жоғары
Парламентінің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш
рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті,
бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін
айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлі іс – шараға
айналуға орны бар екенін шынайы сезім мен айтып өтуге тура келеді.
Биыл міне тағада осы мерекені тойлағалы отырмыз.
Алдарыңызда ән «Елім
менің»
1 жүрг.
2
жүрг. Азаттық теңдік әлемі ,
Шаттыққа елді бөледі
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
Алдарыңызда ән «Жаса қазағым» орындайтын Болат
Мирас.
1 жүрг. - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты тұлғаның,халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезбеу мүмкін емес еді.Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерін де қалың елі қазағына тебірене тұрып - «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып , санатына қосудан үлкен мақсат жоқ десе « Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президеттік те, перзенттік те парызым » деген болатын.
2 жүрг.
1 жүрг. 2
жүрг. Хор
«Нұраға»
1
жүрг. Ел тынысын тереңінен танып кең
Шарапаты бар адамға дарып тең
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен
Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған видео
1
жүрг. Бар әлемге шын танылдық міне, біз.
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаханға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік !
2 жүрг. Елі үшін
олжа алып қиырдан
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
1
жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш
Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп
жарияланады.
2 жүрг. Қазақстан Республикасының Гиміні шырқалсын.
1 жүрг. Ардақты ағайын, 1991жылы 1желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1желтоқсан- мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
2 жүрг. Жоғары
Парламентінің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш
рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті,
бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін
айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлі іс – шараға
айналуға орны бар екенін шынайы сезім мен айтып өтуге тура келеді.
Биыл міне тағада осы мерекені тойлағалы отырмыз.
Алдарыңызда ән «Елім
менің»
1
жүрг. Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсылтанмен кім мақтанбас
бүгінде?!
2
жүрг. Азаттық теңдік әлемі ,
Шаттыққа елді бөледі
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
Алдарыңызда ән «Жаса қазағым» орындайтын Болат
Мирас.
1
жүрг. -
2 жүрг. Мемлекет басқару
ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай
мемлекет, халқы ең бақытты халық.
1 жүрг. Бір басында
кемеңгерлік, даналық
Елін сүйген елі үшін жаралып
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқанышын таралып
Бүгін тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық.
2 жүрг. Хор «Нұраға»
1
жүрг. Ел тынысын тереңінен танып кең
Шарапаты бар адамға дарып тең
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен
Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған видео
Жүргізуші:
Жүргізуші: Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012жылы 1 – желтоқсан Қазақстанда алғаш рет Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін құанышты оқиға болды.
Жүргізуші: Елбасына деген ел құрметін айырықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлі іс – шараға айналуын шынайы сезіммен айтып өтуге болады. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.
Слайдшоу
Жүргізуші: Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.
Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың
балалық шағы.
Слайд1. (суреттер)
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында
Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге
келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сұлтанның
тәрбиесінде әжесі Мырзабаланың үлесі зор
болды. Нұрсұлтанның балалық арманы
қандай еді? Видеоролик1 (Балалық шағымның аспаны
үзінді)
Жүргізуші: Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Мына табельдерінен мектептегі оқу үлгерімін қарауға да болады.
Ол кісі күрес үйірмесінде болды. Домбырамен ән айтқанды жақсы көреді. Атқа жақсы шабады.
Жүргізуші: 1960 жылы Украинада техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын бітірген. Cлайд2 (оқушы және студенттік өмірінен)
Жүргізуші: Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960—1969 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды,партком хатшысы болды.
Елбасымыз әр түрлі қызметті жақсы атқарып, соңғы жылдары
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. Осы жылы — Қазақ КСР президенті болды. Слайд3 (жұмыс жолы)
Жүргізуші: Слайд4 (қызметте)
Жүргізуші:
Жүргізуші: Елбасымыздың төл туындыларының бірі- елордамыз, жас қаламыз, бас қаламыз – Астана.Слайд5 (Астана қ.)
Жүргізуші:
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Н.Байбеков.
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!»
Мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін
таныту.
Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды
әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік
келбетін меңгеру.
Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші: Елімнің атын айтсам - Қазақстан,
Жерімнің атым атсам- Қазақстан!
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығым атын айтсам – Қазақстан!
Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.
Жүргізуші:Приветствуем тебя, Наш солнечный,
Наш гордый Казахстан!
Наша любовь, Наша Отчизна,
Наш край родной, Наша земля, Наш дом родной!
Наша страна, где солнце восходит,
Где президент с народом за одно,
Где жизнь страны, народа, президента,
Цветет под солнцем золотым!!!
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!»
атты іс - шараға қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Жүргізуші:
Елі үшін олжа салып қиырдан
Ықпаған еш ауыртпалық қиыннан
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын. Слайдшоу
Жүргізуші: Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.
Құттықтау сөзін «Достық» ЖОМ
директоры Н.Байбеков ағайға
береміз.
Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың
балалық шағы.
Слайд1. (суреттер)
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында
Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге
келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сұлтанның
тәрбиесінде әжесі Мырзабаланың үлесі зор
болды. Нұрсұлтанның балалық арманы
қандай еді? Видеоролик1 (Балалық шағымның аспаны
үзінді)
Жүргізуші: Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Мына табельдерінен мектептегі оқу үлгерімін қарауға да болады.
Ол кісі күрес үйірмесінде болды. Домбырамен ән айтқанды жақсы көреді. Атқа жақсы шабады.
Жүргізуші: 1960 жылы Украинада техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын бітірген. Cлайд2 (оқушы және студенттік өмірінен)
Жүргізуші: Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960—1969 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды,партком хатшысы болды.
Елбасымыз әр түрлі қызметті жақсы атқарып, соңғы жылдары
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. Осы жылы — Қазақ КСР президенті болды. Слайд3 (жұмыс жолы)
Жүргізуші: 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті. Слайд4 (қызметте)
Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын!
Жүргізуші: Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Қазақ халқының тұтқасын Нұрсұлтандай ер ұстағаннан кейін Қазақ елінің тарихының жаңа парақтары жазылды.
Жүргізуші: Елбасымыз жаңа тарихымызды асқан сүйспеншілікпен және зор жауапкершілікпен жалғастырды. Елбасымыздың төл туындыларының бірі- елордамыз, жас қаламыз, бас қаламыз – Астана.Слайд5 (Астана қ.)
Жүргізуші: Ел тынысын тереңінен танып кең
Шарапаты бар адамға дарып тең
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен! Деп бүгінгі іс – шарамызды Елбасымыздың жастарға деген тілегімен аяқтаймыз!
Менің Президентім
Президентім бар Нұр Ағадай,
Қазақты әлемге танытатын.
Еңбек етіп, күшін аямай,
Елді қорғап, дамытатын.
Президентім бар пәк, адалдай,
Жерді ойлап, қамығатын.
Дәл сендей мен таба алмайм,
Халықты ойлап тарығатын.
Президентсің! Сен – Көшбасшы,
Елдің рухын көтерген!
Қазаққа тұңғыш елбесы.
Даңқ, абырой әкелген!
Нұрсұлтан көкке көтерген
Қазақ елін жаңаша
Тәуелсіздік әперген
Қуанар халқы балаша!
Қазақстан бүгін міне
Өсіп жатыр күн санап,
Дамиды енді әр күнде
Әлемге барлық аты тарап.
Мен қазақ қызымын
Нұр Ағаны мақтайтын
Одан өзге таппайтын,
Ол ешкімге тартпайтын,
Сыртын алтын қаптайтын,
Жауызға ешбір жатпайтын,
Елін жауға сатпайтын.
Салт-дәстүрді сақтайтын,
Ел үмітін ақтайтын.
Елдің басы – Нұрсұлтан!
Қазақ жұрты сыйлаған,
Қауіп-қатерге қимаған.
Татулықты жинаған,
Президентім бол аман!
Президент
Сайланғансың біз үшін елбасы боп
Дамыттың оған міне кедергі жоқ
Тұңғыш болып сені қөрдік ел басыдай
Жүре берші дәл осылай мүлдем таймай
Жеңіспенен жеңіліс келер бірде
Жеңісті ғана көрсеттің тек бізге
Қосылдық дамыған елдің қатарына
Олда міне сенің арқаңда барлығыда
Бар күшіңді қолдандың бұған куә
Біз болдық көргендерде бір сірә
Халқың үшін бар күшіңді аямадың
Қазағыңды мақтанышпен аяладың
Бүгінде дамытуға барсың әлі
Жаңа мектеп салдырдың Достық аты
Сол мектепте оқиды Шұбарсу халқы
Күшіңе тәнті болдық жалпы бәрі
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Н.Байбеков.
«Көк түтінге
тұншыққан ұрпақ»
Мақсаты:
Оқушыларды
зиянды әдеттерден сақтандыру, темекінің ағзаға тигізетін әсері және
одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары туралы
білуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға
бағытталған.
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме? Біз өзіміздің ой - думанымызды бастаймыз. Бүгінгі
біздің бағдарламамызға тарих, социология, биология, медицина, химия
саласының мамандары қатысып отырсыздар. Біздің ой - думанымыз
қызықты, проблемалы және әсерлі болуы сіздердің
белсенділіктеріңізге байланысты. Думанның тақырыбын хабарламас
бұрын мына әнге құлақ салсаңыздар
деймін.
(бір оқушы
орындықта темекі шегіп отырған адамды көрсетіп
отырады).
Бұл отырған
шылымқор,
Сорады кеп
шылымды ол,
Қанша айтсаң да
алмайды,
«Тартпа» деген
тіліңді ол.
Қой, десең де
қоймайды,
Көк түтінге
тоймайды,
Сора - сора
уыты, өн бойыңды жайлайды.
Кірпік әсте
қақпайды,
Жөтел қысып,
жатпайды,
Бірақ шылым
сорғанда,
Аузы тыным
таппайды.
Шылымсыз тек
жүрмейді,
Жоқ боп қалса
тілдейді,
Бірақ оның
зиянын, білсе дағы
білмейді.
Жүргізуші: Бұл
тыңдағандарыңыз шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы.
Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық туралы болмақ. Яғни, ой -
думанымыздың тақырыбы: «Көк түтінге тұншыққан ұрпақ». Осы тақырып
туралы ой - пікірімізді ортаға
саламыз.
Темекі шегу
біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді.
Бір кезде ой - өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу тіпті
жараспаған. Ал кісі өліміне апаратын жаман әдет бізге қайдан
келді?
1 - оқушы:
Темекі адамзатқа ерте кезден белгілі болған, оны діни ғұрыптарға
пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегуге қатысты тарихы былайша
басталған. 1492жылы Христофор Колумбтың әйгілі «Пинта» кемесінің
матросы Родриго Гриана «Алда жер көрінеді» деп айғай салады. Олар
бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның
шығыс жағалауы деп ойлайды. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа
басқа сыйлықтармен қатар «петум» деген шөптің кептірілген
жапырақтарын ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды
түтікше тәрізді етіп орап, шегеді
екен.
Еуропалықтарға
темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы
масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері, балалары
да темекі шеккен. Колумбтың матростары достастық белгісі ретінде
«өмір түтігін», яғни темекіні
шеккен.
2 - оқушы: Ал
1496жылы испан монахы Роман Пано Еуропаға мәдени өсімдік ретінде
темекіні алып келді. 1559жылы Португалиядағы француз елшісі Жан
Нико Франция патшайымы Екатерина Медичиге бас ауруы қайталаған
кезде темекінің кепкен жапырағын иіскеуді ұсынып, осы жапырақты
сыйлайды. Нико мұны темекінің барлық ауруға дерлік шипалы қасиетін
айтып кітап жазған испандық ботаник Николай Менардестен естіп
білген еді. Осылайша темекіні иіскеу өзіндік модаға айналды.
Темекінің зияны туралы кейінірек белгілі болды. Осыған байланысты
бұл дәріні тек дәріханаларда ғана сату керек деген ХІІ Людовик
қаулы шығарды бірақ темекіні тарту мен иіскеуді әдетке
айналдырғандар оны қоя алмады. Ресейге темекі ХVІІ ғасырдың басында
келді және оны тартқандар қатаң жазаланды. 1768жылы І Петр темекіге
тыйым салғанды жояды. Содан бері темекі шегу кең тарай бастады.
Темекі шегу біртіндеп Қазақстанға да келді. 2002жылы шілденің 10
күні Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Темекі
шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» Заң
шықты.
Жүргізуші:
Түтік, папирос, сигарет... Бұл заттарды біз үнемі көріп жүрміз,
бірақ осылардың ішіне үңіліп көрдік пе? Сигареттің іші немен
толтырылғанын білу үшін сөз кезегін биологқа
берейік.
3 - оқушы:
Темекі алқа тұқымдастар класына жатады. Бұл тұқымдастың 66 түрі
бар, оның 45 - і Америкада, ал 21 түрі Австралия мен Полинезияда
өседі. Қазақстанда темекінің 3түрі өседі. Ол бір жылдық шөп,
гүлдері түтікше тәріздес, насекомдар арқылы және өздігінен
тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішіне
орналасқан ұсақ тұқымдар. Бір граммында 10000 тұқым болады.
Өсімдікте басқада улы алколоидтар бар. Темекінің жабайы түрі өсетін
жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып, қырылып қалады. Мәдени
және дәрілік өсімдік ретінде тараған темекі қазір 120 елде
өсіріледі. Одан жылына 12, 6 млрд сигарет экспортқа шығарылады, 3
млрд сигарет басқа елден алынады. Темекі көшет арқылы өседі.
Жапырақтары қолмен жиналып, бауланып кептіріледі. Ал Қазақстанда
жылына 9 мың тонна темекі өсіріледі. Аздап кебе бастағанда
жапырақтары сарғайып, өзіне тән иіс шығара бастайды. Темекі
жапырағынан лимон қышқылы, РР витаминін никотин - сульфат жасап,
ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы
қолданады.
Жүргізуші: Адам
үнемі білуге құмартып тұрады. Осыған байланысты, құрметті
көрермендер, араларыңызда өмірінде бір рет те болса темекі тартып
көргендерге сұрақ қойғым келіп тұр. Бірінші рет тартқанда қандай
күйде болдыңыз, осыдан кейін тағы тартқыңыз келді ме, жаман әдетті
сіз неге тастап кетпедіңіз?
Ұлы Гетенің
тамаша шығармасы « Фауста» мынадай бір қызықты оқиға барын бәріміз
біле бермейміз. Жаңа дүниеге Мефистофельмен бірге Фауст та барады.
Онда көптеген қызықты нәрселерді көреді, солардың ішінде бұрын
соңды көріп білмеген өсімдік - темекі де бар еді. Сонда қай кезде
де әр нәрседен хабары бар Мефистофель «Қайдағы бір шоғайна емес,
пайдалы шөп! Бұл ескі дүниені бақытқа кенелтеді, оны бір шеккен
адам дағдылы ермекке айналдырады»
деген.
Темекі шегу
неге әдетке айналады? Бұл сұраққа жауапты дәрігерден
алсақ.
4 - оқушы:
Темекі түтініндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді, екі - үш минуттан
соң ми клеткаларына жетеді де, уақытша белсенділігін арттырады.
Бұдан шылымқор өзін уақытша жақсы сезініп, тынышталғандай болады.
Біраз уақыттан кейін оны жағдайы қайтадан қалпына түсіп тағы жақсы
күйді аңсайды, сөйтіп тағы темекіге қол созады. Осылайша никотин
зат алмасу үдерісіне орналасып, адам темекі тартпаса бір нәрсе
жетпегендей болып тұрады. Бір жыл ішінде ол адам кәнігі шылымқор
болады. Аяқ астынан темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі
түсіп, жүйкесі ауырады, ашушаң күй
кешеді.
Жүргізуші:
Осылайша шылымға әуестену әдетке айналады. Енді адам неліктен
темекі шегеді, сол туралы социолог пікірін
тыңдайық.
5 - оқушы:
Дүние жүзіндегі ер адамдардың 60 пайызы, әйелдердің 20 пайызы
темекі шегушілер. Темекіні үзбей тартқан ер адамдардың 16, 9 пайызы
темекіні 8 - 9 жастан бастап тартқандар. Жас өспірімдердің 27
пайызы жолдастарының әсерімен, 40 пайызы қызықтап, 17 пайызы
үлкендердің қолдауымен темекі шегеді. Жас өспірім шылымқорлардың 85
пайызының әке - шешелері темекі шегетіндер. Темекі шегуші қыздарға
келсек: олардың көбі басқалардың назарын өздеріне аудару үшін,
сәнді көріну үшін, ешкімге тәуелсіз еместігін, өзіне - өзі сенімді
екенін көрсету үшін шегеді екен. Бұрындары темекі шегуші әйелдер
өте аз кездессе, қазір 16 - 17 жастағы қанша жігіт темекі шексе,
сонша қыз темекі шегеді. Қазақ «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деп
айтады. Темекі шегетін балалардың 80 пайызы бұл әдеттен арыла
алмайды. Ал екі сигарет тартқан жас өспірімдердің 70 пайызы тұрақты
шылымқорға айналады екен. Қазақстанда шылым шегу салдарынан бір
күнде 70 адам қайтыс болады. Олардың жас мөлшері 35 - 69
аралығында.
Жүргізуші:
Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге
адамдар темекі шегеді?
6 - оқушы:
Зерттеулер бойынша шылымқорлардың 65 пайызы темекі тартуды
тастағысы келгенімен, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен.
Жастардың 20 пайызы ұзақ темекі шегушіліктің зардабын біле
бермейді. Біз бір көшедегі тұрғындардан кішкене социологиялық
сауалнама жүргізгенімізде: темекі тартатын әйел адам жоқ, 9 ер адам
темекі тартады екен. Ең кішісінің жасы 23 те. Темекінің 25 жыл
тартқан кісі бар. Барлығы темекінің зияны туралы біледі, бірақ «
Темекі шегуді неге тоқтатпайсыз?» деген сұраққа « Шаршағанымды
басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінем» деп
жауап берді.
Мойындарына «
Бронхит», « Қатерлі ісік», « Туберкулез» деген тақтайша ілінген
оқушылар шығады.
1 - оқушы:
(Бронхит)
Біз темекі
тартатындарды жақсы
көреміз.
2 - оқушы: (
Қатерлі ісік)
Біз темекі
тартатындар қатарын көбейткіміз
келеді.
3 - оқушы: (
Туберкулез)
Сендердің
сандарыңның көбейгені біз сияқты ауруларға өте
жақсы.
Күрк - күрк көк
жөтел,
Күркілдеген не
жөтел?
Жасыңнан шексең
темекі,
Түбіңе сенің
сол жетер.
Түтінмен ыстап
өкпені,
Никотин уын
төккені.
Жүректің ұстап
талмасы,
Мишықтың құрғап
кеткені.
Салауатты өмір
сүреміз,
Шекпеңіз енді
темекі!
Темекі шегу
әдеп пе, әлде ауру ма? Осы сұрақ төңірегінде әңгіме
жүргізу.
Жүргізушіі: «
Адам өмірінің биік шыңы - жастық» деп Гете айтыпты, сол жастық
өмірімізді нағыз Эвересттің биік шыңына
жеткізейік.
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Н.Байбеков
8-Наурыз-Халықаралық әйелдер күні «Сыйынар ем Ана деген тәңірге»
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар
Қайырлы күн,қымбатты ұстаз-аналар арулар мен оқушылар.Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Құрметті аналар біздің мектептің ұстаздары,қыздары! 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз.Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын.
Сіздерден өскен бабалар
Батырлар мен даналар
Құтықтаймыз мейраммен
Құрметті абзал аналар-дей келе құтықтау сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұрмағанбетова Сандуғаш Оралқызына беріледі.
Көңілің Алатаудың ақ қарындай
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай деп абзал аналарымызбен қырмызы қыздарымыздың құрметіне
2 «Ә» сынып оқушысы Ибрагим Балаусаның орындауында «Әйел бақыты» әнін қабыл алыңыздар.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетуде-дей отырып келесі кезекті
1 «Ә» сынып оқушысы Нұрбек Аминаның орындауында қуыршақ биі.
Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен
Ән айтпақшы Ардақ қыздарыңыз сіздерге
Өшпес ыстық алаулаған жалынмен дей келе
1 «А» сынып оқушысы Бәкір Ардақтың «Ана» атты өлеңін қабыл алыңыздар.
Бұралып біздің қыздар билегенде
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Құрбылар айтыңдаршы қандай адам
2 «З» сынып оқушысы Леспаева Айгерімнің биін қабыл алыңыздар
Ару –ана өмірдің асылдары
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда
Сендер үшін мере шашулары келесі кезекті
1 «Ә» сынып оқушысы Алимбаева Ақботаның орындауында «Бір жұлдызың болайын» әнін қабыл алыңыздар.
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып
Жасқанбай әр қадамын нық –нық басып
Биімен көрерменді тәнті ет ететін
Арулар келді міне толқып тасып
1- «Ә» сынып Оқушысы Асан Нұрайдың орындауында Аққу биі
Әркімнің д өмірден аласы бар
Аласы бар адамның анасы бар
Мерекесін құтықтап аналардың
Өнерлерін жолдайтын
1 «Б» сынып оқушысы Шералы Қасиеттің орындауында Ән
1 «Л» сынып оқушысы Исмайлова Нұрайдың орындауында Анашым әні
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын
Жүрегіме жүрегімді жалғадым
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым
1 «Ә» сынып оқушысы Көркем Өтегеннің орындауында би
1 «Ә» сынып оқушысы Рахымберді Қуаныштың орындауында тәтті ару
2 «И» сынып оқушыларының биін қабыл алыңыздар
1 «Е» сынып оқушысы Тұрқара Нұртастың әнін қабыл алыңыздар
1 «Б» сынып оқушысы Шералы Қасиеттің орындауында ән
1 «Л» сынып оқушысы би гүлдер айым биі
Исмайлова Нұрайдың орындауында Анажаным әні
1 «Ә» сынып оқушысы Асыл ән биі
2 «Б» сынып оқушысы жүрекше биі
Демеңіз біз өнерді аяп қалды
Мезгілде біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды
Сау саламатта болыңыздар
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Н.Байбеков
Қош келдің - Наурыз!
Тақырыбы: Қош келдің -
Наурыз!
Мақсаты: Наурыз - жыл басы, яғни дін
мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата
бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік
беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін
арттыру.
Барысы:
Ұйымдастыру.
Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар,
оқушылар!
Осы
бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз - яғни Жаңа
жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты
есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз - ақ мейрамы ол - Наурыз.
Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін
мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата
береді.
Армысыздар ағайын!
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
(шашу шашылады- Наурыз - шығыс халықтарының жаңа жыл мейрамы.
Наурыз - дүниенің ғарыштық сипатын, адам мен ғарыштың ортақ тегін
білдіретін мейрам. Олай болса мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұрмағанбетова Сандуғаш Оралқызын
шақыруға рұқсат етіңіздер!
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғатта тамаша,
Тамылжып тұр тамаша.
Тамылжып тұр жараса,
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.- дей келе
2 «Ә»сынып оқушысы Шалмурат Ерланның орындауында ән Қазағым
1 «Б» сынып оқушысы Шералы Қасиеттің орындауында ән Туған жер
2 «Г» сынып оқушыларының орындауында Қазақша би
1 «Е» сынып оқушысы Нышанбай Азияның орындауында Бала тілегі әнін қабыл алыңыздар
2 «Г» сынып оқушыларының ата-аналары көрініс
1 «Д» сынып оқушысы Қадырқұл Айшаның орындауында Мереке әнін қабыл алыңыздар
2 «Л» сынып оқушысы Раманқұл
Нұрдәулеттің орындауында Қазақ
Жаңғырар дәстүр –
салтымның
Көзелсін бұлақ жалғасы
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз - жыл басы.
Ал, халайық тұрмайық
Әндетейік шырқайық
Ортамызды ашайық
Думандатып би билеп
Ән мен күйді төгілдіріп
Інжу – маржан шашайық
Жиналған жұрт таң қалсын
Өнерден күмбез жасайық
«Ата мұраң - асыл қазынаң» -
тапсырмалар мен сұрақ - жауап.
Ұлттық киімдегі екі қыз бала табақшамен сандық және конвертті алып
шығады.
Әр отбасынан балалар ортаға шақырылады. Сандық
ішіндегі нөмірленген асықтарды алу арқылы тапсырмаларын анықтайды.
Тапсырмадағы сұрақтарға, отбасы ақылдасып, бірігіп жауап
береді.
«Байғазы»- балалардың,
жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық,
ақша.
«Көрімдік»- жаңа туған балаға,
жас келінге, құдасына, күйеуге береді.
«Бастаңғы»- үйдің үлкендері
жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың
жолда басы ауырмасын «Бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі -
жастардың сол үйде ойын - сауық жасап, бас
қосуында.
«Жасау»- ұзатылған қызға
берілетін дүние - мүлік. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем,
текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем әшекейлі
заттар берген. Жасауды қыздың еншісі десе де
болады.
«Қырқынан шығару»- әдетте
баланың туғанына қырық күн толған соң, баланы ыдысқа, 41 қасық су
құйып шомылдырады. Бұған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде
беріледі, дастарқан жайылады.
«Ерулік»- ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл - жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың, сыйласудың үлгісі.
Нұр Наурыз шырай беріп тірлігіме,
Айналдың бар қызықтың тірлігіне.
Сен келсең талым көктеп, тұма тұнып,
Тазарып жүре берер бұл дүние.
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.
Ой, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық.
Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – мереке.
Наурыз тойы – жыр – аңыз,
Қызық думан құрамыз.
•
Бес қаруды атаңыз. (мылтық,
садақ, найза, қылыш, айбалта)
•
Жеті жетім:
Тыңдаусыз қалған сөз жетім
Қиюсыз қалған бөз жетім
Иесіз қалған жер жетім
Басшысы жоқ ел жетім
Аққу, қазсыз көл жетім
Елінен айырылған ер жетім
Замандасы қалмаса, бәрінен де сол
жетім
•
Жеті атаны
айт.
•
Үш арсыз(ұйқы арсыз, тамақ
арсыз, күлкі арсыз)
Жеті қазынаны білесің ата.
Ер жігіт
Сұлу әйел
Ақыл, білім
Жүйрік ат
Қыран бүркіт
Берен мылтық
Құмай тазы
•
Үш тәтті
Жан тәтті
Мал тәтті
Жар тәтті
Жаса Наурыз, жаса көктем,
Жаса достық, күн, тіршілік.
Болсын ұмыт, мұңдар өткен
Мейірімділік күлсін шығып!
Наурызда жаңа жыл
басталады,
Естіледі көктемнің асқақ әні.
Ақ көңілмен, ақ сүтпен қарсы алайық,
Мына келген тәй-тәйлап жас баланы.
Наурызда жаңа жыл
басталады.
Жаңа жыл жақсылыққа бастар әні.
Жер ана да бусанып қозғалуда,
Ақ көрпесін сыпырып тастағалы.
Осымен наурыз мейрамына арналған концертіміз аяқталды. Мына Ұлыстың
Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Қош сау
балыңыздар!

