Төлеуова Моншақ
Қайырбайқызы
Ақтөбе
қаласы
№40
ЖОББМ
Тақырыбы: Тұғыры биік
тәуелсіздік
Мақсаты: Отанды сүюге, ата
заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне
деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. «Тәуелсіз», «бейбіт ел»
туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке, саналылыққа,
елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Тәуелсіздік күні», «Желтоқсан құрбандары» слайдтар,
бейнероликтер, суреттер, нақыл
сөздер
Сабақтың барысы:
Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы
Бүгін саған әлем түгел қарайды
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез
арайлы
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың
тақырыбы: Тұғыры биік
тәуелсіздік
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап,
дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі
көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге
айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды.
Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда
Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді
тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Отаным, туған жерім, Атамекенім, туған өлкем, туған
елім. Менің - Қазақстан
Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі
ошағы.
Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан
Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.
- «Тәуелсіз ел» бейнеролигімен жұмыс.
1990 жылы 25-қазанда Егемендік туралы декларацияға қол
қойылды.
1991 жылы 2-қазанда Алаштың ақберені Тоқтар
Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991 жылы 1-желтоқсанда ҚазақстанРеспубликасының
президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сайланды.
1992 жылы 2-наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар
Ұйымына мүше болып қабылданды.
1992 жылы 8-мамырда Республика Ұланы
құрылды.
1992 жылы 4-маусымда Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Рәмізі
қабылданды.
Қаһарлы Желтоқсан күндерінен
бері талай жыл өтті. Қазақстан халықтарының өмірінде, яғни
мемлекетімізде көптеген айтулы өзгерістер
болды.
«Желтоқсан құрбандары»
слайдымен жұмыс.
1.
Желтоқсан оқиғасына не түрткі
болды?
2. Кеңес өкіметі
көтерілісшілерге қарсы қандай жазалау шараларын
қолданды?
3. Желтоқсанда құрбан болған
жастар кімдер?
4. Қазақ жастарының негізсіз
айыпталуы туралы коммунистік партияға
ашық
айтқан тұлғалар болды
ма?
5. Бүгінде желтоқсан оқиғасына
қандай баға бере аламыз?
Тәуелсіздік–халықтың үні,
ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік- халықтың тойы, елдің тойы. Үш
ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны біз үшін
шексіз, қуаныш. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол
жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет
атанды.
1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздік таңы туды.
Бұл күн Қазақстан тарихында ерекше аталып өтетін күн. Мәңгілік есімізде сақталатын күн.
Қорытындылау
-
Тәуелсіздігіміз баянды,
ғұмырлы болуы үшін біздің қазақ жастары қандай болуы
қажет?
-
Өз бойыңда қандай қасиеттер
болуы керек?
Бір ата, бір ананың
түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек
тілегіміз
Бірлік барда тірлік бар» деген
бабам
Бірлік деп бірге соқсын
жүрегіміз!
Халқымыздың бүгінгі уақытқа
дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін
сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз
мол. Жолдарың ашық, жарқын
болсын, Тәуелсіз елдің
азаматтары!